Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
233 Кб
Скачать
☆

Себеп бағыныңқылы сабақтас.

Себеп бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істің себебін көрсетеді.

Себеп бағыныңқының баяндауыштары есімшесі-дықтан,-діктен қосымшаның жалғануы арқылы (ған+дықтан, ген+діктен), есімшеден кейін соң шылауының тіркесуі арқылы – ған, - ген соң, көсемшеден (ып, іп, п және оның болымсыз түрінен) жасалады.

Себеп бағыныңқының сұраулары: Неліктен? Не еткен соң? Қайткен соң?

Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады. Дәметкен жанды жазып кеткен соң, соның орнына келіп отырмын.

Тапсырма: Себеп бағыныңқылы сабақтастардың жасалу жолдарына сипаттама беріңдер.

1.Одан көп жатуға уақыт мүмкіндік бермей, он шақты күннен кейін мен Павлодар жаққа жүріп кеттім. 2.Күн сәулесі кеткендіктен, үйдің іші күңгірт еді. 3.Үлкендер ырық бермей кеткен соң, Жанәбілді ертіп көлге келдім. 4.Қуанышым қойныма сыймай, үйден шыға жүгірдім. 5.Амантайдың бір көзінің алдында жас кезінде күйдіргі шығып, азырақ тыртығы бар.

Тапсырма: Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрыңыз.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Егер ұзақ өмір сүргің келсе,онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас балды үзбей жей бер. Ибн Сина

  2. Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайда бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе.

Тапсырма: Жұмбақтарды шешіңіздер.

  1. Тұтқасыз тобатай 3. Өзі тұрғанымен мелшиіп

Ұнатар, көп апай Жап-жалтыр жүзіне

  1. Адамдардың киімін, Кетеді ел сиып.

Ұстап тұрар иығым.

Қосымша әдебиет.

  1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А., 2001 ж.

  2. Н.Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. А., 2006 ж.

Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас

Тапсырма: Мәтінді оқып,пікірлесіңіздер

Құрама Штаттардағы менің әріптестерім үнемі маған “Қазақстанға Америка туралы қандай жаксы әсерлермен ораласың” деген сауалды қоюмен болды.Оның жауабы маған кейін ғана айқындала басталды. АҚШ-қа келген беттегі ең алғашқы әсер жан-жағында орнаған мұнтаздай тазалық болатын. Екінші ерекшелік мұнда барлық істердің адамдар үшін,олардың игілігі үшін жасалатындығы.

Америкада болып тәжірибе алмасу екі жағынан құнды. Біріншіден, біздің топ орта және оқу орындарының оқытушыларынан,Білім министрлігі қызметкерлерінен,жеке меншік жоғары оқу орындары өкілдерінен тұрды. Соған орай мамандар да әр алуан болды. Екіншіден, “Қоғамдық байланыстар” бағдарламасы тұңғыш рет қазақстандықтар үшін ЮСИА білім беру жүйесі бойынша дайындалып,өта бай ақпараттық және мәдени бағдарламаларды қамтыған. Сондықтан да аз уақыттың ішінде көп нәрсесін көріп,көп нәрседен мағлұмат алудың сәті түсті. Таңертеңгі сағат 8,30-дан 17,00-ге дейін лекциялар,дөңгелек үстелдер,практикалық сабақтар өткізілсе,кеште түрлі іс-шараларға ұласып жатты. Ал демалыс күндер Орегон штатының көрікті орындарын аралауға арналды.

Американдық тәлімгерлеріміздің өз елдерін қазақстандықтардың алдында ерекше бір сипатта көрсетуге тырыспауы мен үшін аса маңызды жағдай ретінде көрінді. Біз білім беру жүйесіне қатысты көптеген күрделі мәселелерді талқыладық, олар болса американдықтар өмірінің қарама-қайшылықтарын жасыруды мақсат еткен жоқ. Оның өзі біздің олардың өмірін шынайы танып-білуімізге ,өз жұмысымызды екі жүйені салыстыра қарауымызға жақсы жағдай жасады.

Соңғы он күнде біздің топтың әр мүшесі американдық отбасында тұрып, олардың мәдениеті мен меймандостығын танып-білуге мүмкіндік алды. Бәрінен де бізді көшелерде мастардың жоқтығы таң қалдырды. Көптеген қоғамдық орындарда ішімдікке тыйым салынған. Теледидар бағдарламаларында да не алькогольді не темекіні насихаттайтын жарнамалар жоқ.

Льюстің, Кларктің, Ридтің жеке меншік колледждері, университет қалащықтары Портлэнд қаласының көркем табиғатты жерлерінде орналасқан. Олар өте бай кітапханалармен,тамаша студент асханаларымен және жатақханалармен жабдықталған. Аудиториялар қазіргі заманға сай,тіпті атомды миниреактор қойылған аудиториялар да бар. Орегон штатының жеке меншік және мемлекеттік колледждері штаттың 30 пайыз студенттеріне жоғары білім береді. Оқу мерзімі- 4 жыл.

Штатқа қаржы көмегін көрсету жөніндегі агенттік студенттерге де қолдау жасап отырады. Орегон қаласында тұратын студенттерге қаржылай жәрдем беру жөнінен түрлі бағдарламаларды жүзеге асырады. Университеттерде студент сәбилеріне арналған бала бақшалар өте жақсы ұйымдастырылған. Оқуға және тұрмысқа қажетті ақшаны өздері табуға тиіс болғандықтан ,студенттердің сабақтан тыс уақыттардағы жұмысқа ораласу мәселесі алдын ала ойластырылған.

Амал-бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы сыңары басыңқыдағы іс,оқиғаның қалай орындалғанын білдіретін сабақтас құрмаласты амал бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқылы сыңары Қалай? Қайтіп? сұрақтарына жауап береді,баяндауышы көсемшенің ып, іп, а, е, й тұлғалары арқылы және өткен шақ есімшеге –дай,-дей тұлғалары жалғануы арқылы жасалады.

Құлағында үлкен күміс сырғасы сілкіне түсіп, стол басы тола отырған жұртқа қозғалып шай құйып отыр. Қалжыңы, күлкісі араласа,шай өте көңілді ішілді. Сол түннің өзінде Алшынбайдың барды аямай, мырзалыққа мырзалық орай етіп көсілетіні мәлім болған.(М.Әуезов).Басының ішінде қорғасыны босаған бір ескі сақа жүргендей, бірдеме сықылдайтын сияқтанады. (Ғ.Мүсірепов).

Тапсырма: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастардың жасалу жолына сипаттама беріңіздер.

1.Қаулап өскен шөп үстінде қанаттары жалтылдап қызылды-жасылды көбелек жүр.2. Сапар бұған қарсылық білдірместен Жарқын мезгеген тұсқа барды. 3.Дина мен Тұрақұл бірін-бірі танымаса да,саулық сұрасты. 4. Салалы саусақтары домбыра мойнын қыса ұстап,ауыр қозғалып,қонағына қарады. 5. Ана оның сөзін күтпей,өзі бастап кетті. 6. Біреулер кітап оқып,біреулер шахмат ойнап отыр. 7. Бөлме іші үнсіз тынып,ғажайып бір тыныштық туа қалды. 8. Астыңғы ернін салбырата, мінбеге Әкім шықты.

Тапсырма: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем құраңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]