Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

16. Қабылдаудың қасиеттері

Қабылдау д/з- ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп , тұтастай заттық түрде бейнелнуі.Қабылдау түйсікке қарағанда, едәуір күрделі әрі жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс.Қабылдауға түйсіктермен қатар ой элементтері де, елестер мен ұғымдарда еніп отырады.Қасиеттері:1.тұтастығы деп объектінің, қабылданатын элементтердің жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйіне толықтыруды айтады. 2.Құрылымдылығы белгілі бір объектіні жеке элементтермен емес, тұтас құрылым ретінде қабылдау.3.Заттылығы-қабылдаудың көрнекі бейнесін сыртқы дүниенің белгілі бір заттарына жатқызу.4.Мағыналылығы-бұл ерекшелікте объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, оларды белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды.5.Тұрақтылығы мен константтылығы деп сыртқы жағдайының өзгеруіне қарамастан, заттардың мөлшері, формасы, түсі және т.б қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты болып қабылдануын айтады.6.Иллюзация деп түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау.7.Апперцепция деп қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибиесінің мазмұнына байланыстылығын айтады.

17.Темпераменттің физиологиялық негізі.

Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен кӛңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады .Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы

белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу ӛжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның кӛңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады. Холерик темпераменті. Бұл типтің ӛкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен кӛзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің ӛкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник кӛңілді, ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Іска зауқы болмаса, жұмыстан тез суынып кетеді. тап болғанда суынып қалады. Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және тӛзімді, еңбекқор адам. Нерв процестерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді. Меланхолик темпераменті - бұл типтің ӛкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]