- •Тақырып: № 1 Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, әдістері
- •1 Сұрақ Қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты эколого-құқықтық реттеудің түсінігі және маңызы
- •2 Сұрақ Экологиялық құқықтың пәні және объектісі. Экологиялық құқықтық қатынастар. Экологиялқ құқық қатынастарының объектісі және
- •3 Сұрақ Экологиялық құқықтың әдісі, жүйесі және қағидал
- •Қандай қоғамдық қатынастар экология құқығы пәні болып табылады
- •1 Сұрақ Адам экологиялық құқығының түсінігі және түрлері
- •2 Сұрақ Адам экологиялық құқықтарының құқықтық реттеуінің жағдайы
- •3 Сұрақ Азаматтардың экологиялық құқықтарының қорғалуы және кепілдігі
- •1 Сұрақ Табиғи ресурстар – қоғамдық игілік. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығының түсінігі, мазмұны және нысаны
- •Тақырып: № 3 Табиғи ресурстарға деген меншік құқығы
- •1 Сұрақ Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі
- •2 Сұрақ Табиғатты пайдалану құқығының түрлері оның ерекшілектері
- •1 Сұрақ Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі, функциялары, түрлері мен тәсілдері
- •2 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғауды мемлекет арқылы реттеу мен басқару органдарының жүйесі, снаттары мен құзыреттері
- •3 Сұрақ Экологиялық бақылаудың объектілері, түсінігі, мақсаты және оның түрлері
- •Тақырып: № 6 Қоршаған ортада әсерді бағалау
- •2 Сұрақ Қоршаған ортада әсерді бағалау құжаттамасы
- •3 Сұрақ Экологиялық сараптама
- •Тақырып: № 7 Экологиялық мониториг пен кадастрлар
- •1 Сұрақ Экология мониторингтің түсінігі, құрылымы, мазмұны
- •2 Сұрақ Мемлекеттік экологиялық мониторинг
- •3 Сұрақ Табиғи ресурстар кадастрлары: түсінігі және жалпы сиспаттама
- •Тақырып:№ 8 Экологиялық құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық
- •1 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні.
- •2 Сұрақ Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
- •3 Сұрақ Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері
- •1 Сұрақ Жануарлар әлемі, құқықтық қорғау және қолданудың объектісі ретінде қр «Жануарлар әлемін қорғау туралы» заңы
- •2 Сұрақ Жануарлар әлемінен қолдану құқығы және қолданудың түрі мен мерзімі
- •3 Сұрақ Жануарлар әлемін қолдану және қорғау заңын бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық
- •1 Сұрақ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері
- •2 Сұрақ Сауықтыру мақсатындағы жер
- •Тақырып: № 11 Атмосфералық ауаның эколого – құқықтық режимі
- •1 Сұрақ Атмосфералық ауаның құқықтық қорғалуының қажеттілігі
- •2 Сұрақ Атмосфералық ауаны құқықтық режимінің ерекшелектері
- •Тақырып: № 12 Жер, жер қойнауының эколого– құқықтық режимі
- •1 Сұрақ Жер, жер қойнауы және орман құқықтық қорғаудың объектісі ретінде. «Жердің», «жер қойнауының», «орманның» заңи түсінігі
- •2 Сұрақ Жерге, жер қойнауына, орманға деген пайдалану құқығыжәне олардың түрлері. «Жерді қорғау», «жер қойнауын қорғау», «орманды қорғау» түсінігінің мазмұны
- •3 Сұрақ Қоршаған ортада жер қойнауын қорғау саласында негізгі мақсаттар және міндеттер
- •1 Сұрақ Орман пайдалану мен қорғаудың объектісі ретінде. Қазақстан Республикасының Орман кодексі
- •2 Сұрақ Орманның және орманнан тыс жерлердегі өсімдік әлемінің құқықтық режимінің ерекшеліктері
- •3 Сұрақ Орманды пайдалану құқығы және оның түрлері
- •1 Сұрақ Табиғаттың объектісі ретінде судың түсінігі және маңызы. Қазақстан Республикасының Су кодексі (жалпы мінездеме) және басқа да су заңнамалары
- •2 Сұрақ Судың құқықтық режимінің ерекшеліктері
- •3 Сұрақ Су пайдалану құқығы және оның түрлері
- •2 Қр су кодексі және басқа заңнамалар
- •1 Сұрақ Қазақстан Республикасының халықаралық экология құқығы; түсінігі, қайнар көздері
- •2 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғауда халықаралық ынтымастық
- •3 Сұрақ Халықаралық шарттар табиғатты пайдалану мен қорғау салслсындағы құқықтық нысан
1 Сұрақ Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі
«Адамның табиғатпен қатынас жасап тұруы өзінің өмір сүру мәнін қамтамасыз ету үшін, яғни жалпы түсінікте алып қарасақ табиғатты пайдалану болып табылады. Адам мен қоғамның өмір сүруі негізінде табиғатты пайдалану жатыр. Сондықтан тарихи және нақты түрде табиғатты табиғатты пайдалану қоғамдық өмірдің фундаметін (қабырғасын), қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасы саласындағы базистік қатынастарын құрайды».
