- •Орта тас (Мезолит) және жаңа тас (Неолит) дәуірі
- •Энеолит (мыстытас) дәуірі.
- •Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
- •Ғұндар мемлекеті
- •Үйсін мемлекеті
- •Қаңлылар.
- •Қазақ халқының қалыптасуы.
- •Батыс Түрік қағандығы (603-704 ж.Ж.)
- •Түркеш қағандығы (704-756 ж.Ж.)
- •Қазақ жүздері
- •Түрік қағанаты (552-603ж.Ж.)
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.Ж.)
- •Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.Ж.)
- •Қимақ қағанаты (іх-хі ғ.Ғ.)
- •Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы).
- •Шыңғыс хан империясы. Моңғол дәуірі
- •Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы
- •Моңғол ұлыстары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Әмір Темір жорықтары
- •Ноғай Ордасы.
- •Сібір хандығы.
- •Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
- •Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Тәуке хан тұсында қазақ хандығы
- •Қазақ – жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
- •Хvііі ғасырдағы қазақ батырлары
- •Кіші жүздің Ресей империясының қоластына енуі
- •Қазақтардың е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •1867-1868 Жж. Реформалар.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •. 1991 Жылғы тамыз төнкерісі.
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Шыңғыс хан империясы. Моңғол дәуірі
ХІІІ ғасырдың басында әскери-феодалдық моңғол мемлекеті құрылды. Астанасы – Қарақорым. Негізін салушы Боржыған (Бөржігін) руынан шыққан (шешесі қоңырат руынан) Есугейдің ұлы – Тимучин (1155-1227 ж.ж.) алдымен Орхон және Керулен өзендері бойындағы тайпаларды бағындырды. 20 жылға созылған күресте барлық моңғол тайпаларын біріктірді. Ол 1203 жылы керейттерді, сонан соң наймандарды талқандайды. 1206 жылы Онон өзені бойындағы ақсүйектер құрылтайында Тимучин бүкіл моңғол тайпаларының билеушісі болып сайланады және Шыңғыс хан деген атқа ие болады. Моңғол тайпалары Шыңғыс хан ұлысы саналып, 3 қанатқа бөлінді:
Оң қанат – барұңғар
Сол қанат – жоңғар (зұңғар)
Орталық – гол (кул)
Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды. Түмен – 10 мың әскер, басқарушысы – Түменбасы. Мыңдық – 1 мың әскер, б-Мыңбасы, Жүздік – 100 мың әскер, б-Жүзбасы, Ондық – 10 әскер, б-Онбасы.
Шыңғыс ханның әскерлері 95 мыңдықтан құрылды. Ханның 10 мыңнан тұратын таңдаулы әскерлері болды. Моңғол шаруалары (араттар) соғысқа қатысуға міндетті болған. Әскери тәртіпті бұзғандарға өлім жазасы берілді. Мемлекет билігін нығайту мақсатында Шыңғыс хан «Яса» атты әдет-ғұрып заңдар жинағын шығарған.
Моңғолдардың Батысқа жорығы Жетісу жерін басып алудан басталды. Шыңғыс ханды Жетісудың гүлденген қалалары мен құнарлы жайылымдары қызықтырды. Олар Жетісудың біраз бөлігін қарсылықсыз басып алды. 1210-11 жылдары Қарлұқтар билеушісі Арыслан хан Шыңғыс ханға өз еркімен қосылса, 1217 жылы Алмалық облысының билеушісі де моңғол мемлекетіне тәуелділігін мойындады. 1218 жылы Баласағұн соғыссыз берліді. Ұрыссыз берілген қаланы моңғолдар «жақсы қала» (гобалық) деп атайды.
Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы
Шығыс Түркістан мен Жетісуды алған соң моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашылды. Шыңғыс хан мен Мұхамедд арасында сауда келісімі жасалып, 1218 жылы Отырарға 450 адамдық сауда керуенін жіберді. Отырар ханы Қайырхан көпестердің астыртын барлаушылар екенін байқап, оларды түгел өлтірді. Қыпшақтардан бұндай әрекет күтпеген Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап етеді және бұл жағдай Шыңғыс хан жорығының басталуына сылтау болды.
1219 жылы 150 мың моңғол әскері Ертістен Сырдарияға қарай қаптады
1219 жылы қыркүйекте Отырар қоршауы басталды.
Қайыр хан 80 мың әскерімен қаланы 5 ай қорғады. Тек көмекке келген әскербасы Қараджа сатқындығынан кейін, 6 айда (1220 жылы ақпанда) моңғолдар Отырарды алады. Қолға түскен Қайырханның көзі, құлағы, аузына қайнатылған күміс құйып, азаптап өлтірілді. Отырар қаласының қабырғалары жермен жексен етіп қиратылып, қала тонауға ұшырайды. Моңғолдарға дейінгі тарихи деректерде айтылған Отырар кітапханасы туралы мәліметтер моңғол шапқыншылығанан кейінгі дәуірде кездеспейді. Кітапхананың Отырар қорғанысы кезінде жер асты жолдарының біріндегі бөлмелерге жасырылғандығы туралы ел аузындағы әңгіме шындыққа келеді.
Моңғол ұлыстары.
Өзінің атты әскерлерімен жерін таптап, халқын бағындырған орасан зор аумақты Шыңғыс өлер алдында ұлдарына үлес етіп бөліп береді. Қазақстан жері үщ моңғол ұлысының құрамына енеді:
Жошы ұлысы – Ертістің батысынан Жетісудың солтүстігі, Дешті Қыпшақ жері, Еділдің төменгі бойы, Хорезм, Сырдария. Ордасы – Ертіс өзені бойында
Шағатай ұлысы – Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан, Мәуереннахр. Басты қаласы – Алмалық, жазғы ордасы – Іле өзені бойындағы Құяш.
Үгедей ұлысы – Батыс Моңғолия, Тарбағатай, Жоғарғы Ертіс бойы. Ордасы – Чугучук.
Төле (Төлей) ұлысы – Шыңғыс ханның негізгі жұрты – Моңғолия. Ордасы – Қарақорым.
