Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ТАРИХ Office Word.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96 Кб
Скачать
☆

Хvііі ғасырдағы қазақ батырлары

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы (1678-1775ж.ж.) – бүкіл қазақ жастарының қолбасы, батыр, дипломат. Орта жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан. Оның жасақтары Жайық қазақтарымен, жоңғарлармен, Цин империясының әскерлерімен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1703-1781ж.ж.) – қолбасшы, халық батыры. Түркістанды қорғауда, Алакөл, Бұланты, Аңырақай, Шығанақ шайқастарында найман жасағын басқарған. Абылай хан оны «Дарабоз» деп атаған. Қабанбайдың әйелі Гауһар көптеген шайқастарда батырмен бірге жүріп шайқасқан.

Шақшақұлы Жәнібек – қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат. Қазақ – орыс қатынастарын нығайтуды белсене жақтады.

Көкіұлы Есет (1667-1749ж.ж.) – қолбасшы, дипломат. Шайқастарда жасақтардың ірі бөлімшесін басқарып, найзагерлігімен ерекшеленген батыр.

Хангелді Райымбек – Ұлы жүздің албан тайпасы, әлжан руынан тарап, он бесінде – «ат құлағында ойнап», он алтысында – «орда бұзар» атанған. Ойрантөбе шайқасында Райымбек бастаған қазақ әскерлері жоңғарларға күйрете соққы берді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ тауып, қазіргі Алматы жерінде жерленген.

Наурызбай Құттымбетұлы (1706-1781Ж.Ж.) – Ұлы жүздегі Шапырашты тайпасының асыл руынан тараған. Абылай ханның ру ұстаушы үш батырының бірі (Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай). 1729 жылы қалмақ батырлары Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген қас батыр.

Кіші жүздің Ресей империясының қоластына енуі

Қазақ елеінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748ж.ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Мақсаты: жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.

Әбілқайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын. 1730 жылы кіші жүз билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды.

Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургке Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілеріне әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. Елшілік Петербургке қазақ айында жетеді де, хатты әйел император Анна Иоановна қабылдайды.

1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдайтыны туралы сенім грамотасына қол қойды. Грамотада былай деп жазылған: «1-ден, біздің императорымызға адал қызмет етесіздер. 2-ден, Ресей өз азаматтары, сіздерді ренжітпейді. 3-ден, ал егер ренжітсе, сіздерді император өз қамқорлығына алып қорғайды. 4-ден, сіздер ресейліктермен, башқұрттармен және қалмақтармен бейбітшілікте боламыз деп ант бересіздер».

Антты қабылдау үшін 1731 жылдың күзінде кіші Жүз ханы Әбілқайырға тапсырылатын сенім грамотасымен бірге сыртқы істер коллегиясының тілмашы Тевкелев бастаған елшілер тобы жіберілді. Қазақ жерін аралаған Тевкелеев бастаған елшілік қазақ сұлтандары мен ру басшаларына әртүрлі уәделер мен сыйлықтар беріп, анттың мазмұнын түсіндіреді және олардың келісімін алады.

1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, оның ағасы Құдайназар, Бөгенбай, Есет және 27 қазақ ақсүйектері Ресей азаматтығын қабылдау жөніндегі актіге қол қояды.

Кіші жүзден кейін Орта Жүздің бір бөлігі де Ресей бодандығын қабылдайды. 1734 жылы 10 маусымда Орта Жүздің хан Семеке мен оның жақтастары Ресейге қосылды. 1733-1734 жылы Ұлы Жүздің кейбір билері Ресейге қосылу ниеттерін білдіреді. 1734 жылы маусымда Анна Иоановна Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдайтыны туралы жарғыға қол қойды. Бірақ Ұлы Жүздің Ресейге қосылу процесі жүз жылдан астам уақытқа созылды.