- •Дәрістер жинағы
- •1. Сигнализация, орталықтандыру жӘне блокировка мIндеттерI мен тҮрлерI
- •2 Темiр жолдардағы сигнализация негiздерi
- •3 Бағдаршам құрылымы және түрлерi
- •4. АвтоматиканыҢ анықтамалары және ұҒымдары
- •5 Басқару жҮйелерIн сҰрыптау
- •6 Автоматты жҮйе элементтерI
- •7. АвтоматтандырылҒан қондырҒылардыҢ жалпы қҰрылымы
- •8 Автоматика қондырҒылары арқылы ақпарат беру
- •9 Автоматика жҮйелерIнIң қабылдаушы бӨлшектерI
- •10. Бинарлы бергіштер
- •11. Аналогтық түрлендіріп бергіш.
- •12. ПотенциометрлIк ЖәНе индуктивтiк тҮрлендIргIштер
- •13. Реленің әрекет ету принципі және жіктелуі
- •Тұрақты ток релесі
- •13.2 Ауыспалы ток релесі
- •14. Электрмен қоректендіру аппаратурасы
- •15. Рельстік тізбектер
- •15.1 Рельс тізбегінің құрылысы, жұмыс істеу принциптері және рельс тізбегінің міндеттері
- •15.2 Рельс тізбектерін топтау
- •15.3 Рельс тізбектері жұмысының негізгі режимдері
- •16. Жолды блоктау жүйелері
- •16.1 Автоблоктау жүйелерін құру принциптері
- •16.2 Автоматты автоблоктау құрылғыларын электрмен қоректендіру
9 Автоматика жҮйелерIнIң қабылдаушы бӨлшектерI
Өлшеуіш құрылғының қабылдағыш элементі ақпарат көзі болып табылады. Ол технологиялық процесс параметрінің мәнін қабылдайды да оны құрылғының келесі элементіне берілетін әсер етіп түрлендіреді. Бұл әсер құрылғы қабылдауға арналған параметр мәніне алдын ала функционалдық тәуелділікте болуы мүмкін. Мұндай қабылдағыш элементті өлшегіш дейді, өйткені оның сигналының деңгейі бойынша кірістік шама координатының мәнін анықтауға (өлшеуге) болады.
Олай болса, өлшеуіш элемент ретінде шығыстық және кірістік шамалары кординаттарының арасында бірмәнді функционалдық байланыс бар элемент, яғни статикалық элемент бола алады.
Егер қабылдағыш элементте кірістік және шығыстық шамалар кординаттарының арасында үздіксіз функционалдық байланыс болмай, ол тек автоматтық құрылғыны іске қосуды, және де қабылдайтын параметрдің белгілі бір мәні алынғанда, оны ажыратуды ғана жүзеге асырса, онда ол элементті қосу (релелі, не жай реле дейді де) элементі деп атайды. қабылдағыш элементтер тікелей және аралық түрлендіретін болып ажыратылады. Тікелей түрлендіретін элементтерде шығыстық ықпал кірістік координаттың бір ғана түрлендіруінің нәтижесі болады. Аралық түрлендіруі бар элементтерде кірістік координат қосалқыға түрленеді де, содан кейін шығыстық ықпалға қайтадан түрленеді
Қабылдағыш элементтер энергетикалық схема бойынша күшейтілмейтін және күшейтілетін түрінде болып ажыратылады. Элемент энергияны күшейтілмейтін түрде параметрін қабылдайтын процестен алады да, оның бір бөлігін түрлендіргеннен кейін қызмет істеуі үшін құрылғының келесі элементтеріне береді (мысалы, термопара). Ал күшейтілетін түрде процестен келетін энергияны элемент келесі құрылғыны іске қосу үшін емес, элементтің қайсыбір физикалық қасиетін өзгерту үшін ғана жұмсайды (мысалы, кедергі термометріндегідей). Мұндай элементтер өткізгіштігі көрсетілген физикалық қасиеттерге байланысты болып келетін дербес энергетикалық тізбекке қосылады. Демек, бұл жағдайда құрылғының іске қосылуына қажет энергия параметрі қабылданатын процестен емес, сырттан алынады.
Қабылдағыш элементтер жанаспалы (бақыланатын затпен тиіскенде) және жанаспасыз (ол затпен тиіспейтін) болып ажыратылады.
Қабылдайтын шамасына сәйкес қабылдағыш элементтердің механикалық, гидро-механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық, радиоактивті, акустикалық, химиялық т.б. түрлері бар.
Сұйықтар мен газдардың температурасы, қысымы, ағын шығыны, деңгейі, тығыздығы, химиялық құрамы үшін қабылдағыш элементтер бақылау-өлшеу аспаптарымен бірге жеке тарауларда қарастырылады.
Механикалық қабылдағыш элементтердің ішінде ығысуды қабылдайтын элементтер айырықша орын алады, өйткені әртүрлі физикалық шамаларды ығысуға түрлендіру және бұларды керісінше түрлендіру барынша қарапайым орындалады. Мысалы, күш, меншікті қысым, жылдамдық, үдеу, температура, геометриялық өлшемдер, кернеу, қуат т.б. осы шамалардың сандық мәнімен функционалды байланысқан кеңістік ығысуға оңай түрленеді және керісінше ығысу оңай түрленіп, функционалды түрде тоқпен, кернеумен, индуктивтікпен, сыйымдылықпен, сәтпен, күшпен т.б. байланысады. әсіресе, қабылдағыш элемент үшін: «бейэлектрлік шама-ығысу-электрлік шама», ал атқарушы элемент үшін: «электрлік шама-ығысу» схемасы бойынша түрлендіру айырықша дамыған. Соңғы түрлендіру өлшеу схемасы бойынша вольтметр, амперметр, ваттметр, логометр, потенциометр т.б. өлшеуіш аспаптар мен құрылғыларда орындалады.
Төменде ығысуды электр шамасына түрлендіретін барынша кең тараған потенциометрлік, индукциялық (реостатты), электортензометрлік, индукциялық (трансформаторлық), индуктивтік сыйымдылықты т.б. қабылдағыш элементтер қарастырылады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Автоматика, телемеханика и связь на железнодорожном транспорте: Учебник для вузов ж.д. транспорте. А.А.Устинский и др. М.: Транспорт, 1985-439с.
2. Казаков А.А. и др. Устройство автоматики, телемеханики и связи на железнодорожном транспорте. М.: Транспорт, 1992-390с.
3. Кондратьева Л:А. Устройство железнодорожной автоматики и телемеханики. М.: Транспорт, 1983-238с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (2- тақырып) [ 1,2,3]
1. АТБ кестелері
2. Аралықтағы жүрісті реттеу қондырғылары
3. Электрлі жезлді жүйе
