Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый ДПП.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
121 Кб
Скачать
☆

39.Ауа райының ұзақ мерзімді болжаулардың дамуына б.П.Мультановский зерттеулерінің қосқан үлесі.

Мультановский және Пагава оқушыларымен құрастырылған ауа райын ұзақ мерзімге болжаудың қазіргі әдістерінде келесі негізгі ұғымдар қолданылады. Ол атмосферадағы әрекеттесу орталықтары нағыз синоптикалық аудан, кезең, элементарлық синоптикалық процес, нағыз синоптикалық маусым. 1.Климатологияда атмосфералық әрекеттесу орталықтары деп атмосфералық қысым орташа айлық және маусымдық алабында айқындалатын циклон және антициклон аймақтарды түсінеді. Мультановский атмосфера әрекеттесу орталықтарын ауа массаларының трансформациясы және қысым жүйелерінің қарқындылығын маңызды ауытқулар ошағы ретінде қарастыруды ұсынған. Европалық ауа райында әсер ететін атмосфералық әрекеттесу орталықтарын екі түрге бөлген: азор, полярлық. Атмосферада азорлық әрекеттесу орталығының белсенділігі европаның оңтүстік аудандарында шығыс бағытында жылжитын ядроларының бөлінуінде көрінеді. Атмосфералық полярлық әрекеттесу орталықтарына бірнеше қысым жүйелері жатады. Ол Ньюфаунленд және исландияның циклондары Гренланд және Таймир антициклондары.Бұл атмосфералық әрекеттесу орталықтарының белсенділігі еворпаға және жақын орналасқан аудандарға антициклондық енулердің жиілігімен және геграфиялық шектелуімен бағаланады. Бір уақыт аралығында антициклон жинақы карталарын талдай отырып Мультановский олардың траекториялары бір шақтарға топталатынын көрсетті.Осы шақтардың осьтері немесе медианалары жылы және суық мезгілдерге бөлінген. Антициклон солтүстік батыс, оңтүстік шығыс қарай бағытталған қалыпты немесе полярлық осьтер бойымен жылжыған кезде тропосферадан қоңыржай ендік негізінен батыс ағыны сақталады. Антициклон солтүстіктен оңтүстікке солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа немесе шығыстан батысқа қарай жылжыған кезде қоңыржай ендіктерде меридианальды циркуляция мен ауа райы маңызды ауытқулары байқалады. Мұндай процестер ультраполярлық деп аталады.

2.Нағыз синоптикалық аудан.

Мультановский европаның ауа райы ұзақ мерзімді болжауларын құрастырған кезде атмосфера полярлық және азор әректтесу орталықтарын қамтитын аймақ бойынша синоптикалық процесті зерттеген. Яғни Греландиядан Енисейге өтетін бойлықтан және оңтүстікке қарай 30 градус с.е кеңістікті қарастырған. Бұл кеңістік бірінші нағыз синоптикалық аудан деп аталады. Солтүстік жарты шарда үш нағыз синоптикалық ауданға бөлінген:

