Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3курс инф .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
652 Кб
Скачать
☆

16. Проект менеджері(Project Manajer).

Проект менеджері(Project Manajer) – бұл проектілер тобын басқаратын инструмент. Проектлер тобы – бұл параллельді түрде жұмыс жасауға ыңғайлы біртектес проектлер тобын білдіретін термин. Мысалы, бұл клиент пен сервердің проектілері болуы мүмкін,олар қандай да бір ақпаратпен алмасады. Проект менеджері View| Project Manager командасымен ашылады. Егер сол уақытта ашық проект болмаса Проект Менеджері терезесінде <No Project Group> деген жазу шығады. Егер ашық проект болса,онда үнсіз келісім бойынша ProjectGroup1 атты топ құрылады,онда тек бір ғана проект болады. Әр түрлі модульдерге жататын жолдар жанында «+» символы тұрады. Оған басу арқылы сол модульдің құрамын ашуға болады. Осылайша Проект Менеджері қиын проект модульдерін қарауға ыңғайлы тәсіл береді.New кнопкасы топқа жаңа проект қосуға мүмкіндік береді. Remove(жою) кнопкасының іс-әрекеті Проект Менеджерінде қай жолдың ерекшеленіп тұрғанына байланысты. Егер модуль немесе форма ерекшеленген болса,онда сол объект жойылады. Ал егер .exe файлдың жолы ерекшеленген болса,онда проекттің өзі жойылады. Әрбір жоюдың алдында қандай да бір объектті жоюға келісім немесе келіспеу туралы сұраныс шығады. Егер жұмыс барысында шығатын менюді қолданатын болса,онда Open(ашу), Remove from Project(проекттен жою), Save(сақтау), Save As(қалай сақтау) және тағы басқа бөлімдер бар болады. Егер терезеде модуль емес, проектті-файл аты .ехе ерекшеленген болса,онда менюде Add(жаңа форма немесе модуль қосу), Remove File(файлды жою – жою керек модульді таңдап алуға болатын диалогтық терезе пайда болады), Save(проектті сақтау) және тағы басқа бөлімдер шығады. Топқа тағы да проект қосу екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады. Егер жаңа проект қосу керек болса, Проекттер Менеджері терезесінде New кнопкасын басып немесе проект тобының атын терезеде ерекшелеп,оң жақ батырманы басып,шыққан менюден Add New Project(жаңа проект қосу) деген бөлімді таңдауға болады. Егер топқа оған дейін құрылып жасалған проектіні қосу керек болса,проект тобының атын терезеде ерекшелеп,оң жақ батырманы басып,шыққан менюден Add Existing Project(бар проектті қосу) бөлімін таңдау керек. Топқа жаңа проект қосқанда Проект Менеджері терезесінде топтың барлық проектлері жайлы ақпарат тұратын болады. Топтың файлын сақтау үшін File| Save As командасын орындауға болады немесе Проект Менеджері терезесінде топтың атын ерекшелеп,оң жақ батырманы басып, шыққан менюден Save Project Group немесе Save Project Group As командасын таңдау керек. Проекттер тобы .bpg кеңейтілуімен сақталады. Проект Менеджері терезесі – салуға болатын, сол үшін оны,мысалы, Объектілер Инспекторына салуға болады, және ол экранда артық орын алмайды. Проект Менеджердің тағы бір ерекшелігі – файлдар талының қайсыбір түйіндері үшін локальды опцияларды тағайындау мүмкіндігі. Бұл проектлерді әр түрлі модульдер үшін әр түрлі қасиеттермен компиляциялауға мүмкіндік береді.

