- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
48. Субъективті құқық және заңды міндет.
Құқықтық қатынастың субъектілері өзара субъективті құқықтар және заңды міндеттермен тығыз байланыста. Осындай субъективті құққытар мен заңды міндеттерді атқарушы жақтар құқықтық қатынастың субъектілеріне жатады. Құқықтық қатынастың субъектілеріне: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет органдары, әкімшілік бөлімдер жатады. Құқықтық қатынастың субъектілері болу үшін, олар құқықтық субъектілікке ие болуы қажет. Құқықтық субъектілік үш элементтен тұрады: құқықтық қабілет; әрекет қабілеттілігі; деликт қабілеттілігі. Құқықтық қатынастың тууының алғышарты болып заңды міндет болып табылады. Құқық нормалары, құқықтық қатынастың пайда болуын, өзгеруін, тоқтатылуын байланыстыратын өмірдің фактілі мән жайларын заңды фактілер дейміз. Нәтижесінде, бір салдарды тудырған әр түрлі заңи фактілердің жиынтығы заңдық құрам деп аталады. Заңды фактілер: заңды оқиға және заңды әрекет сияқты екі сатыдан тұрады. Заңды оқиға адамдардың еркінен тыс қалыптасатын мән жайлар мен құбылыстарды қамтитын заңи фактілер. Заңды әрекет адамдардың еркімен қалыптасатын заңи фактілер.
49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
ҚР Конституциялық кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойына Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық кеңестің төрағасын республиканың президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады. Конституциялық кеңестің екі мүшесін республика президенті, екі мүшесін сенаттың төрағасы және екі мүшесін мәжілістің төрағасы тағайындайды. Конституциялық кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық кеңестің төрағасы мен мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. Конституциялық кеңестің төрағасы мен мүшелерінің өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде Парламенттің келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкетуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Конституциялық кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. ҚР Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не тиісінше бекітілмейді және күшіне енгізілмейді. Конституциялық кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілі органы. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезде аяқталады. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан тұрады: Сенат және Мәжіліс. Сенат облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жыл. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірмей өткізіледі. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат барабар қкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарны сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірмей өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жыл.Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.
