- •5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
- •Пәннің тақырыптық мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Практиқалық сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •С.Торайғыров «Адасқан өмірде» ---
- •Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар.
- •Қазақстан Жастарының Конгресінің Конференциясы
- •Үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдардың бағдарламары мен мақсаты
- •Қорытынды
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Әлеуметтік – психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, соөж сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Қазақстан Жастарының Конгресінің Конференциясы
Атқарушы
директорат
Жастар Конгресінің жоғарғы органы екі жылда бір рет өтетін Конференция болып табылады. Мұнда барлық жастар ұйымдарының төрағалары мен Қазақстан жастарының конгресінің мүшелері қатысады. Конференция устав қабылдауға байланысты өзгерістер енгізілді, жетекшілерін сайлады, яғни Кеңес мүшелерін, Кеңес төрағасын, екі орынбасарын атқарушы директорат, ревизиялық коммисия мүшелері мен оның төрағаларын сайлайды. Орган төрағасы Кеңес болып табылады, жылына екі рет өтеді. Мұнда маңызды мәселелер шешіледі: Қазақстан жастарының конгресінің жоспарын бекітеді. Атқару директорының есебін тыңдайды, жаңа мүшелерін қабылдайды және босатады, жұмыстың негізгі бағыттарын реттеп, қарастырып отырады. Қазақстан жастарының конгресінің атқару органы атқарушы директорат болып табылады. Ол ұйымның басқару жоспарлау бағдарламаларын қабыдаумен қатар, конгерс мүшелерінің материалдық, техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
А
Атқарушы Кеңес
Төраға орынбасары
Төраға орынбасары
Республикалық жастар қоғамдық
бірлестіктері
Жастарға көмек көрсету мекемелерінің бағыттар
Облыстардағы жастар ұйымдарының
ассоциациясы
Қазақстан жастар конгресінің жұмысының негізгі бағыттары әлеуметтік бағыт. Бұл бағыттың негізгі жұмысы жастардың арасындағы әлеуметтік проблемаларды азайту, қылмысты болдырмау, әлеуметтік психологиялық климатының жақсартуы, ауыл жастарының жағдайын көтеру.
Сонымен қатар адамгершілік патриоттық рухта перспективасы бар жастарды тәрбиелеу.
Экономикалық бағытта жас бизнесмендердің жұмыс орнын көбейту, қызметтерінің экономикалық сферада бағыттау, жастар арасында жұмыссыздықтарды азайту. Бүгiнде қоғамнан едәуiр орын алып отыpған үлкен мәселе елiмiздiң экономикалық қиын жағдайына байланысты coғыc және еңбек ардагерлерiне, мүгeдeктepгe көрсетiлетiн материалдық көмектің төмендеуінде ғана емес, сонымен қатар кезiнде қабылданған көптеген заңдар мен әртүрлi жедiлдiктeрдiң әрекетсiздiгiнде кең өpic алып oтыр. Оның бiр ғана себебi бар - ол бюджeттeгi қаржының тапшы болуы.
Мемелкеттiң бюджетiндегi қаржының тапшылығының салдарынан, шарасыздықтың күйiн кешiп отырған субъектілер мен объектілер қоғамымыздан opын алып отыр. Атап айтaр болсақ:
ол мемлекет тарапынан зейнет ақы алатын 2 млн. 820 мың зейнеткер;
ол кәсіподақ басқармасынан бөлінген 5 млрд теңге аумағында күтілген түсімі бар әлеуметтік қорғау министрлігі;
ол мемлекет тарапынан қамтамасыз етіліп отырған (протездеу, қозғалуға арналған аспаптар, курорттық сауықтыру және тағы басқа заңды жеңілдіктер) 420 мыңнан астам әр дәрежедегі мүгедектер;
ол жүз мығдаған соғыс ардагерлері, сонымен қатар материалдық, тұрмыс жеңілдіктерін алатын жағдайы төмен отбасылар;
ол еңбекпен қамту орындары мен оған арыз беруші жұмыссыздар.
Осы мақсаттарға жұмсалатын шығын 6,6 млрд теңге көлемінде.
