Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жастармен ӘЖ проверено.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
802 Кб
Скачать
☆

Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар.

Жалпы алғанда, қазiргi Қазақстан қорымында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа топқа жікке ауысуы болып отыр. Әрине, мундай ауысу процесi Кеңес Одaғы кезiнде де болған. Бiздің Қазақстан елiнде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазiргi уақытта бай комменсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекеме, мейманхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кей-біреулері қайтадан кедейшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы респбуплика экономикасының тұрақсыздығынан болады.

Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңес қызметкері өздерінің мамандығының өмуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бiр әлеуметтiк жaғдайдан вертикалды жоғары бағытын екiншi әлеуметтiк жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткенi бiздің өндiрiс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшiлiгi көптеген жағдайларға байланысты жұмыс iстемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесiнде жұмысшылар мен қызмет­керлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айы­рылып отыр.

Әлеуметтiк мобильдiк өкiмeт мекемелерiнде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдардың жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5 пайыздан артпайды. Ал ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25 пайызға дейін көтерілген.

Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50 пайыздан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр.

7-тақырып.

Жастармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік жұмыстың технологиялары.

Бүгінгі таңда елімізде жастардың әлеуметтік мәселелерін жақсы жолға қою мақсатында көптеген мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқаруда. Біздің елімізде және басқа да көптеген елдерде осындай ұйымдардың құрылуы жастардың әлеуметтік мәселелерінің өршуі нәтижесінде туындап отырған жайлар, яғни атап айтар болсақ жұмысссыз жастардың көбеюі, олардың тұрғын үй мәселелері мен тұрмыстық жағдайлары. Мұның барлығы жастардың сапалы білім алуына және еңбек етуде әлеуметтік қызмет көрсетуге әсерін тигізеді. Сондай-ақ жастар арасындағы қылмыстардың көбеюіне, маскүнемдік, есірткі мен нашақорлықтың көбеюінеәсерін тигізіп отыр. Кез келген ұйымның, кәсіпорынның дұрыс, тиімді қызмет етуі және қабылданған шешімді ойдағыдай жүзеге асыруы үшін қайшылықты, шиеленісті жағдайларды алдын ала болжай білуі қажет. Мұндағы басты мақсат – шиеленістердің алдын алу, егер бастала қалса, оларды шешудің жолдары мен әдістерін білу. Шиеленестердің алдын алу дегеніміз, оларды туғызатын басты себептерді анықтау және оларды жою. Бұл істе кәсіпорын немесе мекемедегі психиологиялық қызметтің маңызы зор. Мәселен, Батыс елдерінде соңғы жылдары әр мекемедегі адам ресурстарын басқару бөлімінің шеңберінде арнайы құрылым қызмет атқарады. Мұндай құрылым еңбек ұжымы шеңберінде қақтығысты жағдайлардың алдын алу, ұжым мен әкімшілік арасында келіссөздер жүргізу сияқты істермен шұғылданады. Бұл істе ұжым мүшелерін психиологиялық біліммен қаруландырудың да маңызы үлкен.

Қазіргі кезде Ресейдің көптеген фирмалары мен мекемелерінде әлеуметтік-психиологиялық пікір алысу (тренинг), психиологиялық кеңестер ұйымдастыру кең таралған.

Мемлекеттiк бiлiм беру жүйесi мен жастарды әлеуметтiк қорғауды және тұлғаларды зерттеушiлер тұлғаның толық қалыптасуын мақсат етедi. Бұл процесс ұзаққа созылады, нәтиженi қалыптастыру қиын. Жасөспiрiмдер мен балаларда тұлға әлеуметтену үшiн, көптеген жаңа ғылыми практикалық құрылымдарды қажет етедi. Бұл мәселенi шешу үшiн, отандық және шетелдік психологиялық зерттеулерiнде әр жас кезеңiне сай кең маштабтық тұрғыда жасөспiрiмдермен эксперимент жүргiзiледi. Бұл эксперимент жастар лидерiн дайындау, жастарға көмектесу үшiн технологиялар мен концепциялар жасалынған және ол психологиялық орталықтарда өткiзiлген.(5;73бет). С.Л.Рубинштейн мен Л.С.Выготскийдiң теорияларында әлеуметтiк даму орталары туралы ойлар жазылған. Бұл тұлғаның шығармашылығын, өзiн түсiну мен еркiндiгiн қарастырады. Адамның қалыптасуында әртүрлiденгейлерге байланысты Л.С.Рубинштейн детерминизм теориясын ұсынды. Бұл идеяда ол адамның дамуына қоршаған ортаның тигiзетiн әсерiн қарастырады. Кеңестiк психология мен педагогика ғылымына “бiлiмдiк орта” терминi зор үлес қосты. Л.И.Божович айтқандай: “баланың тұлғалық қасиетiнiң қалыптасу негiзiн тек оның бiрте-бiрте қоршаған ортаның қарамағынан шығу және оны бағынышты ету”. Бұл қағида тек жас балаларға емес, сонымен қатар жасөспірімдерге де қолданылады.

