- •Орта тас (Мезолит) және жаңа тас (Неолит) дәуірі
- •Энеолит (мыстытас) дәуірі.
- •Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
- •Ғұндар мемлекеті
- •Үйсін мемлекеті
- •Қаңлылар.
- •Қазақ халқының қалыптасуы.
- •Батыс Түрік қағандығы (603-704 ж.Ж.)
- •Түркеш қағандығы (704-756 ж.Ж.)
- •Қазақ жүздері
- •Түрік қағанаты (552-603ж.Ж.)
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.Ж.)
- •Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.Ж.)
- •Қимақ қағанаты (іх-хі ғ.Ғ.)
- •Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы).
- •Шыңғыс хан империясы. Моңғол дәуірі
- •Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы
- •Моңғол ұлыстары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Әмір Темір жорықтары
- •Ноғай Ордасы.
- •Сібір хандығы.
- •Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
- •Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Тәуке хан тұсында қазақ хандығы
- •Қазақ – жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
- •Хvііі ғасырдағы қазақ батырлары
- •Кіші жүздің Ресей империясының қоластына енуі
- •Қазақтардың е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •1867-1868 Жж. Реформалар.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •. 1991 Жылғы тамыз төнкерісі.
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.Ж.)
«Күлтегін» жазбаларында «қарлұқтардың бірнеше рет көтеріліс жасап, түріктердің жауына айналғандығы туралы» баяндалады. Бұл оқиға 714-715 жылдары өткен болатын. Осыдан кейін-ақ қарлұқтар едәуір күшейді.
742 жылы еуразия даласындағы саяси үстемдік үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлардың және басмылдардың одағына көшеді. Басмылдарды ұйғырлар мен қарлұқтардың бірлескен күші талқандады. Осының нәтижесінде 745 жылы түрік тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты құрылды. Құрамына Алтайдан Маньчжурия және оңтүстік Гобиге дейінгі жерлер, оғыз тоғыз тайпасы мен Енисей қырғыздарының жері кірді. Бірақ көп ұзамай қарлұқтар ұйғыр қағанатынан бөлініп шықты.
VІІІ ғасырдың орта кезінде Қазақстан аумағындағы Түркеш қағанаты талқандалып, орнына қарлұқ тайпалары келіп орналасты. Олар Батыс Алтай жерінен көшіп келіп Жетісу жерлерін басып алды.
Қарлұқтардың билеушісі Жабғу деп аталды. Астанасы Жетісудағы Қойлық қаласы. Олар көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Негізінен қой, жылқы, түйе өсірді. Сонымен бірге егіншілік те болды. Жібек жолы бойында орналасқан қалаларда сауда-саттық пен қолөнер дамыды. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен және қырғыздармен әскери аққтығыста болды. Сыртқы әскери шапқыншылық пен ішкі талас-тартыстан Қарлұқ қағандығы Х ғасырдың ортасына қарай әлсірец түсті. 940 жылы Жетісуды қарахандықтар басып алғаннан кейін Қарлұқ мемлекеті өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.Ж.)
940 жылы Қазақстанның оңтүстігінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан (Әулие Ата). Ол Баласағұнда билеушіні құлатып өзін жоғары қаған деп жариялады. Қарахан мемлекетінің аумағы Шығыс Түркістаннан, Жетісу, Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойын алып жатты. Мемлекеттің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласы болды. Билеушінің титулы қақан деп аталды. Боғрахан өлген соң билік оның баласы Әбілхасан Әли ибн Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) көшті. Ол 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Исламның дінінің енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды.
Негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Салық жинауда «ихта» тәртібі қолданылды. Яғни, жоғарғы билеуші өзінің туысқандары мен жақындарына белгіленген аймақтан немесе қаладан салық алуды тапсырды. Мұндай тартулар «ихта» деп аталды, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «ихтадар» деп атаған. 1125 жылы Қарахан әулетіне бағынышты тайпалар арасындағы алауыздық туындай бастайды, осыны пайдаланған қарақытайлар Қарахан мемлекетінің ішкі істеріне арласа бастайды. 1128 жылы қарақытайлар көсемі Елу Даши Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнықтырады. Олар 1137 жылы Ходжентті, 1141 жылы Самарқанды жаулап, бүкіл Мауреннахр жерін өзіне бағындырады.
1210 жылы шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.
Қарахан мемлекеті тұсында Қазақстандағы сәулет өнерінің озық үлгілері дүниеге келді. Жетісу мен Сырдария бойндағы Х-ХІІ ғасырлардағы салынған ғимараттардың бір бөлігі бүгінгі күнге дейін жетті. Айша бибі, Бабажа қатын, Алаша хан, Сырлытам және т.б. өздерінің салыну ерекшеліктерімен, күмбездерімен, көркемдеу әдістерінің әр түрлілігімен таң қалдырады.
