- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
Міндеттеме дегеніміз бір адамның (борышқордың) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуы. Міндеттемелер зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады. Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік өызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.
Тараптары: борышқор мен несие беруші және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Борышқор — белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті немесе одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын жақ; несие беруші — борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атауларымен нұсқаланады.
Міндеттемеде оның әр тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.
Міндеттеме қабылдаудың мақсаты –борышкерді өз міндетін уақытылы және сапалы орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.
Міндеттемелер әр түрлі негізде туындайды. Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.
Пайда болу негіздері: заңда көрсетілген негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ оған қайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар, ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде; басқа адамға зиян келтіру салдары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болмаса да, адамның қаржысы есебінен мүлік иелену немесе жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеді орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) оның бұзылуы деп есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті.
13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
ҚР-дағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР-ның Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.
Адвокат – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР-ның азаматы. Заң көмегін көрсете отырып адвокаттар: 1) шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; 2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды; 3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.
ҚРдағы нотариат құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай ақ Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариус мынадай нотариаттық іс әрекеттер жасайды: 1) мәмілелерді куәландырады; 2) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады; 3) мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды; 4) мұраға құқық туралы куәліктер береді; 5) ерлі зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді; 6) мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымда алып тастайды; 7) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады; 8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; 9) құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады; 10) азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады; 11) азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады; 12) құжаттардың берілген уақытын куәландырады; 13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді; 14) ақшаны депозитке қабылдайды; 15) вексель наразылықтарын жасайды; 16) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды; 17) теңіз наразылықтарын жасайды; 18) дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған ҚР-ның Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бірлестіктер қызметінен тәуелсіздік қағидаттарына сәйкес құрылады және атқарылады.
ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері: 1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу; 2) ҚР-ның мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу; 3) шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың ҚР-ның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және тыю; 4) ҚР-ның конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметті анықтау, алдын алу және тыю; 5) заңмен ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу; 6) ҚР-ның Президентін, ҚРның мемлекеттік органдарын, Қарулы күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету; 7) ҚР-ның мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қарулы күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 8) ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзетуді және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