Мiнез-құлықтың пайда болуы жағдайында мiнез өзгермей тұрмайды, керiсiнше ол iс-әрекеттiлiктiң басшылығымен өзгередi. Бұған байланысты субьекте жаңа әсер етулер пайда болады. Бұл тұлға мен топтың әлеуметтiк субьектілерінің белсендiлiгi- әлеуметтiк ортаны қарастырады, ол орта субьектердiң iс-әрекеттiлiгiн қамтамасыз етедi. Адам бiр жағдайға тап болғанда, ол талдайды және талап етушi шарттарды бөледi. Адамның әрекетi сыртқы әсерлермен байланысты, сонымен қатар адам өзiнiң әрекеттерiмен шарттарды белгiлi жағдайды адам өзi де өзгерте алады. Ресей психологтары Е.В.Шорохова мен А.Л.Журавлев тұлға мен топтың әлеуметтiк, психологиялық динамикалық ерекшелiктерiн, олардың өмiрлiк iс-әрекеттерiн қарастырады. Осыған сүйене отырып, жасөспiрiмдердiң әлеуметтiк, тұлғалық деформациялары бұлардың өзгерген әлеуметтiк ортада бейiмделуге түсе алмауының жағдайы деп қорытындылайды. Тұлғаның толық қалыптасуы әлеуметтiк қарым-қатынастың дамуына әсер ету болып саналады. Бұған байланысты мынындай қорытынды жасауға болады: жағымды “Мен” образы өзiнiң жеке даралығы мен өзiндiк тұлғалық потенциалының бағасын мойындау. Тұлғалық құрылымның позициясы әлеуметтiк қарым-қатынастағы субьектерге байланысты психологиялық көмектiң мақсаты нақты болу керек. Сондықтан әлеуметтiк шекаралар мен өзiндiк анықтауды үлкен сыныптар үшiн дайындау бiздiң көзқарасымыз бойынша, бұл жаста тұлға аралық қарым-қатынастарды шағын топтарды дамыту керек. Тек шағын топ қана тұлға мен қоғамды адамның қарым-қатынасымен байланыстырады.

Бiздiң өзiндiк сана-сезiмiмiзде “Мен” үлкен роль атқарады. Кез-келген iс-қимыл-заттық болсын, психологиялық болсын, “Мен”–мен бiрге арақатынасқа бағытталған iс-қимыл ретiнде шыға алады, сонда олар өзiндiк сана-сезiмнiң жүзеге асыру қимылы ретiнде алға шығады. Бұл “мен”-мен байланысты қимыл осы жағдайда өзiндiк саналық қимыл болып табылады. Бiрақ та, бұл қалаған кейiптегi iс- қимыл жиi қайталанады және “қиындай” түстi деп ойлайды,содан ауыртпалықты алып шығуды шешедi. Өзiндiк сана-сезiм өзiңдi бiрнеше бейнелермен, яғни оның iшiнде сақталынған бейнелермен салыстыру үнемi қайталанатын актiлер ретiнде пайда болады. Бұл бейне өзiмен көптеген қасиеттердi ұсынады. Осы қасиеттер салыстыру үшiн қолданатын өзiндiк сана-сезiм қаңқасы ретiнде көрiнедi. Өзiндiк сана –сезiм iс-әрекеттiң эффективтiлiгiн жоғарылатады, бiрақ та ол ақиқат шындықтағы жүрiс-тұрыстың және “Мен” концепциясы арасындағы келiспеушiлiктi тудыруға қабiлеттi. Егер олар затты әрекет жолымен шектеуге мүмкiн болмаса, онда бұл келiспеушiлiктi бiршама шыдамды етуге психологиялық өзiндiк қорғаныс механизмдерiн енгiзедi. Қорғаныс механизмдерi кез-келген жүрiс-тұрыста кездесіп жатады.(4; 72-73бет).

