Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
369 Кб
Скачать
☆

3 Сұрақ Халықаралық шарттар табиғатты пайдалану мен қорғау салслсындағы құқықтық нысан

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелерге сәйкес мынадай халықаралық және трансшекаралық рәсiмдерге:экологиялық ақпараттың деректерiн алмасу;

келiсiлген талаптар мен стандарттар негiзiнде қоршаєан ортаның бiрлескен мониторингiн жүргiзу;халықаралық маңызы бар биологиялық түрлер мен табиғи объектiлердi анықтау және сақтау;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық реттеу нысанасы болып табылатын белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асыруға алдын ала негiзделген келiсiм алу;қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал қатер төндiретiн белгiлi бiр қызмет түрлерiне қатысты арнаулы рұқсаттар беру;қоршаған ортаға әсердi бiрлесiп нормалау және оларды қолданудың тиiмдiлiгiн бағалауқоршаған ортаға әсердi трансшекаралық бағалау;

трансшекаралық әсердiң ықтимал қаупi болған кезде төтенше жағдайлар туралы хабарлау;трансшекаралық әсердiң қаупi болатын төтенше жағдайлар кезiнде басқа мемлекеттердiң сұрауы бойынша көмек көрсету, оған қоса тиiстi бiрлесiп назар аудару жоспарларын әзiрлеу;

халықаралық мiндеттемелердiң орындалғаны туралы ұлттық баяндамалар әзiрлеу және ұсыну;

арнайы уәкiлеттi халықаралық ұйымдар жүргiзетiн халықаралық шарттар жөнiндегi мiндеттемелердiң сақталуын бағалау;

басқа мемлекеттердiң немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына залал келтiргенi үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану рәсiмдерiне қатысуын көздейдi. Халықаралық шарттар қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық нысаны ретiнде болады. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасымен реттеледi. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындаєы халықаралық шарттарды iске асыру:

олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi iс-әрекеттер жоспарын әзiрлеу мен бекiтудi;

қоршаған ортаны қорғау саласындаєы халықаралық шарттың орындалуын қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттiк органды айқындауды;

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарға қатысу тиiмдiлiгiне тұрақты талдау жүргiзудi қамтуы мүмкiн.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық реттеу ерекшеліктері

2 Халықаралық шарттар, келісімдер конвенциялар басқа да қайнар көздер, қоршаған ортаны қорғаудың негізгі құжаттары