- •1.Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
- •3.Қазіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз
- •4. I 9 ı 31.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •5.36.Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары
- •6.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
- •7. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •8. Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары.
- •10.Темперамент туралы теориялар.
- •12. Қабілеттің психологиядағы орны.
- •11.Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе
- •13. Түйсік және оның физиологиялық негізі.
- •15.Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •16. Қабылдаудың қасиеттері
- •18.Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •19. Түйсіктің заңдылықтары.
- •20. Танымдық процестерге шолу.
- •22.Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.
- •23.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •25.Егер мен психолог болсам....... Атты тақырыпта эссе .
- •26.Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы
- •27.Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
- •28.29. 35.Ойлау және оның түрлері.Формалары.
- •30. Тұлға туралы теориялар
- •32. Сана және психика.
- •33. Ойлай және қабылдау.
- •38. Мотив және мотивацияның өзекті мәселелері
- •39. Психологиядағы мінез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз
- •40. Қабылдау және оның физиологиялық негізі
- •41. Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •42. Сөйлеудің физиологиялық механизмі
- •45. Қажеттілік түсінігі.А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
- •46. Ес. Ес туралы теориялар
- •47. Тепмерамент типтерінің сипаты
- •48. Зейін, түрлері мен қасиеттері
- •49. Қабілет және нышан
- •50.Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.
- •51. 12.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •52.Қарым-қатынасқа арналған бір психологиялық ойынның психологиялық нұсқауы
- •53. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері
- •55. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.
- •57.Эмоция туралы жалпы ұғым.
- •58. Ерік туралы жалпы түсінік.
6.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қым қиғаш оқиғалар» жиынтығы да, адамның өзі – «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік – бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді. Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория,Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады.Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы,екіншісі – ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Ерік – қайратының күшеюі талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әртүрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Алға қойған мақсатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білу керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады. Адамның еркі сонымен мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. Оқушының бұл мақсаты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады. Кез келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп атайды. Тілек – келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсам», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем», т.б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған. Дегемен осы секілді тілектерде еріктік амалға тән талғамалық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла,әдіс қарастырады. Соңғы жағдай ғана адамның тілегін, нақтылы кесімді түрге келтіреді.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалады да, әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам өзіне мақсат қояр кезде өзіне «Не істеу керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде «Қалай істеу керек?», «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?» деген сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді дейік. Ол алдымен бұған қандай материалдың жарайтындығын, оны қайдан алуға болатындығын, қандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың жұмысын т.б. топшалап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау – күрделі процесс. Ол – адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесінің, ойының орамдылығын қажет етеді.Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігеріне үйлесе алмай, қайшы келіп отырады. Мәселен, орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтық институтқа түсіп, мұғалім болып шықысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болғанын да жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі мамандықтың біреуін қалау қажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайқақтайды, бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психолгияда мотивтер күресі деп атайды. Мұндай түрлі мотивтердің ішінен ақылға қонымдысы – нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңеді, тек содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға келе алады. Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу бәрі жиналып еріктік қимылдың «даярлық кезеңі» деп аталады.
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы тоқтамдардың жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады. Бұлай болудың себебі орындалудан қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптасунан, өзісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсенді жан-тәніңмен сүймеуден т.б. себептерден болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиыншылықтарды жеңіп отыруы тиіс. Белгілі мінез-құлықтың принципі бар, өз ісінің дұрыстығына көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқтамға келе алып, оны қалай да орындаудың тиімді жолдарын таба алады, бұл жода орынсыз солқылдақтық, табансыздық көрсетпейді. Кейбір адамдар өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да, ой таразына жақсылап салмайды, сөйтіп оны орындай алмай қалады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның еркін енжар, әлсіз етіп жіберуі мүмкін.Сондықтан белгілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұмыстар істеу нәтижесінде қол жететін мақсаттарды ғана алға қоюмыз қажет. Еріктік әрекет себептері сонымен адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы – табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білу. мірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.
