Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по Автоматике КАЗ - 1 курс-...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
641 Кб
Скачать
☆

15. Рельстік тізбектер

15.1 Рельс тізбегінің құрылысы, жұмыс істеу принциптері және рельс тізбегінің міндеттері

Рельс тізбектері (РТ) темір жол автоматикасы мен механикасының негізгі элементі болып табылады, оның әрекеті пойыздар қозғалысын реттейтін барлық автоматты және телемеханикалық жүйелердің құрылғыларына енгізілген және белгілі дәрежеде құрылғылар жұмысының сенімділігі мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін анықтайды.

Рельс тізбегі дегеніміз электр тізбек, онда қоректендіру көзі мен жүктеме (реле) бар, ал электр тоғының өткізгіші ретінде темір жолдың рельс тіні пайдаланылады. Қарапайым РТ (10-сурет) электр сұлбасы қоректендіруші ұштан, рельс желісі мен реле ұшынан тұрады.

10-сурет - Рельстік тізбек сұлбасы

11-сурет - Дроссель-трансформаторды рельс тізбектеріне қосу сұлбасы

РТ қоректендіруші ұшына ВАК типті түзеткішпен 1 бірге буферлік режимде жұмыс жасайтын аккумулятор 2 немесе жол трансформаторы ЖТ орнатылады. Ток рельс желісіне РТ шунттық режимдегі жұмысын қамтамасыз ететін R0 резисторы арқылы келеді.

Рельс желісінде екі рельс тіндері 7 бар, олар өзара рельс тіндерінің электр кедергісін азайту үшін ток өткізгіш түйіспелік жалғағыштармен 8 жалғанған жеке рельс звеноларынан тұрады. Учаскедегі тартқыш түріне және рельске бекіту тәсіліне байланысты түйіспелік жалғағыштар үш түрлі болады. Автономды тартқышы бар учаскелерде болат штепсельді немесе пісірілетін жалғағыштар қолданылады. Электрленген учаскелерде мыс пісірілетін жалғағыштар пайдаланылады. Рельс тіндері бір-бірінен ағаш немесе темірбетон шпалдармен 9 оқшауланған.

Шектес РТ рельс желілер металл бастырмалары бар оқшаулаушы түйіспелер 6 немесе желім бұрамалы түйіспелер арқылы электрлік бөлінеді. Оқшаулаушы түйіспелер сенімді электр оқшаулау мен жолдың үстіңгі құрылысының механикалық беріктігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан олар механикалық берік және жоғары ылғалдылық жағдайында жұмыс қабілеттілігін сақтайтын оқшаулаушы материалдардан жасалады. Зауыт жағдайында дайындалатын желім болтты оқшаулаушы түйіспенің механикалық беріктігі жоғары, себебі ол рельспен бірге бір тұтасты құрайды.

Электрленген учаскелерде рельс желісіндегі оқшаулаушы түйіспелерде дроссель-трансформаторлар ДТ (11-сурет) орнатылады, олар тартқыш токтың Iт рельс тіндері бойынша оқшаулаушы түйіспелерді айналып өтуін қамтамасыз етеді. Дроссель-трансформаторда екі орама бар: негізгі және қосымша. Негізгі ораманың үш шықпасы бар: екі шеткі рельс тіндеріне қосылады, ал ортаңғысы шектес РТ дроссель-трансформаторының ортаңғы шықпасымен қосылады. Қосымша орама шықпаларына рельс тізбегі аспаптары қосылады.

Реле ұшында (10-сурет) сигнал тоғы рельс желісінен тұрақты немесе ауыспалы токтың жол релесін ІІ қабылдайды, ол РТ (жұмыс істеп тұрған немесе бос) жағдайын тіркеп, осы ақпаратты автоматика мен телемеханиканың әр түрлі құрылғыларының жұмысы үшін жеткізіп береді. Жол релесі мен РТ кейбір түрлеріндегі рельстер арасында мынадай аспаптар қосылуы мүмкін: оқшау-лаушы немесе жоғарылатушы трансформатор, қорғаныс сүзгілер және т.б.

Жол учаскесіне жылжымалы құрам орналасқан кезде рельс тіндері пойыздардың құлауы аз электр кедергісімен шунтталады. Жол релесінің орамасындағы сигнал тоғы күрт төмендейді, себебі жол релесі орамасындағы кедергі пойыздардың құлау кедергісінен әлдеқайда көп. Жол релесі зәкірді түсіреді, фронт түйіспелерін ажыратып, сыртқы түйіспелерді тұйықтайды және РТ пойыз орналасуын бақылауды жүзеге асырады.