Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
233 Кб
Скачать
☆

Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн

Телестудиясынан көрсетіледі.

Немістер ұнатып тамашалайтын «АВС»телеарнасының өзімізге белгілі «Саяхатшылар» іспеттес хабарын ұйымдастырып,оны жүргізетін Кельн қаласының бір топ журналисті жақында Қарағандыда болып қайтты.Олар алдағы көктемде бүкіл Германияға көрсетілетін 45 минуттік деректі телевизиялық фильм түсіру үшін облысты аралап шықты.

Неміс журналистері алыс-жақынға әйгілі құсбегі Тілеуқабыл Есенбекұлымен кездесті.Ол бауылған қыран құстардың аңдарға шүйлігуін қызыға тамашалап, хабарларын ұлттық саятшылық өнердің қайталанбас көріністерімен толықтырды.

«Мен қазақ халқымен, қазақ жерімен алғаш рет таныстым. Көзбен көрген бөлек көрінеді.Үлкен әсерге бөледі.Алдағы жазда тағы келіп,бастаған жұмысымызды жалғастыра түсуге құштар болып барамыз», -деді Лахауэр ханым.

Тапсырма:Германияның өнер, спорт, ғылым қайраткерлері туралы әңгімелесіңіздер.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

Жалғаулықтары:бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де,сөйтсе де.

Бұл жалғаулықтар арқылы айтылған жай сөйлемдер біріне-бірі қарсы қойылған хабарларды білдіреді.Мысалы:Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар,бірақ сен әлі жассың.

Тапсырма:Салалас құрмаластардың қайсысы ыңғайлас мәнді,қайсысы қарсылық мәнді екенін ажыратыңыздар.

1.Мен айтып болдым, енді сіз айтыңыз.2.Баршагүл сәлем беріп еді,-ол қырын қарап кетті.3.Терезеден қарап тұрған Айғанша дір етіп қалды да Игілік қап-қара болып түнеріп кетті.4.Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін.5.Мінген атының мінезі шәлкестеу еді және түйеден үркитін еді. 6.Жауынгерлік сапарға біз бірнеше күннен бері дайындалдық.7.Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ,-қорқыныш қана бар.

Тапсырма:Бірақ, алайда, дегенмен, сөйтсе де, ал жалғаулықтарын келтіріп,қарсылықты салалас сөйлемдер құрыңыз.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Айдағаның бес ешкі-ысқырғаның жер жер жарады.(мақал)

  2. Еңбек түбі-қуаныш,сауда түбі-реніш.(мақал)

Қосымша әдебиет.

  1. А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А.2001

  2. Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті .А.2006

Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Тапсырма:Мәтінді оқыңыздар.

Германиядағы ҚР-ның елшісінің өтініші бойынша Берлин қаласының Панков ауданындағы депутаттар жиналысы ҚР-ның елшілігі орналасқан көшелердің бірін Қазақстанның ұлы ақыны және ойшыл-Абайдың атымен атауға бірауыздан шешім қабылдады-деп хабарлайды Германиядағы ҚР-сы елшілігінің баспасөз қызметі.

Ертеректе бұл ұсынысты Берлин қаласының бургомистрі Э.Дипкен, Панков ауданының бургомистрі Г.Грунвальд және Панков ауданының мәдениет жөніндегі депутаттар жиналысының комиссиясы қолдаған еді.

Тапсырма:

  1. Қазақстанның Германиядағы елшілігі қызметі,онда тұратын қазақтар

туралы бір-біріңізбен әңгімелесіңіздер.

  1. Алматы қаласындағы И.В.Гете атындағы институт туралы не білесіз?

Мәтінді оқыңыздар.

Неміс офицері қазақ тілін меңгермек

Қазақстандағы Германия елшілігінің әскери атташе қызметіне күні кеше тағайындалған Германия Бас штабының аға лейтенанты Йогр Ладевиг қазақ тілін үйренуге ниет білдіріп, Алматыға келісімен Қазақстан әскери күштерінің лингвистикалық орталығының үш айлық курсына жазылып та үлгерді.

Елшілік қызметкерлерінің айтуынша, жаңадан тағайындалған әскери атташе Қазақстанның мемлекеттік тілін жетік меңгермейінше өз қызметіне кіріспеймін деп отырыса кеткен.

Аға лейтенант Ладевиг мырза кезінде Фрунзе атындағы Мәскеу әскери академиясын тәмамдаған, орыс тілінде таза сөйлейді.1990 жылдан Бундесвер құрамында.

Тапсырма:Неміс тілі, оның халықаралық қарым-қатынастарда алатын орны, неміс тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы әңгімелесіңіздер.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Қазақ тілінің шын мәнінде мемлекеттік тіл деңгейінде болуына

қазіргі кезде қандай кедергілер бар деп ойлайсыздар?

  1. Неміс офицерінің қазақ тіліне деген көзқарасы нені білдіреді?

Талғаулы салалас сөйлемдер.

Жалғаулықтары:әлде, не, немесе, я, яки, болмаса; орысша болмаса «или».Бұл жалғаулықтар арқылы жай сөйлемдерде айтылып тұрған істің біреуі болғанда,екіншісі болмайтыны білдіріледі. Мысалы:Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар,немесе құлағымен естіген айтар. Малды не жерден сұрау керек,не аққан терден сұрау керек.

Тапсырма:Талғаулы салаластарды тауып, олардың қандай жалғаулықтар арқылы жасалып тұрғанын көрсетіңіздер.

1.Тайды көрген Нұрмағамбеттің қуанғандығы сондай-кішкене денесін кең дүниеге сыйғыза алмайды:біресе екі санын шапалақтап аспанға қарады, біресе қап жерге домалады.2.Қазірде өлімге бой ұрғаныма, жоқ,талғаны ма, әйтеуір, өңі өзгеріп,тіршілік ажары кетіп бойы суынып кетіп бойы суынып кетіп бара жатты.3.Бұлардың бәріне ғажайып қаласың және ақылың жетпейді,осылардың бәрі де кез келгендікпенен бір нәрседен жаралған ба,яғни бұлардың иесі бір өлшеусіз ақы ма.4.Көктемдегінше қызыл-жасыл киінген тұрғындары не ерсілі-серуендеп жүрді,не қамыс қалпақтарының астынан қаркөк теңіз төсіне я теңізші киіміндегі ағылшын патшасының аспанмен таласқан зәулім ескерткіштеріне сығырая қарап,құрма ағаштарының түбінде отырады.5.Құрбысы шақырса, күреске қайта түсетін.Бұл жолы өте сақ қимылдап, құрбысымен я ит жығыс түсетін, я бұл оны жеңетін.

Тапсырма:Не,немесе, я, әлде шылаулары арқылы байланысқан сөйлем құрастырып жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]