Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астық дақылдары туралы негізгі мағлұматтар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
281 Кб
Скачать
☆

2.3 Тәжірибе нәтижесі және оларды талқылау

Астықтың сапасын химиялық тәсілдермен анықтау. Астықтың химиялық құрамы өте күрделі. Оның эндоспермінде қоректік заттар қорына жататын крахмал, протеин деп аталатын қоректік белоктар, ұрықта – ядролық күрделі белоктар, қант, май, ферменттер, витаминдер т.б. болады, ал дәннің қабыршақтары клетчаткадан тұрады.

Дәннің құрамында әртүрлі химиялық заттардың кіруімен тұрмай, олардың көлемі тез өзгеріп отырады. Бір дәннің өзінде, оның әр бөлігінде әртүрлі, ал бір химиялық заттың өзі әр бөліктерінде әрқалай орналасқан.

Астық тану пәнінде тек қана астықтың ылғалдылығы, күл беретін заттар туралы жалпы ұғым, белок пен дән маңызының саны мен мапасы, астықтың қышқылдануы сияқты кейбір негізгі химиялық тәсілдер ғана берілген.

Астықтың ылғалдылығы

Барлық жер бетіндегі тіршілік ететін тірі организмдер өзінің тіршілігін сақтау үшін құрамында азық – көпті судың болуын керек етеді. Дән де тірі организм. Ол да тыныс алады. Тыныс алған кезде түрлі химиялық реакциялар жүріп тұрады. Бұл тірліктің белгісі. Егер оның құрамынан суды түгелдей ажыратып алып тастасақ, тіршілік тоқтайды да, оның құрамында белок және басқа органикалық заттар тез бұзылып минералды заттарға айналады. Бірақ бұл қоректі судың көлемі де белгілі бір мөлшерде болады. Судың осы мөлшерден көп болып кетуі де қолайсыз жағдайға ұшыратуы мүмкін.

Астық оның ылғалдылығына қарай төртке: құрғақ астық, орташа ылғалды астық, дымқыл астық және су астық деп бөледі.

Астықтың ылғалдылығына байланысты төрт күйлі жағдайының шектері

Дақылдар

Ылғалдылық, проценттер

Құрғақ дән

Орташа ылғалды

Дымқыл астық

Су астық

Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, күріш, жүгері

14-ке дейін

14,0-15,5

15,5-17,0

17-ден жоғары

Асбұршақ

14

14-16

16-18

18

Тары

13,5

13,5-15,0

15-17

17

Үрмебұршақ

16

16-18

18-20

20

Жасымық

14

14-17

17-19

19

Күнбағыс

11

11-13

13-14,5

14,5

Майкене

7

7-9

9-11

11

Астықты мемлекетке тапсыру кезінде тұрақты және төменгі шектер деп аталатын ұғымдар қолданылады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында тұрақты шектік ылғалдық 14 процентке тең, ал оңтүстік облыстарда ол 15 процентке тең деп белгіленген. Барлық қабылданған астықтың салмағы осы тұрақты шекке есептеліп алынады. Мысалы, колхоз немесе совхоз 100 тонна астық тапсырды делік. Оның ылғалдылығы 10 процент болсын. Сонда алынған астықтың 100 тоннасына (14 – 10 = 4 тонна) үстеме 4 тонна қосылып, оның есепке алынған салмағы 104 тонна қабылданды деп жазамыз. Егер қабылданған астықтың ылғалдылығы 20 процент болса (20-14 = 6 ) оның есепке алынған салмағы 100-6 = 94 тоннаға тең болады.

Ылғалдылықтың ең жоғарғы шегі 17 немесе 19 процентке тең. Егер тапсырылған астықтың ылғалдылығы осы шектен аспаса, сонда ғана ол қабылдануға тиіс.

Бұл тек қабылдау кезінде пайдаланылатын шарттар болса, бидайдан ұн тарту үшін оның ылғалдылығын 15,5 – 16,0 процентке жеткізу керек. Қорыта айтқанда астық шаруашылығындағы судың атқаратын қызметі үшін неше түрлі. Ол пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін.

Ғылыми, астықты қабылдайтын және өңдейтін мекемелерде астықтың ылғалдылығын анықтаудың көптеген әдістері қолданылады. Осы әдістердің бәрін екі топқа бөлуге болады: 1. Тура анықтау – суды кептіріп, ұшқан суды немесе кепкен астықтың салмағы арқылы анықтау; 2. Жанама әдістер – мысалы, астықтың ылғалдылығына байланысты оның электр тогын өткізе білу мөлшерін өлшеу әдісі арқылы есептеп табу.

