Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

3.Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Туыстық жүйенің ең негізі - отбасы саналады. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Аталар мен әжелар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол болып есептеледі. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген.Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болады. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилқубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 8

1. Өскемен қаласы. Монолог.

2. Етістіктерді бұрынғы өткен шаққа қойыңыз: Біз Талдықорғаннан кел... . Жанар осы институтта оқы... . Жазда олар ауылда демал... . Сен менің үйімде бол... . Сіздер киноға бар... .

3. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз..

АСТАНА БАС ҚАЛА

Қазақ Республикасы ең алғашқы астанасы Орынбор (1920-1925), одан кейін Қызылорда (1925-1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-да Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-да тәуелсіз Қазақстанның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.

Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа ғимараты, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның ХХІ ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.

Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа астананың әсемдігі ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилкубаев

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012- 2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 9

  1. Шаштаразда. Сұхбат.

  2. Сан есімдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

Біз екеуміз. Менің кітабым – бесеу. Мыналардың біреуі - Әсел, екіншісі – Сәуле. Жүздеген студент Республика алаңында өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 шаршы шақырым.