1995 жылғы 19 желтоқсанда шығарылған «Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы» Президент Жарлығы бойынша 1996 жылғы орта жылдық есеппен зейнет ақы мөлшерінің өсімі 1,7 есе немесе жылдың аяғында орта есеппен зейнетақы мөлшері 3 мың 500 теңгеге дейін өсуі керек еді (күтілген 26-28 пайыз инфляцияға байланысты). Бірақ өкінішке орай, 1996 жылдың шілде айындағы көрсeтiлгeн есеп бойынша уақытылы төленбеген зейнетақы қарызы 5 млрд теңге көлемiнде болып oтыр, соның iшiнде Көкшетау, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы зейнеткерлер (көбi ауыл тұрғындары) 1995 жылдың қараша, қазан айларының зейнетақыларын ала aлмай отыр.
Оның басты себебi зейнетақы қорына кәсіпорындардан, ұйымдардан 30 млрд теңгеден астам қарыздың түспеуі. Осы қорға мемлекет бюджеті 4 млрд теңгеден астам қарыз, оның ішінде 1,8 млрд теңге бюджет мекемелерінен сақтандыру жарналарына, 2,5 млрд теңге көп балалы жанұяларға төленетін жәрдемақы үшін.
Қазақcтан Ресnyбликасының шығарылған қаулылары көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп, толықтырылып немесе қысқартылып отырады. Сонымен қатар әр облыстың да өз ортасына сәйкес бюджеттің бағдарламасы, жарлығы, қаулысы болады.
Мәселен, Ақмола облыстың 1999 жылғa арналған жергілікті бюджеттің құрамына «әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалды тобы бойынша мынадай жаңа бағдармалар қосылды:
«Аз қамтамасыз етілген адамзаттарға (отбасыларына) әлеуметтік көмек көрсету» Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1134 Қаулысы негiзiнде жергiліктi бюджетте бар қаржының шеңберiнде белгiленгeн шеңбер бойынша жүзеге асырылатын болады.
1999 жылға арналған бюджет жобасын жасағaнда балалары, бар отбасыларына берiлетiн көмекке жұмсалатын шынының жергiлiктi бюджетгерде бар қаржы шегінің 40 пайызы есебiнен қарастырылды. Жұмыспен қамтyғa жұмсалатын шығын жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту, кәсiби даярлық және еңбекке орналаcyғa ықпал ету жөнiндегi қаржыландырудан белгiленедi. Шығыстар мыналарды:
Қазақстан заңдылығында анықталған шарттарға сәйкес қоғамдық жұмыспен айналысқандарға ақы төлеу жөнiндегi жұмыс берyшiлердiң шығынының орнын біртіндеп толтыруды:
Жұмыссыздарды кәсіби оқытқанда оларға айлық есеп көрсеткiшi мөлшерінің үш еселік көлемінде стипендия төлеу және кадрларды даярлау жөніндегі ұйымның шығындары ескерiле отырып белгiленедi;
Респyбликалық бюджеттен қаржыландырyғa байланысты мүгeдeктepгe асыраушысынан айыpылған жағдайда және жасына байлaнысты. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысқа қатысушылар мен мүгедектерді және әлеуметтік жәрдемақы алушыларды, жерлеуге мемлекeттiк жәрдемақы (әлеуметтік) төлеу шығыны 1999 жылға арналған облыстық бюджет жобасынан алынып тасталды.
Республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке мына бағдарламалар берілді: ел iшiнде және ТМД елдерi шеңберiнде қала аралықкөлікте жүру, байланыс, баспасөзге жазылу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету, денсаулық сақтау департаментінен азаматтардың жекеленген топтарына жасанды тіс және көзілдірік оптикасын салу жөніндегі жеңілдіктердің орнын толтыру үшін 56,8 млн теңге көлемінде берілді.
Жоғарыда атап айтқан бағдарламалардың ішінен облыстық бюджет шатысына мыналар енгізілді:
7 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін аналарға жәрдемақы;
үйінде мүгедек балаларды тәрбиелеп, оқытқан отбасыларын отбасыларын материалдық қамтамасыз ету;
жұмыспен қамту бағдарламасы;
кәмелетке толмаған мүгедектерге арналған интернат-үйлері және психика-неврологиялық үй-интернаттары;
облыстық-медициналық әлеуметтік сараптама;
мүгедектерді оқыту және еңбекке орналастыру;
арнайы қаржыларды алып жүруді қамтамасыз ету және оларға техникалық қызмет көрсету.
Тұтастай алғанда «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалды тобы бойынша жұмсалатын шығын 1998 жылмен салыстырғанда 493,5 млн теңгеге азайтылды.