Адамның өзiндiк сана-сезiмнiң дамуы өзiндiк таным процесiмен өзiндiк сана-сезiмi мазмұны ретiнде үзiлiссiз байланысты, яғни адамды басқа адамдармен, мәдениетпен және қоғаммен байланыстырушы, шындықтағы қарым қатынастың iшiнде, субьектiнiң өмiрлiк әрекетiндегi және оның арнайы әрекетiнде пайда болатын процесс . Өзiмдiк сана-сезiм феноменi өзiндiк сана-сезiмнiң қалай пайда болатын сияқты сұрақтарға қатысы бар, оған қоса бұл сұрақ алдын –ала “Мен” субьектiсiне және оның тұлғалық қасиеттерiне айналған және өзiндiк сана-сезiмдегi бұл үндестiктiң нәтижесi қандай да бiр форманы иеленедi.

“Мен” –концепциясы ғылыми ұғым ретiнде арнайы оқулықтарға жақында ғана ендi. Мүмкiн отандық және шетелдiк оқулықтарда оның бiрдей трактаты жоқ, оған мағынасы жағынан өзiндiк сана-сезiм тура сәйкес келедi . Бiрақ “Мен “ концепциясы өзiне өзiндiк сананың бағалау аспектiсiн кiргiзушi бiршама нейтралды ұғым болып табылады. Адамның өзiмен -өзi туралы көрiнiстiң бұл динамикалық жүйесi. Адамның физикалық ,интелектiк және басқа сапаларын тану, сондай-ақ сол тұлғаға сыртқы факторлардың әсер етушi субьективтi қабылдауы мен бағалауы бола алады.

“Мен» ұғымы ішкі тұтастық және тұлға теңдігін ұғындырғанымен нақты индивидте көп түрлі “Мен образы” болады. ”Мен образы”- тұлға үшін әлеуметтік бекітулердің маңыздысының бірі. Барлық жас адамдар оңды “Мен образын” қажетсінеді. Өзіне деген теріс көзқарас, «өз менін» қабылдамау, олардың себептерімен қайнар көздері қандай болмаса да, әрқашан да ауыр көтеріледі. “Мен образы» мақтаныш және қорлық спецификалық сезімдермен теңестіріледі. Р.Бернс психология саласындағы жетекшi ағылшын оқымыстыларының бiрi, ол өзiндiк сана-сезiм сұрағымен ерекше айналысқандардың бiрi. Ол Мен-концепциясы ұғымына мынандай анықтама бередi: “ Мен-концепциясы- бұл адамның өзi туралы және оларды бағалаумен iлесетiн барлық көрiнiстердiң жиындығы.” Бейнелеушi, жасаушы “Мен-концепциясы” көп жағдайда “Мен” бейнесi немесе “Мен” келбетi деген атпен жиi кездеседi. Өзiңе немесе өзiңнiң жеке қасиеттерiңе қатынасыңмен байласты құрушы “Мен”- өзiн-өзi бағалау немесе өзiмен қабылданған деп атайды. Мен – концепциясы, шын мәнiнде, адамның өзi туралы көрiнiсiн жайғана анықтап қана қоймайды, сондай-ақ өзi туралы ойларды, өзiнiң iс-әрекетiнiң бастапқысына, болашақта даму мүнкiндiктерiне қалай қарайтындығын да анықтайды. (3; 31бет)

“Мен концепциясы” - бұл адамның өзі туралы бағасымен байланысты барлық түсініктің жиынтығы. Өзіне бағытталған нұсқаулар құрайды:

  1. “Мен образы” - индивидтің өзі туралы түсінігі;

  2. Өзіндік баға – осы түсініктің сезімді боялған бағасы;

  3. Потенциалды әрекет реакциясы – “Мен образы” және өзіндік бағамен туылуы мүмкін нақты әрекеттер.

