Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по Автоматике КАЗ - 1 курс-...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
641 Кб
Скачать
☆

14. Электрмен қоректендіру аппаратурасы

Темір жол автоматикасы мен телемеханикасы құрылғыларын электрмен қоректендіру негізінен кернеуі 6 немесе 10 кВ жоғары вольтты сигналдық желіден, сонымен қатар кернеуі 220 немесе 380 В электр желісінен жүзеге асырылады.

Құрылғыларды қоректендіру үшін түзеткіштер, трансформаторлар, түрлендіргіштер мен аккумуляторлар пайдаланылады. Түзеткіштер бір фазалы ауыспалы токты тұрақтыға түзетуге арналады. Автоматика мен телемеханика құрылғыларында олар буферлік жүйе бойынша аккумуляторлық батареялармен жұмыс жасауға және реле тізбектерін тікелей тұрақты токпен қоректендіруге арналған. ВАК типті түзеткіштер кең қолданыс тапқан. ВАК түзеткіші төмендетуші трансформатордан және көпір сұлбасы бойынша құрастырылған түзетуші элементтен тұрады. Трансформатордың алғашқы орамасы кернеуі 110 немесе 220 В, жиілігі 50, 75 Гц ауыспалы ток тізбегіне қосылады. Екінші орама түзетуші элементке қосылады. Түзеткіш шығысынан түзетілген тұрақты ток алынады.

Кернеуі 12В аккумуляторлық батареяларды зарядтау үшін зарядтық-буферлік құрылғы (ЗБҚ) пайдаланылады. Ол буферлік режимде немесе күшей-тілген заряд режимінде жұмыс жасай алады. Бір режимнен екіншіге ауысу автоматты түрде орындалады. Аккумулятордағы кернеуді 2,1В-қа дейін төмен-деткен жағдайда құрылғы күшейтілген заряд режимінде жұмыс жасай бастай-ды, кернеуді 2,5В-қа дейін көтерген жағдайда ол буферлік режимге ауысады.

Станцияларда стрелкалы электр жетектерді кернеуі 16В тұрақты ток электр қозғалтқыштарымен қоректендіру үшін ВУС-1,3 типті түзету құрылғысы пайдаланылады, ол жиілігі 50-400 Гц бір фазалы ауыспалы токты түзетеді. Бұл құрылғы әр иығында екі диодтары бар көпір типті болып келеді. ВУС-тың шығыстағы номинал қуаты 1,3 кВт.

Трансформаторлар автоблоктау мен электрлік орталықтандырудың әр түрлі тізбектерін ауыспалы токпен қоректендіруге арналған және сызықтық, жолдық, сигналдық, релелік, күштік, оқшаулаушы және көмекші түрлерге бөлі-неді. ОМ типті сызықтық трансформатордан басқалардың барлығында табиғи салқындау бар және сөреге орнатыла алады немесе қабырғаға іліне алады.

ОМ типті сызықтық трансформатор (бір фазалы майлы) автоблоктаудың жоғары вольтты үш фазалы желісінің шығарылған күштік таянышына орнатылады және 6 немесе 10 кВ жоғары кернеуді 230 немесе 115 В төмен кернеуге түрлендіруге арналған. Трансформатор қуаты 063 немесе 1,25 кВА болуы мүмкін.

ПОБС (жолдық бір фазалы құрыш өзекті құрғақ), ПТ және ПРТ типті жол трансформаторлары ауыспалы токтың рельс тізбектерін қоректендіруге арналған. ПОБС трансформаторлар кернеуі 110 немесе 220В, жиілігі 50 немесе 75 Гц ауыспалы ток желісінен жұмыс жасауға арналған. ПТ және ПРТ типті трансформаторлар 110/220В жиілігі 25 Гц ауыспалы токтан жұмыс жасайды. Жол трансформаторларының екінші орамасы секцияланған, сондықтан әр түрлі кернеулер алуға көмектеседі.

ПОБС типті трансформаторлар кодтық рельс тізбектерінде автономдық және тұрақты ток электр тартқышы бар орындарда кеңінен пайдаланылады. Олардың екінші орамалары секцияланған екі ІІ және ІІІ орамаларынан тұрады (8-сурет). ІІ және ІІІ орама өткізгіштері арасына далдаша орнату арқылы әр түрлі кернеулер алуға болады. Мысалы, ПОБС-2 үшін 0,55-17,6В шегінде кернеу қоюға болады, ПОБС-3 үшін – 5,5-247В шегінде.

