Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tochno_shy5aram.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267 Кб
Скачать
☆

1 Құқық бұзушылықтың заңдық құрылымы және алдын алу жолдары

1.1 Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі

Құқықбұзушылық кінәлі адамның заң жауапкершілігін тудырады. Олар құқық нормаларының санкцияларында көзделінген. Санкцияны қолданудың негізі адамның әрекет не әрекетсіздігіндегі құқықбұзушылықтың құрамын анықтау болып табылады. Заң жауапкершілігі құқықбұзушыларға заңдарда көрсетілген заңсыз іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздігі) үшін санкцияны қолдану, яғни бас бостандығынан айыру, айыппұл төлеу, мүлікті конфискациялау, т.б.

Әдетте, кез келген құқықбұзушыларға мемлекеттің күштеу шараларын колданса да, бірақ санкцияны қолдануға болмайды. Мысалы, есі дұрыс емес деп танылған адамға, қоғамдық қауіпті әрекетті жасаса да сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мумкін (16-бап).

Шынында да, бұл мемлекеттік көндіру шарасы, бірақ заң жауапкершілігі емес, өйткені оны қолдануға негіз жоқ, себебі — құқықбұзушылықтың субъектісі иелігінің басты белгісі — деликтоқабілеттіліктің болуы. Сөйтіп, құқық бұзушылықтың заңды құрамының толық болмауы заң жауапкершілігін қолдануға кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.

Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.

Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады1. [1]

Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:

1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.

Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес” деген[2].

Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды.

2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады.

3.Құқық бұзушылықтың басты белгілерінің ішіндегі бірі - кінәлінің бар болуы. Қазақстанды және басқа да елдердегі мемлекеттік құқықтық теория және практикасы құқық бұзушылықты барлық құқыққа қарсы әрекетті емес, тек қана байқаусызда немесе қасақана жасалған іс әрекетті санайды. [5]

Нақты айтқанда, тұлға кінәсі бойынша болады. Кінә тұлғаның өзінің жасалған құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік, сонымен қатар әрекет салдары нәтижесінде пайда болған заттарға психикалық жағдайымен қатынасын көрсетеді. Ол өзінің тәртібі және осыдан шыққан зардаптардың құқыққа қарсылығын тұлғаның түсінуі немесе мойындауын білдіреді. Сондықтанда кәмелетке толмаған тұлғалар және тұлғалар әрекетін сот кінәсіз деп мойындаса да,тіпті егер олар құқыққа қарсы тұрса да, сондай-ақ олар өз әрекеттерін құқыққа қарсы екенін түсініп, мойындауға қабілеті жоқтай оларды құқық бұзушылық деп санауға болмайды. Кінә екі форма бойынша бөлінеді:

1) Ниет құқыққа қарсы әрекет жасаған тұлға қоғамдық қауіпті мінезін өз әрекет немесе әрекетсіздігін біледі деп олар санайды,олардың қоғамдық салдарын болжайды және олардың басталуын қалайды.

2) Абайсыздық кінә түрлерінің бірі сияқты 2 түрі бар

- өзіне сенімдік,тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардап шектіретін әрекетін біледі, одан жеңіл желпі қашуды санайды деп сендіреді.

- ұқыпсыздық тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардапты әрекеттерін көрмейді, бірақ мүмкін және оларды көру қажет деп сендіреді.Ұқыпсыздық алдын ала тұлғаның оның міндеттеріне қойылған орындауларға,қоғамға және басқа тұлғаға қызығушылығына жауапсыз қатынасын көрсетеді.

Құқық бұзушылық дилектіқабілетті құқықбұзушылармен жасалады, яғни өз еркіндігін және өзінің тәртібін бақылай алатын, өз әрекеттеріне есеп беретін, олардың құқыққа қарсылығын мойындайтын және олардың зардаптарына жауапкершілік таныту жағдайында болатын адамдар.

Құқыққа қабілетті құқық бұзушының заңдарға және басқа да нормативті құқықтық актілерде анықталады. Құқыққа қабілетті қылмыскерлер барлық жауапқа қабілетті тұлғалар, белгілі бір жасқа жеткендер саналады.