Адамның өзі туралы түсінігі, әдетте обьективті білімге немесе субьективті пікірге негізделетініне, шын не өтірігіне қарамастан оған шын болып көрінеді. Бұл өзіміздің тұлғамызға беретін қасиеттер әрқашанда обьективті бола бермейді, және оны басқа адамдар мақұлдай бермейді. Бірінші көзқарасқа обьективті болып көрінетін жас пен бой әр адам үшін оның “Мен концепциясының” жалпы құрылымымен шартталып, түрлі мағынада болуы мүмкін. Айтайық, қырық жасқа жетуді біреулері шарықтау кезеңі десе, ал басқалары – қартаюдың басы дейді. Мұндай бағалаудың көп бөлігі сол әлеуметтік ортада қалыптасқан стереотиптермен байланысты.

Егер адам келбеті көріксіз болса, физикалық кемшіліктері болса, әлеуметті адекватты болмаса, онда ол әлеуметтік ортамен әр кез қарым-қатынасқа түскенде, айналадағылардың теріс қарым-қатынасын сезінетін болады. Бұл жағдайда “Мен концепциясын» оңды дамыту жолында қомақты қиындықтар тууы мүмкін. Оңды “Мен концепциясын” жасөспірімнің өзіне оңды көзқараспен қарау, өзін қадірлеу, өзін қабылдау, өзінің құндылығын сезінумен теңестіруге болады. Теріс “Мен концепциясының” синонимдары өзіне теріс көзқараспен қарау өзін қабылдамау, өзінің кемшіліктерін кері сезіну болып табылады. “Мен концепциясы” негізінде үш роль атқарады: ол тұлғаның ішкі келісімділікке жетуіне көмектеседі, тәжірибенің интерпретациясын анықтайды және өзіне байланысты үміттер қайнар көзі болып табылады.

Адам максималды ішкі келісімділікке жетуге тырысады. Оның басқа түсініктер, сезімдер немесе идеяларымен қайшы келетін түсініктер, сезімдер немесе идеялар тұлғаның үйлесімсіздігіне, психологиялық жайсыздық жағдайына алып келеді. Ішкі үйлесімділікке қажеттілігін сезінген адам жоғалтылған тепе-теңдікті қайта орнына келтіруге көмектесетін түрлі әрекеттер жасауға дайын. Тұлғаның құрылымына келіспеушілік әкелетін қайшы тәрбие тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмі көмегімен сіңіруі мүмкін. Адамда өзінің түсінігі негізінде тек өзінің әрекетін ғана емес, бірақ өз тәжірибесінің интерпретациясын да құратын тұрақты тенденция бар. Мұнда “Мен концепция” ішкі фильтр түрінде әсер етеді, ол адамның кез-келген жағдайды қабылдау мінезін анықтайды. Осы фильтр адамның өзі туралы түсініктерге сәйкес келетін мағынаға ие болады, ойланылады.

“Мен концепция” адамның үміттерін де анықтайды, яғни оның не болуы керек туралы үшін анықтайды. “Мен концепциясында” адамның іс-әрекеті қандай болу керектігі жоспарланған. “Мен концепция”- бұл дұрыс та, дұрыс емес те, шұбарланған да болуы мүмкін. ”Мен” туралы түсінік саналанған, бірақ іс-әрекет арқылы жанама түрде саналанып, ол кішкене санасыз түрде де болады. “Мен концепция» іс-әрекетке қатысты түрде қатты стержень береді, оны бағыттайды: егер менің “менде» менің ”жақсы оқушы” екенім жоспарланса, мен кез-келген кедергіні “жалқаулық, әлсіздігімді” жеңіп, өзімнің “менімді» дәлелдеуге тырысамын. Бірақ егер менің “менде” менің “әлсіз және мықты» екенім қатты жазылса, онда маған адамгершілік және кеңпейілдік көрсету қиын болады, және мұндай қасиеттер мен үшін әлсіздік көрсетумен тең болады. (1; 9 бет)

Өзіндік сана нақты іс-әрекетті “Мен концепциясымен” үнемі салыстыру арқылы жұмыс істейді, осылайша ол іс-әрекеттің реттеуін іске асырады. “Мен концепциясы» және нақты іс-әрекет арасындағы келіспеушідік күйзеліс туғызады. “Мен концепциясы» және ақиқаттағы іс-әрекет арасындағы үйлесу процесі бұзылған толымсыздық комплексі жағдайында осы ”Мен концепциясы” сонша бұрмаланып, келіспеушілікке жеткізеді.

