Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652 Кб
Скачать
☆

12. Проектнің негізгі файлдары.

Проектінің негізгі файлы(.cpp)

С++ Builder .срр файлын қосымшаны инициализациялайтын және оны орындауға жіберетін WinMain негізгі функциясы үшін құрады.

Проект опциясының файлы(.bpr)

Бұл текстілік файлда проект опцияларының орнатылуы мен проектіге қандай файл компиляцияланатынын нұсқауы болады. Файл XML форматында сақталады.

Проект ресурстарының файлы (.res)

Проект ресурстары: пиктограммалар, курсорлары бар екілік файл. Үнсіз келісім бойынша тек проектінің пиктограммасы болады. Бейнелер Редакторы арқылы толықтырылады.

Модульді орындау файлы (.срр)

Қолданушы құрған әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульді орындаудың текстілік файлы сәйкес келеді. Кейде қолданушы өзі формамен байланысы жоқ модульдерді құра алады.

Модульдің тақырыптық файлы (.һ)

Қолданушы құрған әрбір формаға кодты сақтауға арналған модульді орындаудың текстілік файлымен қатар оның форма класының суреттелуі бар тақырыптық файлы сәйкес келеді. Қолданушы өзі де керекті тақырыптық файлдарды құра алады.

Форма файлы (.dfm)

Бұл С++ Builder құрған формалар туралы ақпаратты сақтауға арналған екілік немесе текстілік файл.Оны текстілік файл түрінде немесе форма түрінде көруге болады. Әрбір форма файлына модуль файлы(.срр) сәйкес келеді.

Компоненттің тақырыптық файлы(.һрр)

Қолданушы жаңа компонент құрған кезде файл құрылады. Бұл файлдарды Include\VCL каталогында орналасқан компоненттер кітапханасынан қосуға болады.

Проектілер тобының файлы(.bpg)

Проектілер тобын құру барысында С++ Builder-да құрылатын текстілік файл.

Пакеттер файлы(.bpl және .bpk)

Бұл екілік файлдар С++ Builder-да пакеттермен жұмыс жасағанда қолданылады: .bpl – проектінің өзінің файлы, .bpk – пакеттің компиляциясы мен компоновкасын анықтайтын файл.

Проектінің жұмыс столының файлы(.dsk)

Бұл текстілік файлда проектімен соңғы жасалған жұмыс туралы ақпарат сақталады: ашық тұрған терезелер,олардың орналасуы мен көлемдері. Осыған байланысты жаңа сеанс кезінде алдындағы сеанстағы терезені көруге мүмкіндік болады. Файл тек Autosave options/Project desktop опциясы қосылғанда орындалады.

Келесі файлдарды компилятор құрады:

Орындалатын файл(.ехе)

Бұл қосымшаның орындалушы файлы. Ол автономды орындалушы файл болып табылады.

Модульдің объектілік файлы(.obj)

Бұл соңғы орындалатын файлға компоновкасы орындалатын компиляциядан өткен модуль файлы(.срр)

Динамикалық қосылатын кітапхана(.dll)

Бұл файл егер сіз жеке DLL-ды жобалаған жағдайда құрылады.

Символдар кестесінің файлы (.tds)

Қосымшаны ретке келтіруде реттеуші қолданатын екілік файл

Таңдамалы компоновка файлы (.il?)

Il(.ilc, .ild, .ilf, .ils) кеңейтілуінен басталатын файлдар,олар соңғы сеанстан кейінгі файлдардың қайталап компоновкасын жасауға мүмкіндік береді.

Басқа да Windows файлдары:

Анықтама файлдары(.hlp)

Бұл Windows анықтамасының стандартты файлдары

Бейнелер файлдары немесе графикалық файлдар(.wmf, .bmp, .ico)

Бұл файлдар әдетте Windows қосымшасында көркем қолданушы интерфейсін құруда қолданылады.