- •Орта тас (Мезолит) және жаңа тас (Неолит) дәуірі
- •Энеолит (мыстытас) дәуірі.
- •Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
- •Ғұндар мемлекеті
- •Үйсін мемлекеті
- •Қаңлылар.
- •Қазақ халқының қалыптасуы.
- •Батыс Түрік қағандығы (603-704 ж.Ж.)
- •Түркеш қағандығы (704-756 ж.Ж.)
- •Қазақ жүздері
- •Түрік қағанаты (552-603ж.Ж.)
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.Ж.)
- •Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.Ж.)
- •Қимақ қағанаты (іх-хі ғ.Ғ.)
- •Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы).
- •Шыңғыс хан империясы. Моңғол дәуірі
- •Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы
- •Моңғол ұлыстары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Әмір Темір жорықтары
- •Ноғай Ордасы.
- •Сібір хандығы.
- •Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
- •Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Тәуке хан тұсында қазақ хандығы
- •Қазақ – жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
- •Хvііі ғасырдағы қазақ батырлары
- •Кіші жүздің Ресей империясының қоластына енуі
- •Қазақтардың е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •1867-1868 Жж. Реформалар.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •. 1991 Жылғы тамыз төнкерісі.
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Алтын Орда
1227 жылы Жошы да қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері, ұлы Батый Шыңғыс ханның Батысқа қарай тоқтап қалған жорығын қайта жалғастырады. Ол 1236-1242 жылдары Еділ бойы елдерін, одан әрі бытыраңқы жатқан орыс княздықтарын талқандап, Венгрия,Чехия, Польша жерлеріне дейін барады. Батыйдың жорықтарынан кейін Жошы ұлысы Алтайдан Дунайға дейінгі жерлермен ұлғая түсті. Батый хан Ертіс бойындағы хан ордасын Еділдің төменгі ағысындағы, қазіргі Астрахань маңындағы жерге ауыстырады және жаңа мемлекеттің негізін салады (1243 ж.). Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болады, астанасы – Сарай Бату деп аталады. Батый хан негізін құраған бұл мемлекет жазба деректерде Жошы ұлысы және оның ұрпақтарының атымен Бату ұлысы, Берке ұлысы деп те аталады. «Алтын» деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі – қара, шығыстың түсі – көк, оңтүстіктің түсі – қызыл, батыстың түсі – ақ, ал сары (немесе алтын) түс – орталықтың түсі. Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталады.
Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
ХІІІ ғасырдың 60 жылдарынан дербес хандық болып бөлінді.
Алтын Орда – көп ұлтты мемлекет, негізінен көшпелі түркі тілдес тайпалар – қыпшақтар, наймандар, қаңлылар. Отырықшы халқы – Еділ бұлғарлары (қазіргі Қазан татарларының арғы тегі) мордвалар, орыстар, хорезмдіктер т.б. Моңғолдар аз болды. ХІІ-ХІV ғасырларда жазба деректерге Алтын Орда халқын «татарлар» деп атаған. Тілі – қыпшақ.
Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауы
ХІІІ-ХІV ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды.
Батый хан тұсында (1227-1255 ж.ж.) Алтын Орда Моңғол империясына тәуелді болды.
Берке хан (1257-1267 ж.ж.) тұсында тәуелсіздігін жариялады
Мөңке хан (1267-1280 ж.ж.) өз атынан теңге шығарды.
1260 жылы Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырады.
ХІV ғасырдың І жартысында Өзбек (1312-1343 ж.ж.) және Жәнібек (1342-1357 ж.ж.) хандар тұсында мемлекет күшейді: Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет, Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды.
1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін деп жариялады.
50- ж.ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін «ұлы дүрбелең (апат)» басталды. 1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.
1380 жылы Куликово шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді. Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395 ж.ж.) Алтын Ордаға хан болды. Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап, Мәскеуді өртеді. Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің 1389, 1391, 1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады. Алтын Орданың күйреуінің себептері:
Билік үшін өзара қырқыстар
Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары
Халық көтерілістері
Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы
ХV ғасырдың ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады. Ең ірісі – Ақ Орда (ХV ғ. 30жылдары). ХV ғ.20-60 жылдары Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань, Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты.
