- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
Сайлау жүйесі дегеніміз сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі. ҚР сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы заңдарда көрсетілгендей Республика Президентін, Мәжіліс пен Сенат депутаттарын, ауылдық әкімдерді, төте не жанама сайлау тәртібін айтамыз. ҚР сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Қазақстандағы сайлау комиссияларының біртұтас жүйесі төмендегі сайлау комиссияларынан құралады: Орталық сайлау комиссиясы; Аумақтық сайлау комиссиясы; Округтік сайлау комиссиялары; Учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынады. Ұсынылған кандидатура ұсынып отырған партияның мүшесі болмауы қажет. Егер, мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін бір айдан кем болмауға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелерін өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртүтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламент мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның төрағасынын, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының жоғары заң білімі болуға тиіс. Орт. Сайлау комм.ң өз аппараты болады. Ол республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Аумақтық сайлау комиссиялары. Облыстық, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. Аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Аумақтық комиссиялар Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін он күннен, ал жергілікті өзін өзі органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы: әкімшілік аумақтық бөліністер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; Президентті, Парламенттің және мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді; төменгі тұрған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басщылық етеді; сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебін, сондай ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелрі бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы; сенат депутаттары сайлауын өткізуді қамтамасыз етеді; мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құрады және олардың тізімдерін жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жері туралы сайлаушыларға хабарлайды; дауыс беруге арналған учаскелердің бірыңғай нөмірленуін белгілейді; жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің жасалуын қамтамасыз етеді; округтік сайлау комиссияларынан тиісті мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттамаларды алады және округтік сайлау комиссияларыныңтіркелген кандидаттардың тізімдерін жариялауын қамтамасыз етеді; мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қортындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тіркейді және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; қайта дауыс беру, қайта сайлау мен сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады, жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Округтік сайлау комиссиялары: тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге; Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткізілуін ұйымдастырады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметін үйлестіріп,ұйымдастырып отырады; олардың шешімдерінің күшін жояды жіне тоқтата тұрады; учаскелік сайлау коммисияларынң шешімдері мен іс әрекеттеріне түскен арыздар мен шағымдар қарайды; парламент мәжілісінің және маслихаттардың депутаттығына ұсынылғын кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды; сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалып, барша жұрттың танысылуына ұсынылуын бақылайды; учаскелік сайлау коммисияларын сайлау бюлетендерімен қамтамасыз етеді; сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша учаскелік сайлау коммисияларының және округтің аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының хабарламасын тыңдауға құқылы; уч.сай.комм.-нан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабар жариялайды; қайта дауыс беру, қайта сайлау және парламент мәжілісінің шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізеді; қайта сайлау және маслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізеді; респулика заңдарына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады; Учаскелік сайлау коммисиялары. уч.сай.ком-лары тиісті сайлау учаскелерінде Президенті, парламентт мәжілісінің және маслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныңмүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Уч.сай.ком-ры жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. Президент, парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнінде уч.сай.ком-ның құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін – жеті күннен, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық ком-дың құрамы үш күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады. Уч.сай.ком-ры: сайлау учаскесінде президентті, парламент мәжілісінің, маслихаттардың депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргізеді; уч.ком-ның орналасқан жері туралы сайлаушыларды хабарландыру; тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімін нақтылайды; азаматтарды сайлаушылардың тізімімен таныстырады, тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиісті өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды; сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабарлайды; дауыс беруге арналған үй-жайларды дайындайды, кабиналар мен жәшіктердің жасалуын қамтамасыз етеді; сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс берілуңн ұйымдастырады; дауыс санауды жүргізеді және учаскедегі дауыс беру нәтижелерін анықтайды; дауыс беруді әзірлеу мен ұйымдастыру мәселелері жөнінде арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешім қабылдайды; республика заңдарына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
