- •5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
- •Пәннің тақырыптық мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Практиқалық сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •С.Торайғыров «Адасқан өмірде» ---
- •Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар.
- •Қазақстан Жастарының Конгресінің Конференциясы
- •Үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдардың бағдарламары мен мақсаты
- •Қорытынды
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Әлеуметтік – психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, соөж сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға |
Баллдардың сана эквиваленті |
Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша Баға |
А |
4,0 |
95-100 |
өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
қанағатты
|
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60,64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49
|
Қанағаттындырылмаған |
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық қатынаста келесідей анықталады:
Б1 + Б2
Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4
2
Мұнда:
Б1 - 1 бақылаудың бағасының пайыздық көрінісі
Б2 - 2 бақылаудың бағасының пайыздық көрінісі
Е - Емтихандық бағаның пайыздық көрінісі
Пайыздық көріністегі қорытынды баға Қ % 3 қосымшада көрсетілген, кестеге сәйкес ҚБ сандық эквивалентке қорытынды баға ретінде аударылады.
1-тақырып.
Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде.
Жасөспірімділік кезең – жеке адамның толысуының аяқталатын кезеңі, жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы, (олар енді бала болмағанымен, әлі ертерек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық – бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады.
Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуальдық және моралдық еріктік жетілуімен, барлық психикалық қызметтерінің дамуымен тығыз байланысты. Кейінгі кезде ғылым жастық проблемасын әлеуметтік – психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке ала отырып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әркезде үйлесе бермейді. Акселерациялы, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез өседі.
Пікірталастың басты тақырыптары балалардың дені сау, әдемі, күшті болып өсуін қалай қадағалау керектігі жөнінде болды:
тазалық ережелерін сақтау;
бесіктегі кезінен бастап, бала организмін шынықтыру;
жүгіру, және т.б.
күн тәртібін дұрыс ұстану;
дұрыс тамақтану.
Мұның бәрі дене тәрбиесінің алғашқы қадамдары.
Ата – бабамыз бала өскен сайын, жеткіншектермен жасөспірімдерден еңбек, дене күшін жұмсауды, ептілікті, икемділікті, шапшаңдықты талап етеді.
Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі.
Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организм физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, сапалық өзгерістердің көрсеткіші.
Балалар өздерінің мінез – құлқындағы кемшілігін, қателігін түсінуге тиіс. Дене жазасымен байланысты болған реніш сезімі, ауру, кемсітушілік өзінің әрекетін бағалауға, қатесін мойындауға жағдай туғызу түгіл, керісінше, баланы ызаландырып, қасарысуға және бұрынғысыша істеуге мәжбүр етеді. Кейде баланы жазалау алдында түзелген сияқты болатыны бар. Ата – анаға таяқ тәрбиесі пайдалы болып нәтиже бергендей болады. Істің шынына келгенде бала іштей жек көреді.
Дене жазасының баланың жүрегінде ауыр із қалдыратынын, оның мінезіне жаман әсер ететінін ұмытуға болмайды. Бір балалар қатал келеді, дөрекі, жылпос және өтірікші болып өседі, енді бір балалар қорқақ, жігерсіз, сенімсіз және тұйық болып келеді. Дене жазасы бұндай балалардың шаттық сезімін жойып, жатырқаушылыққа апарып соқтырады.
Балғын жастық шақ – тасқындаған күш – қуатымен, мөлдір де пәк көзқарасымен, өзіндік сенімімен бәрін де елжірей қабылдай беретін, өзіндік ерекшелігімен көрінетін қайталанбас тәтті дәурен.