Қазіргі қолданылып жүрген әдістердің әрқайсысы дәнге әр түрлі әсер етеді. Атықтың кептіруде, сумен бірге одан көптеген көмір қышқыл газы, оттегі, азот, сутегі, кейбір көмірсутектер, азотты заттар ұшып шығып кетеді және дәннің құрамында бірқатар биохимиялық өзгерістер жүріп, оның құрамы аздап өзгеруі мүмкін. Барлық қолданылып жүрген әдістердің осындай өздеріне тән жетістіктері мен кемшіліктері болады. кемшіліктерін түгел жою мүмкін емес. Сондықтан бұл әдістердің бәрі тек жуықталған нәтиже береді. Олардың ішінде ең шындыққа жақын нәтиже беретін әдіс – үлгілі немесе жталондық әдіс. Бұл әдіс бойынша ұшып кететін заттардың көлемі жоққа тән. Сондықтан бұл әдісті жаңа шығарылған приборларды және жаңа әдістерді сынауға пайдаланады. Ол әдіс ГОСТ 17197 “Вакуумды – жылулық ОВЗ-1 қондырғысында астықтың ылғалдылығын өлшеудің әдістерінде” жазылған. Мұнда астықты алдымен 1050-да кептіреді. Тек осы жағдайда су тегіс ұшып басқа өзгерістер аз жүреді. Астықтың өзінің ішінде астықты ұстағыш қондырғы бар.

ISO (Халықаралық стандарт жасайтын мекеме), ІАСС (Халықаралық астық химиясы ассоциациясы) және Англя, Франция, Польша сияқты бірқатар мемлекеттерде үлгілі әдіс ретінде Гильбо әдісі қолданылады. Мұнда астық вакуумды (10-12мм сынап бағасында), 40-500С температурасында Р0О5 үстінде 150 сағат ішінде дәннің тұрақты салмағына дейін кептіріп өлшейді.

ТМД – дағы стандарттық әдіс бойынша астықтың ылғалдылығын өлшеу. Бұл әдіс еліміздің барлық түкпір түкпірінде қолданылады. Мұнда ұсатылған дәнді 1300С температурада 40 минут СЭШ –і, СЭШ-3 және СЭШ-3М қондырғыларында келтіреді. Су дәнмен құрғкатылған дәннің салмақтарының арасындағы айырмасы сол дәннің ылғалдылығын көрсетеді. Егер дән су болып ұстатуға келмесе, оны алдымен дән күйінде 1050С температурада 30 минут кептіріп алып, содан кейін ұсатып 1300С 40 минут кептіреді де, оның ылғалдылығын осы екі өлшемнің қосындысы ретінде алады.

Ғылыми мекемелерде астықты ұсатып оны 1050 температурада астық кептіретін қондырғыларда оның тұрақты салмағына дейін кептіріп анықтайды. Мұнда астықтың ішкі құрылысы бұзылмай өте жэақсы нәтиже береді. Бұл өлшеу 5 сағатқа дейін созылады. Сондықтан өндіріс жағдайында пайдалануға қолайсыз.

Жаңа және бұзылмаған астық ащы да, тәтті де, қышқыл да емес, болар болмас өсімдік татитын нәзік тұщы дәмі болды. Ол көп жатып қалса немесе қолайсыз жағдайда сақталса, оның түсі де дәмі де бұзылады.

Астық үнемі тыныс алады. Тыныс алғанда күрделі органикалық заттар (белок, крахмал, май) бұзылып, алдымен оның құрамына кіретін кішігірім бөліктеріне, одан әрі бара әр түрлі қышқылдарға (аммин, май, көмір қышқылдарына) айналады. Міне осылардың бәрі дәннің ішінде жиналып, астықтың қышқылдығын ұлғайтады. Қысқаша айтқанда, қышқылдық астықтың жаңа екенін немесе бұзылмай жақсы сақталып жатқанын анықтайтын көрсеткіш.

Сонымен қышқылдық деп, астықтың ішіндегі негіздермен қосылып, реакция беретін барлық заттардың қосындысын айтады.

Ақуыз

Атықтың құрамында орта есеппен 14 процент (бұршақ тұқымдастарда 24 процент) ақуыз бар. Астықтың тамақтық құндылығы ақуыздың мөлшері мен оның сапасына байланысты. Бірқатар мемлекеттерде астықтың құндылығын толық сипаттау үшін оның құрамындағы белоктың мөлшерін және оның сапасын анықтайды.

