Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
233 Кб
Скачать
☆

Даналық ойдан дән ізде.

  1. Сәлемі түзудің-сөзі түзу.

  2. Сәлемге сөз таба білмеген, халыққа жол таба білмейді.

  3. Танысы аздың-тынысы аз.

  4. Жаманның қоштасқанын байқамай қаласың.

  5. Қоштаса білу кісіліктің белгісі.

Тапсырма:Жұмбақтарды шешіңіздер

  1. Жақсымен тең көрген,

Ата-ана да жөн көрген.

Орындықпен төңкерген.

  1. Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады.

  1. Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа

  1. Бал татыған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

  1. Басы – қылыш нұсқасы,

Сабында бар тұтқасы.

Қосымша әдебиет.

  1. А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі. А,2001ж.

  2. Н.Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті А.,2006 ж

Сабақ 20.Өткенді қайталау

Тапсырма:Текстегі сөздердің қосымшаларын бөліп жазып, жаттығуды көшіріңіздер.

Сондықтан мылтықтарды алдыр. Төрт-бес жігітті қасымызға алып ,есікті бекітіп отырайық. Адам салып жұмысын сұраймыз. Мәмілеге келсе, сұрағандарын беріп құтылған жөн.Тақа, болмай, бара жатса, мылтықтың астына алармыз. Жанынан безген жындылар қанша дейсің, екеу-үшеуі оққа жығылса, былайғылары өздері-ақ қашады,–деп Иван ақылын үсті-үстіне түйдектетті.

Тапсырма:Сөз табына қарай талдаңыз.

Жаңа жеккен от басымен алысады. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. Бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей берем... Кім біледі, яки,көрсе де, біраз уақыт сағынуға тұра келер деген ой елестейді. Бірімізге -біріміз сөйлеспесек те, біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз.

Тапсырма:Мына сұрақтарға жауап беріп, сөйлемдер құрастырыңыздар. Оларды сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

Сіз нені ұнатып, нені жек көресіз? Неліктен? Қандай нәрсені не үшін мақтан тұтасыз? Қай тілдерді не үшін білгіңіз келеді? Келешекке жоспарыңыз қалай? Жалпы болашақ туралы не ойлайсыз?

Тапсырма:Сөйлемдерден қыстырма сөздерді тауып, тиісті тыныс белгісін қойыңыз, мағынасына көңіл аударыңыз.

Мен шынымды айтайын, сасудамын.Олардың айтуынша Молдағазы аршын бойлы, өзі сұлу,ақылды, салмақты жігіт боп өскен. Мүмкін Байқаман бабын тапқан болар.

Тапсырма:Оқшау сөздердің әр түрін қатыстырып, сөйлем құрастрңыздар.

Тапсырма:Сөйлемдерден пысықтауыштарды тауып, сұрақтарын қойыңыз.

Жаз бойы жалғыз тіршілік етті. Күндіз келіп көл бойы жағасындағы қамыста жатады. Екі рет қуғын болды. Бірақ тар үйде көп бөтен кісінің ортасында Аққасқа жиі ашу шақырады. Қараңғы ала көлеңкеде жатқанда екі көзі қып-қызыл шамша жанады. Құрметпен еске алады. Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші дегдуін күтіп, бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан. Олжабек көп әңгімелесіп, тұра алмады. Даладағы егіншілерді аралап құйғытқан екі атты осылай қарай ойыса шапт.

Қосымша әдебиет.

  1. А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі. А,2001ж.

  2. Н.Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті А.,2006 ж

Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...

Асқан сахна шебері Шәкен Айманов жасаған бейнелердің ішінде «Асауға-тұсаудағы» Петруччио ерекше орын алады. Шәкен Петруччио рөлінде аса бір зор құштарлықпен, ілтипатпен ойнаушы еді.Ол «Асауға-тұсау» болатын күні қатты дайындалып, өте бір жауапкершілікпен жеке майданға шығатын адамдай кірісетін. «Петруччио» десе Шәкен аты бірге жүретінін ол жақсы білді. Шәкеннің Петруччиодан басқа арман еткен бейнесі- Отелло еді. Театрда істеген сонғы жылдары бұл арманына да жетті. Отелло бейнесі де Шәкеннің үлкен табыстарының бірі екенінде сөз жоқ.

Шәкен Шекспиридің туғанына 400 жыл толу мерекесіне арнайы шақырылып, оның туған елі Англияға барып,Шекспир театрында Отеллоны ойнады.Тамаша ағылшын актері әрі режиссері Лоуренс Оливьенің өнерімен танысып, қайран қалады.Ол ойнаған Отелло Шәкенге мәңгілік есте қалардай әсер етеді. Оливьенің сұрауы бойынша Шәкен Отеллоның монологін қазақ тілінде оқып береді. Бұған риза болған ағылшын актері Шәкеннің қолын алып, ескерткішке қол қойып, өз суретін сыйлайды. Лоуренс Оливье ұлы Шекспирдің Отеллосын өзіне таныс емес қазақ тілінде көріп, оның ағылшын тілінен кем шықпай тұрғанын аңғарып, әдемі,жатық екеніне таң қалып: «Сіздің тілде поэзиялық зор қасиет бар екен» деген.

Шәкен Оливьемен жалпы өнер, театр жөнінде көп әңгімелесіп,оған қазақ халқының ауыз әдебиеті мен театр өнері туралы айтып береді.

(К.Кенжетаев)

Тапсырма: Мәтінді оқып,бір-біріңізге сұрақтар қойыңыздар.

Тапсырма: Бір-біріңізге сұрақ қойып, пікірлесіңіздер.

Тапсырма:Төмендегі сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер жазыңыздар.

Сахна шебері, ерекше орын алу, арман ету, арманға жету, үлкен табыс, туған ел, қайран қалу, мәңгілік есте қалардай, ауыз әдебиеті, театр өнері.

Тапсырма:Өзіңізге ерекше әсер еткен қойылым туралы әңгімелеңіз.

Тапсырма:Бір-біріңізбен пікір алысыңыздар

  1. Ұлыбританияның театр өнері туралы

  2. Қазақстаннң театр өнері туралы

  3. Қазақстан мен Ұлыбританияның мәдени қарым-қатынастары жөнінде

Тапсырма:Төменде берілген тақырыптардың біріне шығарма жазыңдар.

  1. Қазақстан мен Ұлыбритания үлкен әріптестік жолында.

  2. Батыс және біз.

  3. Қазақстан британдықтардың көзімен

  4. Қазақстанның аймақтық және ғаламдық саясаттағы рөлі

  5. Ұлыбританиядан нені үйренуге болады?

Тапсырма:Бірыңғай мүшелерді тауып олардың қалай байланысқанын және қай мүшеге қатысты екенін талдаңыз.

1.Өткеннің жақсысы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді. 2.Сіз адасқанға күле қарағандай не бейтарап тұрғандай көрінесіз.3.Көз тоқтата қарап өтті. 4.Осы қарасы, баяу үні Ырымбекке терең де жылы да сезілді. 5.Қазақ байларының бар байлығы жер мен мал еді. 6.Байлар қазір тақырға, шөлге, тау мен тасқа қамалған шақ.7.Қырда колхоз, совхоз, ойда қала мен завод жұтып жатыр бәрін.8.Жаулықты биік салынатын, сәнді киінетін Көпей жұртқа ұната алмайтын да, Көпейді қия алмайтын.10.Игілік бұған бетін бұрған жоқ, аялдаған да жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]