Өзiндiк сана-сезiм - адамның өзiн-өзi тану, өзiнiң iшкi әлемiн, өзiнiң ойлары мен қобалжуларын жолдауын, өзi туралы ойлануын тану процесi; адамның оның қоршаған ортасы қалай қабылдады және қалай бағалады мiне, осы жақтарында тануы қажет. Өзiн-өзi бақылау, арақатынас, өзiн-өзi талдау- барлығы бiрге рефлексияның дамуына әкеледi.(2; 97,бет)

Қорытындыда айтарымыз, жасөспірімдік кезеңде маңызды орын алатын рефлексиялық факторлардың негiзiнде ол өзi туралы бiршама анық көрiнiстердi қалыптастыру қабiлетiн қалыптастырады. Бұл өзiнiң сапалары мен мүмкiндiктерi туралы көрiнiстерi өзiнiң жеке “Мен” бейнесi (өзiндiк санасы) және оның эмоциялық бағалауы негiзiнде қаланады.

Әдебиеттер:

  1. Божович Л.И. Особенности самосознания у подростков. //Вопросы психологии. №176,1979.

  2. ЛичкоА.Е. Подростковая психология. М.,1985.

  3. Мир подростка. /Под.ред. Снежневской Р.Д. Москва ,Просвещение.1990

  4. Общая психодиагностика.Под.ред. БодалеваА.А.,Столина В.В.,М., 1984.

  5. Фирсов М.В. Психология социальной работы М.: Академия 2002

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, еңбек процесінде психиологиялық қызметті пайдалану жақсы нәтижелер беруде. Коллективтің табысқа қол жеткізуінің басты шарты – онда қолайлы моральдық-психиологиялық жағдайдың болуы. Адамның басқалармен өзара түсінікте, келісімде өмір сүріп, қызмет ете білуі – тұтас алғанда қоғамның да тұрақтылығына, тұтастығына ықпал ететіндігін естен шығармауымыз қажет. Сондықтан да, осы жұмысымыздың мақсаты қазіргі кездегі жастарға әлеуметтік жағынан көмек көрсету орындары, мемлекеттік және үкіметтік емес мекемелердің, ұйымдардың қызметтері мен олардың міндеттеріне, бағыттарына және т.б. жөнінде қысқаша тоқталып өтеміз.

Жұмысты жазуда мерзімдік басылымдармен қатар, сайт құжаттары пайдаланылды. Жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытынды бөлімінен және пайдаланылған әдебиететрден тұрады.

Жастарға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері.

Қазақстан Жастар Конгресі ұйымы және онық қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 2000 жылы Ақтау қаласында өткен бүкіл қазақстандық жастар ұйымдарын құру туралы Қазақстан Жастарының І Конгресі өткен болатын. Елбасы осы І Конгреске жиналған әскери қызметтегі, еңбек салаларында қызмет атқарып жүрген жастармен, жұмысшы және студент жастармен, мемлекеттік органдармен, жастарға бағыт – бағдар беретін орындар, сондай-ақ республикалық жастар көсбасшылары, аймақтық балалар мен жастар ұйымдары алдында еліміздің жастарының алдында тұрған қандай да болмасын проблемалары мен жағдайларын шешетін, оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетілетін арнайы ұйым құрылу керектігін баса айтып өтті.

Екі жылдан кейін 2002 жылы Қазақстан Жастарының ІІ Конгресі Астанада өтті. Мұнда жиналған жастар ұйымдарының көсбасшылары заңды түрде біріккен “Қазақстан Жастар Конгресі” ассоциациясын құру жөнінде шешім қабылдады. ІІ Конгреске ең ірі елдерден 100-ден астам жастар ұйымдары қатысып, бірікті. Бүгінгі таңда “Қазақстан Жастар Конгресі” ассоциациясында 140-тан астам еліміздің ұйымдары жұмыс істейді. “Қазақстан Жастар Комитетінің негізгі қызметі жастар саясатымен қатар сектораралық мемлекеттік институттармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлікте қызмет атқарады.