Табиғи ресурстарды өздерінің қажеттіліктері үшін адамның пайдалануы маңызды түрде құқықпен көрсетіледі. Табиғи байлықтарды пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін нормалардың жүйесі табиғатты пайдаланушының құқығы деп аталады. Мұндай нормалар бас бейнеде табиғи ресурстық заңнамаларда көрсетіледі – яғни, жер, су, және орман заңнамаларында. Табиғатты пайдалануға қатысты кейбір ережелер ҚР Экологиялық кодексінде 9.01.2007ж. көрсетілген.
Қоршаған ортаны қорғау ауқымындағы табиғатты пайдаланудың маңыздылығын бағалай отырып оның тек адам мен оның өмірінің жағдайын және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде ғана месе, сонымен бірге бір уақытта табиғатқа кері әсер етудің маңызды факторы болып табылатынын айтып кеткен жөн.
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды жан-жақты қамтамасыз ету – барлық мемлекеттік механизмдердің, барлық мемлекеттік органдардың міндеті болып табылады. Сонымен бірге мемлекеттік органдардың жүйесінде тұтас қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауды жан-жақты қамтамасыз ету бас міндеті болып табылатын арнайы құзіреттелген органдар бөлінді
2 Сұрақ Табиғатты пайдалану құқығының түрлері оның ерекшілектері
Табиғи ресурстық заңнамада табиғатты пайдаланудың бірқатар саралау түрлері бөлінеді. Көбінесе жалпы болып табылатын саралау, яғни оның критериі табиғаттың объектісі болып табылады. Осыған сәйкес табиғатты пайдалану құқығы келесі түрлерге бөлінеді:
жерді пайдалану құқығы;
жер қойнауынан пайдалану құқығы;
су пайдалану құқығы;
атмосфералық ауаны пайдалану құқығы;
ормандарды пайдалану құқығы.
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару дегеніміз – табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық қызметі болып табылады.
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қоррғау саласындағы басқару негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды жан-жақты пайдалану бойынша норма шығармашылық қызметі;
осы нақты саладағы ұйымдастырушы қызмет, сонымен қатар жоспарлау, қаржыландыру және лицензиялау;
қоршаған табиғи ортаның мониторингі, табиғатты қорғаушы заңнаманың сақталуын бақылау және реттеу.
Мақсатты тағайындалуы бойынша табиғатты пайдаланудың құқықтық саралануы негізгісі болып табылады. Мақсатты тағайындалуы бойынша табиғатты пайдаланудың түрлері табиғи ресурстардың спецификасын және олармен қанағаттандырылатын қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып табиғи ресурстық заңнама оларды анықтайды.
Қазақстан Республиксындағы табиғи ресурстар жалпы және арнайы табиғи пайдалануда болады.
Жалпы табиғатты пайдалану толық кіру мүмкіндігі бар, яғни әрбір нақты жағдайда құзіретті мемлекеттік органдардың рұқсатын қажет етпейтін болып табылады. Жалпы табиғатты пайдалану жақсы қоршаған ортаға деген әркімнің нақты құқықтарын іске асырумен байлансыты болады. Сондықтан, бірқатар жағдайларда табиғи ресурстардың жерлерді жалпы пайдаланудың шектері мен жағдайларды бекітілген.
Жерді, жер қойнауларын, ормандарды, суларды, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың экономикалық мүдделерін қанағаттандырумен байланыста болады. Табиғатты арнайы пайдалану құқығы тұрақты және уақытша, айырылатын және айырылмайтын, қайтарылатын және қайтарылмайтын, бірінші жіне екінші болуы мүмкін.
Табиғи ресурстар табиғи пайдалануға келесі негіздер бойынша беріледі:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы табиғи ресурстарды пайдалану мен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар;
жергілікті атқару органдырының шешімі немесе табиғи ресурстарды табиғи қажеттіліктер үшін беру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы;
табиғатты пайдалануға шарттар (контрактілер) .
Табиғатты пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар – табиғи ресурстарды шекті пайдаланудың (алып қоюдың), қоршаған ортаны ластайтын заттардың шығарылуы мен тасталуының, өндіріспен тұтыну қалдықтарын орналастырудың табиғат пайдаланушыларға белгілі бір мерзімге белгіленген көлемі болып табылады.
Лимиттер мен квоталарды қоршаған орта сапасының қолданылып жүрген нормативтеріне, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес ҚР Үкіметі белгілейд. Тұрғындардың және экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын табиғи ресурстардың саны мен сапасын анықтау мақсатында табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры жүргізіледі, ол – табиғи ресурстардың жай-күйі, пайдалануы, молықтырылуы мен қорғалуы туралы барлық мәліметтердің жиынтығын көрсетеді.
Әдебиет:
Негізгі:
1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.
2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.
3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.
4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.
Нормативтік құқықтық актілер:
1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.
2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.
3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.
4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.
5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"
6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"
7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.
8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.
Бақылау сұрақтары:
1 Табиғатты пайдалану құқығның мазмұны.
2 Табиғатты пайдалануды қорғаудың құқықтық нысандары.
Тақырып: № 5 Қоршаған ортаны қорғау мен басқаруды
мемлекеттік реттеу
Мақсат – студенттердің қоршаған ортаны қорғау мен басқаруды мемлекеттік реттеу туралы білімін жетілдеру. түсіндіру.
Жоспар:
1 Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі, функциялары, түрлері мен тәсілдері
2 Қоршаған ортаны қорғауды мемлекет арқылы реттеу мен басқару органдарының жүйесі, снаттары мен құзыреттері
3 Экологиялық бақылаудың объектілері, түсінігі, мақсаты және оның түрлері
