Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астық дақылдары туралы негізгі мағлұматтар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
281 Кб
Скачать
☆

1.4 Топырақ құрамы

Шаруашылық территориясындағы топырақ жамылғысы көбінесе сұр топырақты, орташа құрғақ, І агроөндірістік топ болып келеді. Осы берілген топырақ шаруашылық территориясының барлық жерінде тараған. Бұл топқа сапасы жақсы жыртылатын және жыртылуға жарамды жерлер кіреді және кәдімгі зоналық агротехниканы қажет етеді. Қара шіріндінің горизонт күші 60-70 см. Қара шіріндінің құрамы жоғары бетінде 1,5-2,03% дейін болады. Жалпы азот 0,091%, жалпы фосфор 0,158% өсімдікке қажетті азот және фосфор топырақта төмен қамтамассыз етілген. Ауыспалы калий жақсы қамтамассыз етілген. Оның 537 кг 1 кг топыраққа. Топырақтың ІІ агроөнеркәсіптік тобы орташа сапалы жыртылған және жыртылуға жарамды жерлер мыналарды талап етеді, су эрозиясымен жәй меллиоративтік жасырын, әлсіз қатарланған. Топырақтағы фосфорлардың қозғалмалы түрі нашар қамтамассыз етілген.

Жер бедері

Ғылыми зерттеу орталығындағы Тассай ауылының жер бедері толқынды, әлсіз тербелетін жазықтықтарының ауданын көрсетеді. Ойлы шұңқырдың шығыстан батысқа қарай созылған, баяу көрсетілген пішіні орталықтың жоғарғы шұңқырдың тереңдігі симметриялы бетімен орналасқан, сондықтан көп бөлігі тұрақталған. Шұңқыр тереңдігі солтүстікке қозғалуына байланысты созылады. Шұңқырдың оңтүстік шығыстағы иілген бөлігі кбіне оңтүстік және оңтүстік батыстың жағдайына жер тегістелген және қажетті егіншілікті суғару үшін жарамды. Оңтүстік иілген бөлігі көбінесе жеткілікті суғару үшін жарамсыз. Ойлы шұңқырдың шығыстан батысқа қозғалуы биіктігіне қарай азаяды және жер бедері тегіс болып қалыптасады. Батыстың жер бедері көбінесе солтүстікке қарай көп иілген жерлерді терең есем балкалармен кесілген. Жер бедерінің көптеген аймағы жыртылған. Жер бедері шаруашылықта техникаға және де егіншілікпен айналысуға рұқсат етілген.

2 Ғылыми зерттеу бөлімі

2.1 Зерттеу жұмысын жүргізу

Астықты қабылдау, сақтау және тамақ өнеркәсібінде пайдалану кезінде астықтың сапасын анықтау үшін жүргізілетін жұмыс көрсеткіштерін 5 топқа: ботаника – физиологиялық, адамның сезім мүшелері арқылы анықталатын сенсорлық, физикалық, химиялық және технологиялық көрсеткіштер деп бөлуге болады.

Астық қоспаларының сапасы әр дәннің жеке және оның ішіндегі басқа түсті қосындылардың қасиетттеріне байланысты болады. сондықтан астықтың сапасы тек кешенді түрде анықтағанда толық білуге болады.

Ботаникалық – физиологиялық көрсеткіштер

Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығында және тамақ өнеркәсібі салаларында шешуші орын алады. Бұл көрсеткіштерге дәннің қай дақылдан жататыны, оның түрі, күздік немесе жаздық формалығы, ботаникалық сорты, ішкі және сыртқы дән құрылысының ерекшеліктері, дәннің өнімділігі және өсу күші жатады. Бұл көрсеткіштер астық қоймаға келіп түскен кезде бірге келіп түскен құжаттар арқылы және оның түсі, қай дақылға жататындығы сенсорлық әдістермен де анықталады. Астықтың сортын, жаздық немесе күздік формаларға жататындығын тек құжат арқылы анықтауға болады, ал оның өнімділігі мен өсу энергиясын лабораториялық әдістермен ғана анықтайды.