Атырау облысы бойынша 1999 жылға әлеуметтік көмек беру және әлеуметтік қамсыздандыруға облыстық бюджеттен 667 млн теңге жоспарланды.
Қарағанды облысы бойынша 517 млн теңге көлемінде, Оңтүстік Қазақстан бойынша 467 млн теңге көлемінде қысқарды.
Әлеуметтік аумақта біршама ірі және әсерлі халықаралық ұйымдар болып мыналар табылады.
Еуропалық Кеңес (Европейскиий Совет)
Еуропалық Одақ (Европейский Союз)
Экономикалық серіктестік және даму ұйымы (Организация по экономическому сотрудничеству и развитию )
Еуропадағы қауіпсіздік және серіктестік ұйымы (Организация по безопасности и сотрудничеству в Европе)
Біріккен Ұлттар Ұйымы (Организация Объединенных Наций)
Бүкіләлемдік Банк (Всемирный Банк).
Үкіметтік емес ұйымдар (НПО) бір-бірінен өзінің міндеттерімен, статусымен, пайда болуымен, құрылымымен және қаржыландыру жүйесімен ерекшеленеді.
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар көптеген елдерде өзінің бөлімдеріне, мысалы, “халықаралық амнистия”, католиктік көмек көрсету қызметі”, “халықаралық құтқару комитеті”, “ дәрігерлер шексіз көмегі”, т.б.
Көптеген үкіметтік емес ұйымдар – олар жеке гуманитарлық ұйымдар, яғни олар қарулы конфликтілердің, дау-дамайлардың, азаматтық тәртіпсіздіктің немесе табиғи апаттардың құрбандарына экстренді көмек көрсетеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы бойынша комиссиясы елу алты мемлекет мүшелерінің өкілдерінен тұрады, оларды үш жылға сайлайды және олар өздерінің сессиясын әр жылда алты аптаның ағымында өткізіп отырады. Комиссия зерттеулер жүргізеді, адам құқықтары бойынша ұсыныстар және халықаралық құжаттардың жобасын дайындайды. Өздерінің жыл сайынғы сессияларында Адам құқығы бойынша Комиссия, экономикалық және әлеуметтік Кеңес және Бас Ассамблеясы адам құқығының бұзылуларын қатаң және жүйелі түрде талқылап отырады.
Әлеуметтік жағдай жөніндегі Халықаралық Кеңес 1928 жылы негізі қаланды. Және қазіргі кезде ең ірі үкіметтік емес ұйымдардың бірі болып табылады. Халықаралық Кеңес адамның кедейшілігі, қажеттілігі, тәуелділікті төмендетуді игеруді, әлеуметтік қамсыздандыру жағдайының төмен болуы, бұқаралық миграцияның ликвидациясымен және т.б. айналысады.
Бұл міндеттерді шешу үшін Кеңестің құрылымдық бөлімдері жүргізілген зерттеулердің және олардың талдамдарының ақпараттарын жинау және тартумен, семинарлар мен конференцияларды дайындау және өткізумен айналысады, үкімет емес ұйымдарды мықтылау бойынша амал-тәсілін қабылдайды. Кеңес көбінесе мыналарға мән береді: қоғамдық және мемелекеттік ұйымдар арасындағы дара серіктестіктің дамуына, олардың әрекетінің кординациясына көңіл аударады.
БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) – Бас Ассамблеяның бірінші сессиясында 1946 жылы құрылды. Бұл ұйымның мақсаты: Еуропадағы және Қытайдағы соғыстан кейінгі кезде балалардың ең маңызды қажеттілігін: таммақа, дәрі-дәрмекке, киім-кешекке қажеттерін өтеуге байланысты құрылған. БҰҰ балалар қоры балалар құқығы туралы Конвенцияда көрсетілген құқықтары мен қажеттері жағдайларындағы мүмкіндіктеріне қарай әрбір баланы қамтамасыз етуге міндетті.
Әлеуметтік жұмыскерлердің Халықаралық Федерациясы (МФСР) - қазіргі кезде жетпіс ұлттың ассоциацияларды, 400 мыңға жуық мүшелерді біріктіреді. Бұл ұйымның басты мақсаты: әлеметтік жұмыстың мамандық ретінде бар болуы; әлеуметтік жобалауда, әлеуметтік саясатты қалыптастыруда кездесетін сұрақтарда ұлттық ассоциацияларын қолдау; кәсіби әлеуметтік жұмыскерлердің этикалық кодексін сақтау және жүзеге асыру.