Ақуыздың мөлшерін бір ғана стандартты Кьелдаль әдісімен анықтайды. Бұл әдіс астықтың құрамындағы барлық азоттық заттардың көлемін анықтауға негізделген. Егер бидайдың немесе басқа дақылдардағы азотты тапсақ, оны ақуыздық коэффициентке көбейтіп, ақузды басқа сөзбен айтқанда азоттық заттардың көлемін анықтаймыз. Ол коэффициенттің ғылыми – зерттеу жұмыстардың негізінде табылған. Ол бидайдың немесе ұнның ақуызын табу керек болса 5,7 – ге, ал кебектің, ұрықтың ақуызын табу керек болса 6,25 тең. Мысалы Кьелдаль әдісімен 2,34 процент азот бар екені анықталды десек, бұл санды (2,34*5,7=13,34 процент) 5,7 коэффициентіне көбейтіп осы бидайда 13,34 процент белок бар екенін білеміз.

Белок масақтың әр жеріндегі дәнде, оның ірілігіне, ұсақтығына т.б. болып жатқан себептерге байланысты өзгеріп тұрады. Мына Д.Ф.Торжинскаяның мәлімдемесімен танысып білуге болады.

Дәндегі ақуыз

Масақтағы дәннің орналасқан орны

1000 дәннің массасы, грамм

Ақуыздың мөлшері, процент

Масақтың төменгі шетіндегі дән

35,1

14,7

Ортасындағы

42,0

15,7

Жоғарғы

29,7

13,5

Осы мәліметтерге қарағанда ірі, толық жетілген дән ақуызды көп ұстайды. Көпжылдық ғылыми-зерттеулердің қортындысына қарағанда Қазақстанның солтүстік, ортлық қуаңдау аудандарында өсірілген бидайда ақуыздың көлемі 20 процентке дейін жетеді. Мұндай бидай күшті бидай деп аталып, басқа ақуызы аз нашар бидайдың құндылығын арттыруға пайдаланылады.

Иондалған сәулелердің қатынасы

Кейінгі кезде зиянды жәндіктермен күресу үшін және дымқыл астықты сақтау, консервілеуге байланысты зерттеу жұмыстары көптеген ғылыми – зерттеу мекемелерінде жүргізілуде. Соның бірі Н.И.Соседовтың (ВНИИЗ) зерттеуіне қарағанда дымқыл дәнді рентген және гамма – сәулелерімен 80 Кл/кг (Кулон на кг) дейін доза өңдегенде оның пайдасы тимейтіні анықталған. Егер оны 545 Кл/кг дозамен өңдесе астықтың тыныс алу жылдамдығы үш рет бәсеңдеп, дымқыл дәнді төрт айға дейін консервілеуге болатынын анықтаған.

Москва К.А.Тимирязов атындағы ауыл шаруашылығы академиясында Л.Трисвитятскийдің басқаруымен бірқатар оқымыстыларының зерттеулерімен 11-18 крад (110-180 Джоуль) дозасымен зиянды жәндіктерді оның имаго фазасында өңдегенде, олардың толық өлетіні, ал оның дозасын 1-800 рад/с (0,01-8,00 Вт/кг) дейін жоғарылатқанда ересек жәндіктердің өлетіні анықталған.

Олар зиянды жәндіктермен күресу және астықты консервілеу бағывтында жүргізілген жұмыстармен қатар ол сәулелердің астыңтың биохимиялық қасиеттеріне тигізетін әсерін де зерттеген.

Рентген және гамма сәулелер 30 крад (300 Дж/кг) дозасында астықтың қасиетіне ешқандай әсер етпейді екен. Тек 25-тен 545 кл/кг дозада кликовинаның қаттылы аздап қана біртіндеп өсе бастағаны байқалған. Осы дозада көмірсутектерден аздап крахмалдың өзгеретіні туралы хабар жоқ, ал майдың иодтық саны азаятындығы байқалған. Бұл әлі зерттеліп болмаған.

Денсаулық министрлігі 100крад дозаға дейін астықты өңдегенде адамның денсаулығына зиянды болмайтынын анықтады. Сондықтан келешекте астықтың зиянды жәндіктерімен күресте у дәріні орнына ионданған сәулелердің қолданылуы мүмкін. Бұл зияны жоқ пайдалы әдіс.

Радиация көбінесе тұқымдық астықты өңдеу және селекция бағыттарында толық пайдаланылады.

Қорытындылар мен ұсыныстар

  1. Қазақстанда аймақтық ерекшеліктің климат-жағдайына байланысты астықты дәнді дақылдардың сапалық көрсеткіштері әр түрлі болатындығы анықталды.