17. To-Do List тізімінің жұмысын жоспарлау.

To-Do List тізімі проектті жасау барысында шешу керек болатын ағымдағы есептердің тізімі болып табылады. Бұл есептер тізбекке тікелей кіруі мүмкін немесе модульдің кодынан соған қарай берілуі мүмкін. Тізімді жүргізу жұмысты жоспарлауды жеңілдетеді, есептерді саралауға және олардың өз уақытында және өз реті бойынша шешілуін қадағалауға мүмкіндік береді. Тізім әрбір проект үшін құрылуы мүмкін және файлда .todo кеңейтілуімен сақталады. Ағымдағы проектмен байланысқан To-Do List тізімін View| To-Do List командасымен көруге болады. Пайда болған тізімде келесідей кестелер бар:

Action Item

Шешілуге тиіс есептер. Әрбір есепке көрсетіледі:

Индикатор

Осы есептің шешілгендігін көрсетеді. Индикатор жалаушасы сол есептің шешілгендігін білдіреді.Бірақ ол кезде есеп жолы сызылған етіп көрсетіледі. Егер тізім қосылмаған Show Completed Items опциясымен болса,онда орындалған есептер тізімде мүмлдем болмайды.

Пиктограмма

Есептің сипатын көрсетеді:терезе пиктограммасы тікелей тізімге енген есепке сәйкес келеді,ал модуль пиктограммасы модуль кодына енгізілген есепке сәйкес келеді.Егер модуль пиктограммасы сұр түсті болса,бұл берілген модульдің ағымдағы проекттің бөлігі екендігін білдіреді.

Текст

Есепті суреттейді.Егер текст сұр түсті болса,бұл есептің Код Редакторында ашылмаған, берілген проекттің бөлігі болып табылатын модуль кодына енгізілгендігін білдіреді.

Priority

Бағанның тақырыбында леп белгісі көрсетіледі.Есептің деңгей приоритеті көрсетеді.Ең үлкен деңгей приоритетіне 1 сәйкес келеді,ең төменгі деңгей – 5.0 деңгейі берілген есепте приоритеттің жоқ екенін көрсетеді.

Module

Есеп енгізілген модульдің атын сақтайды.Бұл тізімнің бағаны автоматты түрде толтырылады.

Owner

Берілген есепті шешуге жауаптыны көрсетеді.

Category

Берілген есептің класын көрсетеді.

Тізімде оң жақ батырманы басқанда контекстілік меню шығады,онда бірнеше командалар мен опцияларды таңдап алуға болады:

Add

Тізімге жаңа есепті енгізу.Диалогтық терезеде оны текстін(Text),классын(Category),приоритетін(Priority) және жауаптыны(Owner) көрсетуге болады.

Delete

Тізімнен есепті жою. Осыны есепті ерекшелеп Delete кнопкасын басу арқылы да жасауға болады.

Edit

Есептің суреттелуін өзгерту.Бұл кезде жаңа есепті енгізетін терезе сияқты диалогтық терезеге өтіп,керекті ақпаратты өзгерте алуға болады.Done индикаторын қою арқылы есептің аяқталғандығын белгілей аласыз.Оны тізім терезесінде де жасауға болады.

Start

Тізімді көрсетудің сұрыпталуы:Action Item-есептердің алфавиттік реті бойынша,Status-алдымен шығарылған,содан соң шығарылмаған есептер көрінеді,Type-алдымен алфавит бойынша тікелей тізімге енген,ал содан кейін модульге енгізілген есептер, Priority-приоритет бойынша, Module-модульдердің алфавиттік реті бойынша, Owner-жауаптылардың алфавиттік реті бойынша, Category-есептер классының алфавиттік реті бойынша.

Filter

Тізімде көрсетілетін есептердің фильтрациясы. Көрсету керек болған жағдайда есептер класын(Categories), жауаптыларды(Owners), және есептер типі(Item types) таңдауға болады.Current project source files-проект файлына енгізілген есептер, Open source files-ашық модуль файлдарына енгізілген есептер, Project To-Do file-тікелей тізімнің өзіне енгізілген есептер.

Show Completed Items

Орындалған есептерді көрсетуді қосатын опция

Show ToolTips When Clipped

Егер текст колонкада толық көрсетілмеген болса, курсорды жылжытқанда толық тексттің көрінуін қосатын опция

Copy As

Тізімді текст түрінде (Text) және HTML кестесі түрінде( HTML Table) көшіру

Table Properties

Copу As| HTML Table опциясын қолдану барысында кестенің көсретілуінің атрибуттарын белгілеу.