Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
369 Кб
Скачать
☆

1 Сұрақ Орман пайдалану мен қорғаудың объектісі ретінде. Қазақстан Республикасының Орман кодексі

ҚР Орман заңдарының міндеттері ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етіп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсіру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелен, пайдалану, жұмсау жөніндегі қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады (ҚР ОК 1-бабы).

Қазақстан Республикасында ормандар тек қана республика меншігінде болады.

Ормандарды иеленуді, жұмасуды және пайдалануды ҚР Жоғарғы Кеңесі тікелей немесе халық депутаттарының жергілікті Кеңестері арқылы, ҚР Үкіметі, жергілікті жерлердегі атқарушы үкімет органдары және орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар осы Кодекс белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырады.

Орман және орманнан тыс жерлердегі жабайы өсімдіктер әлемінің мәселелері бойынша қатынастар Қазақстанның заңнамасында әдетте түрлі заңнамалармен реттеледі: орман заңнамасымен және орманнан тыс жерлердегі өсімдік әлемінің заңнамасымен реттеледі. Келесі жағдайда көңіл бөлетін болсақ, өсімдіктер әлеміне тек жабайы өсімдіктер жатады, яғни, басқа да табиғатпен экологиялық байланыста болатын өсімдіктер. Бұған сәйкес адамдармен пайдалану үшін өсірілетін мәдени өсімдіктер өсімдіктер әлемінің бір бөлігі болып табылмайды.

2 Сұрақ Орманның және орманнан тыс жерлердегі өсімдік әлемінің құқықтық режимінің ерекшеліктері

Орманның құқықтық түсінігі Қазақстан Республикасының Орман кодексімен анықталған – орман өзімен бірге өте маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы бар орман өсімдіктерінің, жердің, жануарлар әлемінің және басқа да қоршаған табиғи ортаның компонентірінің жиынтығын көрсетеді.

«Орманның» заңи түсінігі барлық өсімдік организмдерінің, жеке түп ағаштар мен шоқ ағаштар, көгалдандыру екпелері мен басқа өсімдіктердің жиынтығымен анықталуы мүмкін. Сонымен бірге ексе салып кеткен жөн, ҚР орман қорынан тыс жерлерде өсетін (яғни орман қорына кірмейтін ормандарда, қорғаныс жерлерінде орналасқан жеке түп ағаш пен шоқ ағаш өсімдіктерінің) осы түрлердің жиынтығы туралы мәселе көтеріліп отыр:

  • ауыл шаруашылық тағайындауы;

  • көлік;

  • елді мекендер;

  • су қоры;

  • басқа да категориялар.

ҚР Орман кодексіне сәйкес аталған орман түрлері мен ағаш және жеке түп ағаш өсімдіктері алардың орман қатынастарымен реттелетін объектілері болып табылады.

Сонымен, Орман заңнамасы орман қорынының жеріндегі немесе одан басқа жерлердегі ормандық және ағаш пен жеке түп ағаштық өсімдіктерді пайдалану және қорғау бойынша қатынастарды реттейді. Орман қоры жерлерінің құрамына жердің екі түрі кіреді – ормандық және ормандық емес. Орманды жерлерге ағаш өскен және ағаш өспеген – ағашы кесілген жерлер, бос жерлер, тұтаспаған орман дақылдары және басқалары. Ормансыз жерлерге ауыл шаруашылығының пайдаланылатын жерлері, жолдар квартарлық орман жолдары, өртке қарсы жарма жерлер және басқалары

Орманның экологиялық және әлеуметтік маңызды міндеттерін ескере отырып орман қорында бірінші және екінші топтағы ормандар болып бөлінеді.

Бірінші топқа төмендегіндей қорғаныш категорияларындағы көбінесе мынадай қызмет атқаратын ормандар жатқызылады:

  1. су қорғайтын ормандар (өзен, көл, бөген және басқа да су тоғандары жағалауларындағы тиым салынған орман белдеулері);

  2. қорғаныш ормандар (эрозияға қарсы қорғаныш ормандары, темір жолдардың, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы қорғаныш орман белдеулері, мемлекеттік қорғаныш орман белдеулері және т.б.);

  3. санитарлық-гигиеналық және сауықтыру ормандары (қала ормандары мен орманды парктер, басқа да елді мекендер мен өнеркәсіп орындарының төңірегіндегі жасыл аймақты ормандар);

  4. ерекше қорғалатын аймақтардағы ормандар (қорықтар мен қорықтық аймақтар, ұлттық және тарихи табиғи парктер, ерекше құнды орман алаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, бұған қоса генетикалық резерваттар мен табиғи ескерткіштер, жанғақ кәсіпшілігі аймағының ормандары мен жеміс-ағаш екпелері, биік таудағы ормандар).

Екінші топқа таулы аудандағы пайдалану маңызы шектеулі ормандар жатқызылады, олардың табиғат қорғау қызметін сақтау үшін орман пайдаланудың шектеулі тәртібі талап етіледі.

Орман мониторингі ормандарды пайдалану, ұлғайта өсіру, сақтау және қорғау саласында тиімді басшылық жасау мақсатында орман қоры жай-күйін байқаулардың жүйесі болып табылады.

Мемлекеттік есепке алудың мақсаты – ормандарды жан-жақты пайдалануды, оларды қайта өндіруді, қорғау мен күзетуді, орман қорының сандық және сапалық өзгерістерін жүйелі бақылауды және орман қоры туралы шын мәліметтермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Орман оранластыру – орман шаруашылығы мен орман пайдалануды ұтымды жүргізуді, ормандарды ұлғайта өсіруді, сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, орман шаруашылығында ғылыми-техникалық саясат жүргізуге бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.