- •1.Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
- •3.Қазіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз
- •4. I 9 ı 31.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •5.36.Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары
- •6.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
- •7. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •8. Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары.
- •10.Темперамент туралы теориялар.
- •12. Қабілеттің психологиядағы орны.
- •11.Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе
- •13. Түйсік және оның физиологиялық негізі.
- •15.Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •16. Қабылдаудың қасиеттері
- •18.Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •19. Түйсіктің заңдылықтары.
- •20. Танымдық процестерге шолу.
- •22.Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.
- •23.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •25.Егер мен психолог болсам....... Атты тақырыпта эссе .
- •26.Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы
- •27.Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
- •28.29. 35.Ойлау және оның түрлері.Формалары.
- •30. Тұлға туралы теориялар
- •32. Сана және психика.
- •33. Ойлай және қабылдау.
- •38. Мотив және мотивацияның өзекті мәселелері
- •39. Психологиядағы мінез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз
- •40. Қабылдау және оның физиологиялық негізі
- •41. Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •42. Сөйлеудің физиологиялық механизмі
- •45. Қажеттілік түсінігі.А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
- •46. Ес. Ес туралы теориялар
- •47. Тепмерамент типтерінің сипаты
- •48. Зейін, түрлері мен қасиеттері
- •49. Қабілет және нышан
- •50.Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.
- •51. 12.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •52.Қарым-қатынасқа арналған бір психологиялық ойынның психологиялық нұсқауы
- •53. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері
- •55. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.
- •57.Эмоция туралы жалпы ұғым.
- •58. Ерік туралы жалпы түсінік.
10.Темперамент туралы теориялар.
Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен кӛңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы
белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу ӛжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның кӛңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда ӛте ерте кездің ӛзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грек ғалымдар Гален, Гиппократтың еңбектерінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, адамның тәнінде тӛрт түрлі сұйықтық болады. Олар: денені жылытып тұратын - қан,
салқындататын - шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары ӛт және оған дымқылдық беретін қара ӛт (талақ). Темперамент туралы теориялар 19-шы ғасырдың аяқ кезінде де кең ӛріс алады. Кӛрнекті орыс педагоғы П.Ф.Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттардың жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. XX ғасырда темперамент туралы теориялық пікір айтқан ғалымның бірі Э. Кречмер (1888-1964). Ол «Тән құрылысы және мінез» атты еңбегінде темперамент турлері адамның дене құрылысымен конституциясымен
байланысты болады деді. Кречмер адамдарды дене құрылысымен конституциясына қарай тӛрт типке бәледі. Олар: пикник, атлетик, лептосоматик, диспластик. Э. Кречмердің сипаттауынша пикниктердің денесі тӛртпақ, қол аяғы мен мойны қысқа, бұлшық еттері нашар, Атлетиктер бойы ұзын, бұлшық еттері жақсы жетілген, жауырын мен
бӛксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрылысы пропорциялы болып келеді. Диспластик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр түрлі мүшелік зақым сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзыр, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер. Лептосоматик бойшаң, нәзік денелі, кӛкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол аяғы ұзын, сидыйған. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Ол темпераменттердің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын кӛрсетті. И. П. Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғары нерв қызметінің
және нерв процестерінің негізгі қасиеттері - козу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Нерв процестерінің негізгі қасиеттері: 1) күші, 2) тепе-теңдігі, 3) қозғалғыштығы. Холерик темпераменті. Бұл типтің ӛкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен кӛзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің ӛкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және тӛзімді, еңбекқор адам. Нерв процестерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
