Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций по Автоматике КАЗ - 1 курс-...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
641 Кб
Скачать
☆

15.3 Рельс тізбектері жұмысының негізгі режимдері

Рельс тізбектері автоматика мен телемеханика жүйелері әрекетінің сенімділігі мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондықтан олардың жұмысына бірқатар талаптар қойылады. Рельс тізбегі жылжымалы құрамнан бос болған уақытта жол релесі оның бос күйін сенімді тіркеуі тиіс. Рельс тізбегінде кем дегенде бір-ақ доңғалақтар жұбы болса немесе рельс толық істен шықса, жол релесі зәкірді түсіріп, рельс тізбегінің бос емес күйін тіркеуі қажет. Оқшаулаушы түйіспелердің электрлік тұйықталуы және РТ-не рельс тізбегімен шектес қоректендіру көзінен ток жеткен уақытта жол релесі зәкірді тартпай, рельс тізбегінің бос емес екендігінің жалғандығын, яғни бұзылған күйін сенімді тіркеуі тиіс.

Қалыпты режим (реттеуші) РТ жылжымалы құрамнан бос күйіне сәйкес келеді. Бұл режимде жол релесі П арқылы (14,а-сурет) ток өтеді, бұл жерде реле зәкірі тартылған күйде ұсталады немесе берілген режим үшін ең қолайсыз жағдайларда тартылады (импульстік қоректендіру кезінде).

14-сурет - Жұмыстың қалыпты (а), шунттық (б) және бақылау (в) режимдеріндегі рельс тізбектері сұлбалары

Қалыпты режимдегі РТ жұмысы үшін қолайсыз жағдайлар дегеніміз реле зәкірінің түсіп немесе тартылмай қалуына дейін жеткізген жол релесіндегі Iр жұмыс тоғының төмендеуі. Жол релесіндегі жұмыс тоғын Iр төндетеді: түйіспе-лік жалғағыштардың бүтіндігі бұзылған жағдайда рельс тіндері кедергісінің ұлғаюы, балласт кедергісінің төмендеуіне байланысты балласт арқылы ток жылыстауының артуы (балластының ластануы немесе қолайсыз метеорология-лық жағдайлар салдарынан), қоректендіру көзі кернеуінің төмендеуі.

РТ бос болған уақытта реле қыспақтарындағы талап етілетін кернеуді анықтау үшін оның ұзындығы мен балласт күйіне байланысты РТ есептеулері жүргізіледі. Осы есептеулер негізінде реттеу кестелері құрастырылған, олардың көмегімен қалыпты режимдегі жұмыстың барлық қолайсыз жағдайлары ескеріле отырып РТ реттеледі.

Шунттық режим РТ жылжымалы құрам қойылған күйге сәйкес келеді. Бұл режимде РТ жылжымалы құрам қойылған уақытта (14,б-сурет) рельс тіндері жол релесі орамасының кедергісімен салыстырғанда кедергісі мардым-сыз доңғалақ жұптарымен шунтталады. Бұл ретте реледегі кернеу түсіру кернеуі мәніне дейін төмендеуі тиіс және зәкір шунттық режимнің ең қолайсыз жағдайларында түсіп тұруы тиіс. Қолайсыз жағдайлар дегеніміз жол релесіндегі токтың ұлғаюын туғызатын жағдайлар, нақтырақ айтсақ: қоректендіру көзінің ең жоғары кернеуі, рельстердің ең төмен кедергісі, балласттың ең жоғары кедергісі.

Рельс жарылған кезде жол релесі арқылы балластыны айналып өтіп, Iф (нақты) тоғы беріле береді (14,в-сурет). Бұл токтың азаюына қарамастан ол жол релесі зәкірін ұстап тұру үшін жеткілікті болуы ықтимал және жарылған рельсті бақылау мүмкін емес болады.

Сонымен, Iф токтың ұлғаюына әкелетін бақылау режимінің ең жаман жағдайлары мыналар: қоректендіру көзінің ең жоғары кернеуі, рельстердің ең төмен кернеуі және балластының критикалық кедергісі (РТ ұшынан зақымдану орнына дейінгі белгілі қашықтықтағы балласт кедергісінің жоғарылығы сонша-лықты, балласт арқылы берілуге байланысты ток тізбегі сақталатындықтан, реледегі токтың ұлғаюына әкеледі).