ПТ және ПРТ типті трансформаторлар ауыспалы токтың электр тартқышы бар жерлерде жиілігі 25 Гц ауыспалы токтың рельс тізбектерінде жол және рельс трансформаторлары ретінде пайдаланылады.

СОБС және СТ типті сигналдық трансформаторлар бағдаршам шамдарын қоректендіруге арналған. СОБС типті трансформаторында бірінші орамаға 110 немесе 220 В кернеу беріледі, ал екінші орамада 20, 18 және 38В кернеу алуға болады. СТ типті сигналдық трансформатор бағдаршам шамдарының орталық қоректендіруіне арналған, оның бірінші орамасының кернеуі 220В тізбекке от релесінен кейін қосылады.

Реле трансформаторларына РТ және РТЭ типті трансформаторлар жатады, олар ауыспалы токтың станциялық рельс тізбектерінде жоғарылатушы трансформаторлар ретінде пайдаланылады.

ТС типті трансформаторлар (күш трансформаторы) электр орталықтан-дыру құрылғыларында пайдаланылады. Олар табиғи ауамен салқындайды және қуаты әр түрлі болады. Темір жол автоматикасы мен телемеханикасы құрылғыларында қуаттылығы 25 кВА және т.б. трансформаторлар пайдаланылады.

8-сурет - ПОБС-2АУЗ типті жол трансформаторы орамаларының сұлбасы

9-сурет - ПЧ50/25 жиілік түрлендіргіштің сұлбасы

Тұрақты ток тізбектерін апатты жағдайда қоректендіру үшін шыны ыдыстардағы қышқыл аккумуляторлар пайдаланылады, мысалы, автоблоктау кезінде АБН-72 типті аккумулятор (жағынды пластиналы автоблоктаушы). Аккумулятордағы кернеу 2,2В, номинальды сыйымдылық 72 Ач. Станцияларда қажетті сыйымдылықты С типті аккумуляторлар пайдаланылады.

ПЧ50/25 электрмагнитті статикалық түрлендіргіштер жиілігі 50Гц ауыспалы токты жиілігі 25 Гц ауыспалы токқа түрлендіруге арналған және ауыспалы токтың электр тартқышы болған жағдайда рельс тізбектерін қоректендіру үшін пайдаланылады. Түрлендіргіштер екі блок түрінде жасала-ды: біріншісіне орамалары мен диодтары бар магнит сым, ал екіншісіне конденсаторлар орналастырылады.

Түрлендіргіш жұмысы индуктивті және сыйымдылықты (9-сурет) контурдағы параметрлік қоздыру құбылысына негізделген. Алғашқы орама І жиілігі 50 Гц ауыспалы ток желісіне қосылады. Шығыс орама ІІ С конденсаторымен бірге 25 Гц жиілікке келтірілген контур жасайды, бір уақытта екі өзекті де қамтиды, сондықтан олардың магниттік ағындары әсерінде болады, олар онда қ.қ.с. туғызбайды, себебі қарсы бағытталған. Бірінші орамадан кейін бірізділікпен УО диоды қосылады, ол жиілігі 50 Гц ауыспалы токты толықсу тоғына түрлендіреді. Өзектердегі магниттік ағын 1 с 50 рет өзгеріп отырады. Дәл осылай шығыс ІІ ораманың индуктивтілігі де өзгеріп отырады. Түрлендіргіштің шығыс контуры 25 Гц жиілікке бапталған жағдайда, түрлендіргіш шығысында жиілігі 25 Гц ауыспалы ток пайда болады.

Жартылай өткізгіш түрлендіргіштер кернеуі төмен тұрақты токтан кернеуі жоғары тұрақты ток алуға болады.

ППШ-3 типті түрлендіргіш кернеуі 12В тұрақты токты кернеуі 22, 55 немесе 77В тұрақты токқа түрлендіреді. Ол жүктемесі 77мА аз мөлшердегі токты жібереді және бақылау және сызықтық тізбектерді қоректендіруге пайдаланылады.