Құқықбұзушылықтың негізгі ерекше белгісін отандық және шетелдік заңгерлер залалдың болуын көрсетеді, яғни жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға келтірілген құқыққа қарсы әрекетпен келген залалдың арасындағы байланыстың болуын айтады. Залалдың саладары екі аспектіде қарастырылады яғни заңды және нақты.

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілк жүктеледі.

Құқықбұзушылық үшін жауапкершілік негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып, азаматты жауапқа тарту үшін құқықбұзушылық заңда көрсетілген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері болуын талап етеді.[17]

Құқықбұзушылық құрамдары – бұл құқықбұзушылықтың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді:

  1. Құқық бұзушылықтың обьектісі

  2. Құқық бұзушылықтың обьективтік жағы

  3. Құқық бұзушылықтың субьектісі

  4. Құқық бұзушылықтың субьективті жағы

Құқық бұзушылықтың обьектісі - құқық бұзушы қиянат жасайтын және де заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары, құқытық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.

Қылмыстың объективті жағы.

Қылмыстың объективті жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын қоғамға қауіпті әреткеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген белгілердің жиынтығы, сондай – ақ ол сол қол сұғушылыққа қатысты объективтік жағдайлар. Объективтік жақты сипаттайтын белгілер:

а) қоғамға қауіпті іс - әрекет яки әрекетсіздік;

ә) қоғамға қауіпті салдар;

б)әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс;

в) қылмыс жасау орны , уақыты, жағдайы, тәсілі, қаруы мен құралы.

Көбінесе құқық бұзушылықтар объективтік жағы бойынша ажыратылады.Мысалы, ұрлық, тонау, алаяқтықтың объектісі біреу – меншік құқығы, ал объективтік жағы әр қилы: ұрлық – кісі мүлкін жасырын түрде, тонау – ашықтан – ашық түрде, алаяқтық – алдау немесе сенімге қиянат келтіру жолымен алу. Құқық бұзушылық мағынасындағы іс - әрекет дегеніміз құқық бұзушылық жасау кезінде субъектінің сыртта көрініс тапқан мінез – құлқындағы белсенді, саналы, ерікті қимылы. Бір ғана қимыл емес, құқық бұзушылық жасау үшін бірнеше қимылдар қажет. Ол жай ербеңдеген, берекесіз қимыл емес, әлеуметтік мазмұнға ие болуы шарт, іс-әрекеттің белсенділігі осында. Сонымен қоса, есі дұрыс адамның саналы түрде жасауы әрі әрекет ерікті болуы тиіс. Өзі қаламай, еркінен тыс (мысалы мәжбүрлеумен) жасалған әрекет үшін жауаптылық жоқ. Ал егер күш қолданып мәжбүрлеудің өзі кісінің өзінше әрекет ету мүмкіндігінен айырмаса, жауаптылықтан босатылмайды, күш қолдану жеңілдететін мән – жай ретінде қаралады. Күштеп мәжбүрлеуден басқа, психикалық мәжбүрлеудің маңызы бар. Ол адамға белгілі бір зардап келтіремін деп үрейлендіріп, қоғамға қауіпті әрекет жасауға мәжбүрлеу. Бұндай тәсіл адамның өз еркінше әрекеттенуін жоққа шығармайтындықтан, кісіні жауаптылықтан босатпайды.

Бірақ, аса қажеттілік жағдайында ғана кісі жауапты болмайды. Мысалы, кассир мылтық тіреп, ақша талап еткендерге шыбын жаны үшін ақшадан айырылады.

Әрекетсіздік субъектінің қоғамға қауіпті, ерікті, пассивті мінез-құлқы. Оның әрекет етпеуі жай дене қимылын емес, әлеуметтік мағынасы бар қимылдарды жасамауы. Мысалы, куәгер жауап беруден бас тартып, тиісті әрекетті жасамайды, бірақ басқа жұмыстармен айналысып жатуы мүмкін. Ол ерікті болуға тиіс. Күштеп мәжбүрлеп, шарасыз халге түсіру немесе табиғаттың дүлей күштерінен, ауру-сырқау салдарынан қолдан келер қайраны жоқ болып, орын алған әрекетсіздіктер үшін жауаптылыққа тартылмайды. Мысалы, дәрігердің барар жолды су алып кетіп науқасқа жете алмауы т.б. Ал егер өртте кісі күйіп жатса, өрт сөндіруші шара қолданбаса - әрекетсіздік, ал ол жай адам үшін дүлей күш болып есептеледі.