Конгресс жастардың өзекті мәселелерімен қатар, шешімін таппаған күрделі мәселелермен де айналысады. Олар “Жастар және мемлекет партнері”, “Жастар – еліміздің тірегі” және т.б. принциптерді басты мақсат етіп отыр. Конгресті қаржыландыру мақсатында жан-жақты қайнар көздері арқылы жүзеге асырылады. Біріншіден, мемлекеттік әлеуметтік сұраныс, яғни Конгресс және оның мүшелері мемлекеттік тендерге қатысуы, екіншісі халықаралық қорлар мен үкіметтік емес ұйымдары арқылы, сонымен қатар, көпшілік іс-шараларды өткізуге еліміздің бизнесмендері де спонсорлық көмек көрсетіп отырады.

Конгресс көсбасшылары ұйымдарының қызметінде мынадай негізгі бағыттарда қызмет атқарады:

Біріншіден, жастардың әлеуметтік мәселелерінің өршуі нәтижесінде туындап отырған жайлар, яғни атап айтар болсақ жұмысссыз жастардың көбеюі, олардың тұрғын үй мәселелері мен тұрмыстық жағдайлары. Мұның барлығы жастардың сапалы білім алуына және еңбек етуде әлеуметтік қызмет көрсетуге әсерін тигізеді. Сондай-ақ жастар арасындағы қылмыстардың көбеюіне, маскүнемдік, есірткі мен нашақорлықтың көбеюінеәсерін тигізіп отыр. Осының бәрі әлеуметтік ниглизмнің артуына себін тигізуде.

Екіншіден, жастардың сана сезімі қазіргі экономикалық көзқараста болуы. Жұмысшы маман жастардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек саласындағы өз орнын табуына көңіл бөлінбеуі, ауылды жерлерде де, мемлекеттік қызметтерде де осындай проблемалар өріс алып отыр.

Үшіншіден, адамгершілік және рухани деңгейдің төмендеуі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық, экологиялық нормалардан ауытқымау үшін жастарды соған жетелеу, адамгершілік-моральдық шеңберде ұстау керек. Ең маңыздысы жастардың еліміздің тарихы мен мәдениетін жете меңгерту. Әсіресе олардың бойында патриотизмді тұлғалық қабілетті инциативаны, салауатты өмір салтын, білімге деген құштарлығы мен үлгерімдік сапасын қалыптастыру керек. Сондай-ақ экстремизм, радикализм принципсіздікке қарсы тұру керек.

Төртіншіден, бұл қоғамдық саяси сипатта болады, яғни қазіргі жасалып жатқан әрекеттің барлығы – біздің болашағымыздың іргетасы болып табылады. Сондықтан да жастар елде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау көрсетуге мүдделі болуға тиіс, бірақ та мемлекеттік жастар саясатында заңнамалық базаның жетіспеушілігі және жастардың өкіметті органдарға аз қатыстырылуы жастардың күшін көптеп тартуға кері әсерін тигізеді.

Бесіншіден, аймақтық дамудың теңсіздігі, мұнда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуда әртүрлі аймақтарда иепе-теңдіктің болмауы туралы айтылады. Мәселен, ірі елдерде үлкен қалаларда білім, мәдениет, тұрмыс, ақпарат және қызмет көрсету түрлері және әлеуметтік инфрақұрылымдар жақсы жолға қойылса, ал кішігірім қалалар мен ауылды жерлерде төмен деңгейде көрініп отыр. Ал шетелдердегі әлеуметтік жұмыс қызметтерінің (ӘЖҚ) классификациясы былай бөлінеді: Халықаралық ; үкіметтік ұйымдар; үкіметтік емес ұйымдар.

Қазақстан Жастар Конгресінің құрылымы.

Қазақстан Жастар Конгресі – бұл заңды тұлғалардың бірлестігі. Ол екі топтан тұрады: Астана, Алматы, облыстық жастар мен балалар ұйымының ассоциациясы; жалпы республикалық жастар ұйымдары. Конгрестің ұйымдарының құрылымы конференцияда, кеңесте және атқарушы директораттан тұрады.

Қ азақстан жастарының конгресінің ұйымдық құрылымы