  2. Астықты дақылдардың негізгі сапа көрсеткіштері дақылдың ботаникалық сортына физиологиялық қасиеттеріне байланысты өзгеріп отыратындығы анықталды.

  3. Астықты қабылдауда, сақтауда және қайта өңдеуде стандарт талаптарының нормативтік көрсеткіштерін қатаң сақтау керектігін білдік.

  4. Астықтың сапасын анықтауда мемлекеттік астық инспекциясының және мемелекеттік тұқым инспекциясының зерттеу зертханаларының техникалық құралдарының стандарт талаптарына сай жабдықталуы қажет екенін білдік.

  5. Күшті және нашар астықтардың сапасы тек оның ботаникалық сортына байланысты емес, оны өсіру кезіндегі агротехникалық іс – шараларға және ауа райына тікелей байланысты екеніне көз жеткіздік.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абугалиева И.А. Руководство обробации селскохозяйственных культур.

  2. Бекбергенов Қ. Ауыл шаруашылық мелиорациясы Алматы “Қайнар” 1994 ж

  3. Вавилов П.П., Гриценко В.В. Растениеводство. Москва. “Колос”, 1979г.

  4. Дүйсенбеков Ә. Суармалы гектарлар. Алматы “Қайнар”, 1987ж.

  5. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. Москва, “Агропромиздат”, 1985г.

  6. Жаңабаев Қ., Саудабаев Т., Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Алматы, “Қайнар” 1994ж.

  7. Ковырялов Ю.П. Интенсивные технологии производства пшеницы. Москва “Агропромиздат” 1986г.

  8. Крючев Б.Д. Практикум по растениводство. Москва “Агропромиздат” 1988г.

  9. Губанов Я.В., Иванов Н.Н. Озимая пшеница. Москва Во “Агропромиздат” 1988г

  10. Никитен Ю.А и др. Что должен знат специалист об особенностях интенивных технологии воздилевания зерновых культур. Москва “Агропромиздат” 1987г.

  11. Леурда И.Г., Бельских Л.В Определение качества семян. Москва. “Колос”1974г.

  12. Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы. Алматы “Қайнар”, 1984ж.

  13. Отыншиев Б. Астықтану және диқаншылық негіздері. Алматы “Қайнар” 1994ж.

  14. Оганезов А. Байлық басы нан. Алматы “Қайнар” 1982ж.

  15. Оспанов Ө.О., Жаламбеков Е. Құнарлы жер – құтты мекен. “Ғылым” баспасы Алматы 1983ж.

  16. Орманджи К.С., Никитин Ю.А., Бурченко П.Н. Интенсивная технология производство озимой пшеницы. Москва. Россельсхозиздат. 1988г

  17. Нұртаев Ж., Бапаев Б., Сманаов Н. Суармалы жерді тиімді пайдалану. Шымкент 1995ж

  18. Сейтов И.С. Егіс тәжірибелерін жүргізудің методикасы. Алматы “Қайнар” 1990ж.

  19. Сейітов І., Орыспаев Қ. Суармалы егіншілік өнімін арттыру Алматы “Қайнар” 1981ж.

  20. Сейітов., Саудабаев Ш., Абдрашов. Агрономия негіздері. Алматы “Қайнар” 1989ж

  21. Тұрғанбаев С.Қ. Диқан серігі. Алматы “Қайнар” 1989ж

  22. Турешов К.О. Минеральное питание и продуктивност интенсивных сортов озимой пшеницы на орошаемых светлокаштановых почвах.

  23. Тілемісов Ауылшаруашылығы сөздігі. Алматы “Қайнар”

  24. Хафизов А.Ш Озимая пшеница на поливе. Алматы “Қайнар” 1989ж.

  25. Автореферат Дисертации на соискание ученной степений кандидата сельскохозяйственных наук. Алматы, 1997ж.

  26. Восточное отделение восхнил. Технологическая схема интенсивного воздемивания озимой пшеницы. Алматы, 1986г

  27. Восточное отделения восхнил. Интенсивная технология возделивания озимой пшеницы. Алматы “Қайнар” 1987г.

  28. Мемлекеттік стандарт. 13586. 1-68 зерна методы определение количество и качество клейно вины в пшенице. Издан. Официально. Москва.

  29. Мемлекеттік стандарт. 12037-66 Астық тазалығын анықтау.

  30. Мемлекеттік стандарт. 2755987. Методы определения зараженности из загрязненности вредительями хлебных запасов. Изд. Оффициальное. Москва.