- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Даналық ойдан дән ізде
Күтімі жаман ағаштың
Бітімі де жаман.
Талапты ерге нұр жауар.
Жығылғанға жұдырық.
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Тапсырма:Жұмбақтарды шешіңіздер.
1.Жартысы 2.Сұрғылт түтін,
Жадыратып нұр себеді, Бүркесе маңайды
Қалғаны Адастырар талайды.
Қара мақпал бүркенеді. 4.Біреуін бердім,
3.Бұйра жасап сан қилы Онын тердім.
Сұйық жазық шалқиды. 6.Дауылға нық күші,
5.Түбі толған құмалақ. Ағаштың мықтысы.
Қосымша әдебиет.
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А.
Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті .А.
Сабақ №16. Бақылау жұмысы
Тапсырма:Мына мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып, сөйлем құраңыздар:
1. Көз жетпеген жерге сөз жетеді. 2.Жартыны жарып жеген-татулықтың белгісі. 3.Ер дәулеті-еңбек. 4.Өнерлінің өзегі талмас. 5.Көптен дәме еткен-аздан құр қалар. 6.Ақылды басшың болса,адаспассың. 7.Жігіттің түсін айтпа, ісін айт. 8.Олақтан салақ жаман. 9.Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.10.Талаптың жолы тастан да ауыр.
Тапсырма:Мына біріккен сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.
Шекара, алабұға, қалжыңбас, тасбақа, жолбарыс, өнеркәсіп, әнеугүні, Сырдария.
Тапсырма:Қос сөздерді тұлғасына қарай топтап, қалай жасалғанын айтыңдар.
1.Әке-шешесі жасында өліп, жетім қалған Самайкеннің мал-мүлкін ағайындары талап алады да, өзін қаңғыртып жібереді.2.Сөйтіп, қайда ойын-сауық болса, соған барып, елді аралайды да жүреді. 3.Әшейінде зәбір-жапа, қорлық-зорлық деген ұғыныстар ойланған сайын ысырыла-ысырыла аяғында біржола сезілмей кеткендей. 4.Танк өзінен-өзі жұлқынып қалғандай да болды, гүрс етіп, шаң-топырақ та бұрқ ете қалды. 5.Мойны жіп-жіңішке, әрі ұп-ұзын жұтқыншағы шығып тұрған біреу. 6.Екеуінің қол-басы мал қасапаған адамдардікіндей қып-қызыл ала.7.Мақсат қолын айнала сермеп, көрген-білгенін жеткізіп жатыр.8.Дауыстарында бірін-бірі кінәлау бар.
Тапсырма:Текстегі сөздерді сөз тұлғасына қарай ажыратыңыздар.
1.Асылбек Сейітұлы бас болып кеткен санақшылар да келді.2.Басына үкілі киіп, мың бұралып қамажайға билегенін көрсең. 3.Әлсін-әлсін қыңсылып қойып, көпшілік шуылынан ұйықтай алмай жатқан жас баланы теңселіп тербетеді. 4.Балалы-шағалы болғанша, Шәйін мен Злиха бұл елге жоламайды. 5.Бәрі де кең даланың тегін жатқан байлықтарынан қайтсем айырылып қалмас екем деген ойға жанаса беріп, домалап-домалап аяқ астына түсіп жатыр.
Тапсырма:Текстегі тұрлаулы мүшелерге толық талдау жасаңыз, мәтінге тақырып қойыңыз.
Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді, адамның да басына жастық шақ екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді, сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинау тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік ете алмайды.
(М.Дулатов).
