Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652 Кб
Скачать
☆

8. Объектлер инспекторы.

Объектілер инспекторы С++ Builder-дағы объектілердің қасиеттерін өзгертуге арналған қарапайым және ыңғайлы интерфейспен және объект әсер беретін оқиғаларды басқарумен қамтамасыз етеді. Объектілер инспекторы терезесінде екі бет болады. Одан жоғары формада орналасқан барлық компоненттер тізімі бар. Ол жерден керектісін таңдап алуға болады. Объектілер Инспекторының қасиеттер(Properties) беті дәл осы уақытта қолданушы ерекшелеген объектінің қасиеттерін көрсетеді. Бос форма мен Объектілер Инспекторының қасиеттер терезесіне басу арқылы форманың қасиеттерін көруге болады. Бұл қасиеттерді өзгертуге болады. Қасиеттер мысалына Color(түсі), Height(биіктігі), Name(шрифт атауы), Style(стилі) келтіруге болады. Оқиғалар(Events) беті Объектілер Инспекторының екінші бөлімін құрайды. Онда таңдалған объект әсер беретін барлық оқиғалар көрсетілген. Мысалы, егер қолданушы форманы құру барысында қандай да бір әрекеттер орындау керек болса,онда OnCreate оқиғасын таңдау керек. Объектілер Инспекторын пайдалана отырып, қасиеттер мен оқиғалар жайлы контекстілік анықтаманы алуға да болады. Ол үшін Объектілер Инспекторы бетінде қажетті қасиетті немесе оқиғаны белгілеп F1 батырмасын басу керек. Объектілер Инспекторында қасиеттер мен оқиғаларды саралауға мүмкіндік бар және оларды категория бойынша топтастыруа да болады. Осы мүмкіндіктерді қолдану үшін Объектілер Инспекторы терезесінде оң жақ кнопканы басып, шыққан менюден View бөлімін таңдау керек. Ол кезде қасиеттер категориясының тізімі көрсетіледі. Әр категория жанында индикатор орналасқан. Ол индикаторды қосу арқылы тек сол категорияның қасиеттері шығатын болады. Toggle бөлімін таңдау бөлімдердің көрсетілуін ауыстырады,яғни бұрын көрінгендер көрінбей қалады және керісінше. All бөлімін таңдау барлық қасиеттер мен оқиғалардың көрінуіне әкеледі. Ал None бөлімін таңдау барлық қасиеттері мен оқиғаларды көрінбейтіндей етеді. Объектілер Инспекторы терезесінің төменгі бөлігінде көрінбейтін қасиеттер мен оқиғалар саны нұсқалады. Сол менюде сонымен қатар Arrange бөлімі бар,онда екі мүмкіндіктің бірін қоюға болады:by Name – қасиеттер мен оқиғаларды олардың аттарын алфавит ретімен топтастырады, немесе by Category – оларды категория бойынша сұрыптайды. Объектілер Инспекторының өте пайдалы қасиеті- берілген компонентте сілтемелері бар компоненттерді көрсету. Мысалы, MainMenu компонентіне форма сілтеледі. Ал ол компонент өз кезегінде бейнелер тізімі -ImageList компонентіне сілтеледі.Сілтеменің барын сол қасиеттің жанында «+» белгісінің бар болуы көсретеді. Осылайша Объектілер Инспекторы терезесінен шықпай бір толық байланысқан объектілердің тізбегінің қасиеттерін белгілеуге болады.

9. C++ Builder өңдеу ортасының тасу(перетаскивание) және салу(встраивание) терезелері.

Интеграцияланған өңдеу ортасында Drag&Doc технологиясы қолданылады. Бұл терезелерді тасу және салу. Салынатын терезені басқаларынан мынадай белгілері бойынша ажыратуға болады:1)Терезені жабу кнопкасы ғана бар жүйелік менюдің қысқартылған жолы.2)Басқанда шығатын менюде Docable қайта қосу кнопкасы бар, ол салынуды білдіреді. 3) Салынған терезені тасығанда егер терезе басқа терезе көлемінде орын ауыстыратын болса,оның рамкасының өлшемдері өзгеред.Терезелерді тасу экран аумағын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін салынған терезенің шекарасындағы екі рамкадан тарту керек. Бұл уақытта оны контейнер-терезеден алып, өздігінен жеке етуге болады. ClassExplorer терезесін Код Редакторы терезесіне орналастыруға болаы. Терезелерді Объектілер Инспекторына салуға өте ыңғайлы. Олар бұл кезде жеке беттерге орналасады және экранда қосымша ешқандай орын алмайды.Керек болғанда қолданушы керекті терезесін қарау үшін соның закладкасын басады. Drag&Doc терезелерді салу технологиясы инструментальды панельдерде жасалған. Панельдерді басқару,өзгерту мүмкіндігі өте кең. Керек емес панельдерді көрінбейтіндей етіп те жасауға болады. Жеке панельдердің құрамына кнопкалар қосу немесе алып тастау арқылы өзгертуге болады.