Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

3. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз. Қазақстанның мәдениеті және жаһандану

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні, Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» симфониясы, Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабы, тағы басқа мұралар – Қазақстан мәдениетінің жетістігі. Тәуелсіз Қазақстанда мәдени мұраларды сақтауға көп істер атқарылуда. Тасқа жазылған Күлтегін ескерткіші, Қожа Ахмет Йассауидің «Хикметтер» кітабы әрбір қазақстандыққа танымал. ЮНЕСКО арқылы дүние жүзі Абайды, Мұхтар Әуезовті, Қаныш Сатпаевты қайта таныды. Еуропа мен Американың атақты сахналарынан Қазақстан өнері мен ғылымы лайықты орын алды.

Қазіргі әлемдік құбылыс болып тұрған жаһандану үрдісінен Қазақстанның өнері қалыс қалмайды. Оны ұлттық мәдениеттің дамуына пайдалану мақсат етіледі.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилқубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 12

  1. Кітап – білім бұлағы. Монолог.

  2. Септік жалғауларын анықтаңыз жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Досыма хат жаздым. Мирас кітапханаға кітап алуға кетті. Театрға құрбыммен барып тұрамын. Баяндамамның тақырыбы – Абай Құнанбаевтың қарасөздерінің философиялық мәні. Мен әкеммен Түркияға бардым.

3. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз. Уақытыңды бағалай біл

Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Ол алтыннан да қымбат. Уақыт- әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның құр босқа кеткен уақытын қайтару мүмкін емес.

Кісінің іскерлігі уақытты босқа жібермеуден басталады. Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биіктерге жетеді. Саналы адам уақыттың өмірді жасайтын негізгі құрал екенін жақсы түсінеді. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді.

Ісінің өрге басуы өзіңе ғана байланысты. Өз уақытын пайдалана білген адам бір істі жоспарлауға үйренеді. Уақытты үнемдемеу – шығын.

Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ. Уақыттың бағасын біл. Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұста. Өзіңді - өзің тәрбиеле.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилкубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 13

  1. Дүкенде. Сұхбат.

2. Берілген етістіктерді болжалды келер шаққа қойып, сөйлем құрастырыңыз. Беру, тыңдау, сөйлеу, тексеру.