- •1.Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
- •3.Қазіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз
- •4. I 9 ı 31.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •5.36.Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары
- •6.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
- •7. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •8. Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары.
- •10.Темперамент туралы теориялар.
- •12. Қабілеттің психологиядағы орны.
- •11.Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе
- •13. Түйсік және оның физиологиялық негізі.
- •15.Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •16. Қабылдаудың қасиеттері
- •18.Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •19. Түйсіктің заңдылықтары.
- •20. Танымдық процестерге шолу.
- •22.Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.
- •23.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •25.Егер мен психолог болсам....... Атты тақырыпта эссе .
- •26.Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы
- •27.Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
- •28.29. 35.Ойлау және оның түрлері.Формалары.
- •30. Тұлға туралы теориялар
- •32. Сана және психика.
- •33. Ойлай және қабылдау.
- •38. Мотив және мотивацияның өзекті мәселелері
- •39. Психологиядағы мінез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз
- •40. Қабылдау және оның физиологиялық негізі
- •41. Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •42. Сөйлеудің физиологиялық механизмі
- •45. Қажеттілік түсінігі.А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
- •46. Ес. Ес туралы теориялар
- •47. Тепмерамент типтерінің сипаты
- •48. Зейін, түрлері мен қасиеттері
- •49. Қабілет және нышан
- •50.Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.
- •51. 12.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •52.Қарым-қатынасқа арналған бір психологиялық ойынның психологиялық нұсқауы
- •53. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері
- •55. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.
- •57.Эмоция туралы жалпы ұғым.
- •58. Ерік туралы жалпы түсінік.
25.Егер мен психолог болсам....... Атты тақырыпта эссе .
Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. ПСИХОЛОГ – ДӘРІГЕР ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘЛІМЕТ БЕРМЕЙДІ ӘРІ ОЛ ЕМДЕМЕЙДІ. Оқудағы қиындықтар. Кейбір оқушылар сабақты тиісінше онша жақсы оқымайды. Оған сылтаулар өте көп. Мысалы, есте сақтау қабілеті төмен болуы немесе оқуға деген ынталылықтың жетіспеуі, мүмкін оқытушымен өзара келіспеушілік, бірақ бұның бәрі не үшін керек. Кеңес берген кезде біз басты себеп неде екендігін, оны қалай шешу керектігін анықтаймыз, яғни басқаша айтқанда сабақты жақсы оқуды дамытатын жағдайларды қарастырамыз. Топтағы қарым-қатынас. Кейбір адамдар бөтен адамдармен, тіпті басқа бейтаныс топтармен байланысқа түсіп, емін-еркін араласып кетеді. Керісінше кеибіреулер басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде қиындықтарға тап болып жатады, ал достарды тапқаннан кейін ғана өзін топта немесе сыныпта емін-еркін сезінеді. Психологтың көмегімен кез келген жағдайда үйлесімді қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін меңгеріп, оның жолдарын табуға болады. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас. Кейбір уақытта біз өзімізге ең жақын адамдармен – ата-аналармен ортақ тіл табуды, жылы қарым-қатынасты жоғалтып алып жатамыз. Жанжалдар, түсіністіктің болмауы – балаларға да, ата-аналарға да әдетте ауыр тиеді. Кейбіреулері оның шешімін тауып жатса, басқаларына мұны жасау қиындыққа соғады. Психолог сізге ата-аналармен жаңадан қарым-қатынас құруға, оларды түсінуге тырысып, ата-аналар да сіздерді түсініп, қабылдауға шешім табатын жолдарды айтады. Өмірлік жолды таңдау. Көбі өзінің болашақ мамандығы мен өздерінің өмір бойы қалай өмір сүретіндіктері туралы ойланады. Егер де сіз қандай жолмен жүруге сенімсіздік пайда болса, онда сіз әрқашан психологқа жүгінуіңізге болады. Ол сізге өз арманыңызды, мақсатыңызды сезінуге, өз қасиеттеріңізді бағалауға және өмірдің қандай да болмасын саласында осы армандарыңызды іске асыруға, оны түсінуге көмектеседі.
Өзін-өзі басқару және дамыту. Біздің өміріміз әрқилы әрі қызықты болғандықтан үнемі біз алдымызға бірнеше тапсырмалар қоямыз. Оның көбісі жеке қасиеттер мен дағдыларды, іскерліктерді дамытуға күш пен жігерді талап етеді. Өз өміріңе қожайын болуға үйренуге болады, ол үшін алдыңа дұрыс мақсат қойып оған жете білу қажет. Психолог дегеніміз – даму технологиясы мен сапаға, дағдылар мен іскерлікке ие және оны басқалармен бөлісетін адам.
26.Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атаймыз. Сөйлеудеп пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды.. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы- екінші біреуге жетлізілетін ойдың айқындылығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды. Сөздің мәнерлігі- адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жӛнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға кӛшу қажет.Адамның ой- әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде ӛте жақсы кӛрінеді.