Құрамалы қылмыс бөлек - бөлек қылмыс бола алатын жеке не одан да көп әрекеті әрекеттерден тұрады. Мысалы, қарақшылық: адам өміріне және меншігіне қауіп төндіру. Бұл әрекеттердің ерекшелігі бірнеше объектіге қол сұқса да олардың өзара жымдасқан ішкі бірлігінде. Жалғаспалы қылмыс бір діттеген мақсатқа жету жолындағы іштей бірліктегі бірнеше біртекті не бірдей іс-әрекеттердің алғашқысын жасаудан басталып, соңғысын істеуден аяқталады. Мысалы, телевизор құрайтын заводтың жұмыскері әр келгенде бір бөлшектен іле кетіп, өзіне телевизор құрмақшы болады. Құраса, ұрлық, орта жолдан бітсе – ұрлыққа оқталу. Белгілі уақыт аралығында үзіліссіз болатындығымен сипатталатын қылмысты созылмалы деп атайды.[2]

Құқықбұзушылық субьектісі - ол құқық бұзушылық жасалған уақытта есі дұрыс және белгілі бір жасқа толған адам.

Жауапкершілік тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психиклық аруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің әс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам жауаптылыққа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалау саладарынан мас күйінде жасалған құқық бұзушылық үшін адам жауаптылықтан босатылмайды.

Құқық бұзушылықтың субьективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Құқық бұзушылықтың сыртқы жағын бейнелейтін обьективтік жаққа қарағанда субьективтік жақ құқық бұзушылықтың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Құқық бұзушылықтың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық бұзушылық істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

Кінә - бұл адамның қасақаналық пен немесе абайсызда істеген қоғамға қауіпті іс - әрекетіне және қоғамға зиянды зардабына деген көзқарстарының жиынтығының көрсеткіші.[7]

Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана жауапқа тартылуы тиіс.

  1. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін құқықтық жауаптылыққа жол берілмейді.

  2. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылады.

  3. Абайсызда жасалған әрекет осы заңда көзделген негізде құқық бұзушылық деп танылады».

Кінә екі нысанда көрінуге тиісті: қасақана немесе абайсызда. Тікелей қасақаналық дегеніміз адам өз іс- әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып және осы зардаптың болуын тілеп тікелей ниетпен жасау. Ал жанама қасақаналықта құық бұзушы мүмкіндікті көре тұра зардапқа саналы түрде жол береді. Н емесе немқұрайлы қарайды. Мысалы, мас күйеуі әйелін екінші қабаттың терезесінен лақтырып жібереді. Әйел өліп қалуы да, жарақат алуы да мүмкін. Кейде бір құық бұзушылққа қасақаналықтың екі түрі қатар болуы мүмкін. Мас кісі автокөлікті тікелей қасақаналықпен айдап кетеді, қуғыншыны көзі шалғасын, көлікті тежелей секіріп түседі.Соңғысы жанама ниет , себебі көлік басқа көлікке не ғимараттарға соғылып, зардап келуі мүмкін. Құқық бұзушылық қасақаналықтың қандай түрімен жасалса да бірдей дәрежеленіп, бірдей жауап береді.

Тек қана кінәмен субъективтік жақтың сабасы толмайды. Осыған қоса мотив, мақсат, кейде адамның эмоциялық күйі де субъективтік жаққа енеді.

Қылмыстың субъективтік жағында қателіктер де болады. Оның түрлері:

  1. Заңға қатысты қате. Мысалы, өзі жасаған әрекеттіқылмысқа балап, қуыстанып жүреді (жазаланбайды), керісінше қылмыс жасап, оны өзі қылмыс емес деп ойласа, жаза күтіп тұр.

  2. Фактіге қатысты қате. Мысалы, кісі апиын ұрлаймын деп, басқа жәшік алып шығады (объектілері бөлек) . Апиын ұрлауға оқталу деп дәрежеленеді.[18]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]