-н.с.а 50 градус б.б-90 градус ш.б

- н.с.а 90 градус ш.б -165 градус б.б

-н.с.а 105 градус б.б.-50 градус б.б

Барлық аудандардың оңтүстік шекараларын солтүстік ендіктің 20градус тең паралель алынған. Бір және екі аудандарда шекара ретінде орташа алғанда 90 градус ш.б алынған. 2 ,3  ауданда 165 градус б.б және 3, 1 ауданның арасында 50 градус б.б алынған. Бірақ синоптикалық процестің әр ауданда шектелмейді, макропроцестің кеңістікте және уақытта байланысты. Пагава жер бетіндегі тропосфераның әр түрлі деңгейіндегі ауа температураның көпжылдық айлық мәндерінің изаномал алқаптарының талдауымен негізделеді. Орташа көпжылдық изаномал карталар дегеніміз ол берілген жерде ауа температураның немесе Н 500/1000 мәндерінің орташа ендік мәндерінен ауытқулары берілетін карта. Осы карталар мұхит пен құрлық арасындағы жылу алмасудың ерекшеліктерін көрсетеді. Әр нағыз синоптикалық ауданда екі изаномал ошағы болады. Оң таңбалы және теріс таңбалы. Бірінші нағыз синоптикалық ауданда қаңтар айында изаномалдың оң таңбалы ошағы нарвеж теңізінің ал теріс таңбалы ошағы қазақстанда орналасқан. 2 нағыз синоптикалық ауданда изаномальдың оң таңбалы ошағы тынық мұхиттың солтүстік батысының теріс таңбалы ошағы шығыс сібірде байқалады. 3 нағыз синоптикалық ауданның изаномальдың оң таңбалы ошағы тынық мұхиттың солтүстік шығысында, теріс таңбалы ошағы солтүстік америка құрлығында орналасқан. Шілде айында оң таңбалы ошақтары құрлық үстінде теріс таңбалы мұхит үстінде орналасқан. Изаномалдың жазғы ошақтары анық көрсетілмейді. Екі жарты жылдықта нағыз синоптикалық ауданда шекаралары шамалы сәйкес келеді. Сондықтан нағыз синоптикалық аудан дегеніміз ол мұхит пенг құрлық арасынд\ағы жылу алмасудың сипатымен байланысты. Синоптикалық процесс дамуының өзіндік ерекшеліктері байқалады. Солтүстік жарты шардың кеңістігінің бөлігі нақты жағдайының орташа мерзімді болжау құрастырған кезде, шекаралары н.с.а ішінде орналасқан жұмыс ауданы анықталады.

Мультановский 1915 жылы енгізілген нағыз синоптикалық кезең ұғымы қолданылады. Нағыз синопт. Кезең дегеніміз н.с.кеңістігінде сақталған кезде белгілі түрде бағдарланған процесс дамитын уақыт аралығы. Пагава н.с.к тропосферада негізгі термобарикалық алқаптардың сақталатынын көрсетті. Бір нағыз синоптикалық кезең екіншісінен зональдылық немесе меридианальдылық дәрежесімен ажыратылады. Кац бойынша зональды меридианальды индекстерді есептеп кезеңнің шекарасын анықтауға болады. Нағыз син, кезең ұзақтығы 5-7күнді құрайды. Көбінесе нағыз син кезең барлық тропосферада бірдей басталады кейде жер бетінде рата тропосфераға қарағанда бір күн бұрын немесе кейін басталады. Н.с.к шекаралары жақын орналасқан н.с.аудан әдетте сейкес келмейді.

Элементарлық синоптикалық поцес әр н.с.к бір бірнеше син. Процес тұруы керенк. Элементарлық синоптикалық процестер ол қысымның таралуы мен жылы және суық ауа ағыстарының бағыты сақталатын уақыт аралығы 2-4күн. Егер н.с.к үлкен бір кемшілігімен уақыт бойынша тұрақтылығымен сипатталса, онда ол бір элементарлы синоптикалық кезеңдер басталуы элементарлы син процес бастауымен сәйкес келеді.

Нағыз синоптикалық маусым бұл ұғымды да Мультановский енгізген. Мультановский н.с.м ретінде белгілі осьтер жиынтығы әсер ететін уақыт аралығын қарастырған. Н.с.м ұғымы Пагавамен негізделіп тереңдетілген. Әр маусым тропосферадан негізгі термобарикалық алқаптардың ұқсас таралуы байқалатын біркелкі н.с.к басым болуымен сипатталатынын анықтаған. Сондықтан н.с.м дегеніміз ол мұхит пен құрлық арасындағы белгілі жылу ошағы сақталатын уақыт аралығы. Н.с.м шекаралары уақыт бойынша ауытқиды. Әр жылдың ерекшеліктерімен байланысты. Бірінші н.с.а алты нағыз синоптикалық маусым бөлінген. Ол қыс, көктем, жаздың бірінші және екінші жартысы күз және қыс алды.