Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tochno_shy5aram.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267 Кб
Скачать
☆

2 Құқық бұзушылық және Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері

2.1 Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері

Заңды жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық теориясында дискуссоналды болып табылады. Заңды жауапкершілік туралы көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салыстыру мүмкін емес.

Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір талаптарды орындауы.

Жаупкершілік тар мағынада немесе әлеуметтік – заңдық мағынада құқықбұзушылық жасаған тұлғаға заңда көзделген тәртіптпен мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану.Заңды жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады2.

Заңды жауапкершілігінің мынадай белгілерін айтуға болады:

1) құқықбұзушыларға мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын қолдануға сүйену;

2) құқық нормаларын оны бұзушыларға қолданатын санкцияны іс жүзіне асыруды білдіру;

3) мемлекет пен құқықбұзушылардың арасында туындайтын ерекше құқық қатынастарын белгілеу;

4) құқықбұзушылықты жасағаны үшін заң жауапкершілігінің қолданылуы;

5) заңдарда көзделген белгілі бір іс жүргізу нысандарын сақтап жауаптылықты жүктеу;

6) құқықбұзушылықты жасауына байланысты кінәлының орындамаған негізгі міндеттерінен басқа қосымша міндеттерді атқаруды жүктеуге байланысты;

7) құқықбұзушылар үшін қолайсыз зардаптардың көрініс табуы. Олар жеке бастың сипаты болуы мүмкін (бас бостандығынан айыру, еңбекпен түзеу жұмыстары, сөгіс, т.б.) және мүліктік мәнді (айыппұл салу, тәркілеу, материалдық жауапкершілік және т.с.с.).

Сөйтіп, заң жауапкершілігі дегеніміз — құқықбұзушылықты жасаған адамға заңда көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі іс жүргізу тәртібімен қолдану.

Осы аталған белгілер заңды жаупкершіліктің міндетті белгісі болып табылады.

Адамның іс-әрекеті әр алуан әлеуметтік қағидалармен сәйкес реттеліп отырады. Адам өмір сүретін қоғамдық ортада оның сана- сезіміне, іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына әдептік қағидалар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар өз әсерін тигізеді. Өзіне де, өзгеге де жалпыға бірдей әдеп сақтаған адамды жұртшылық тәрбиелі адам деп санап, мәдениетті, зиялы адам ретінде қошеметтеп, құрметтейді. Ал көпшілікке тән әдет-ғұрыптарды сақтамай, тәртіп бұзғандарға жұртшылық күдікпен қарайды, ондайлар көпшіліктің теріс пікіріне тап болады. Ұяты бар арлы адам басқалардың, қоғамның пікірін жоғары бағалап, әдепсіз қылықтардан, жаманаттан өзін аулақ ұстайды.[21]

Жалпы заңды жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік.

  2. Қылмыстық жауапкершілік.

  3. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік.

  4. Әкімшілік жауапкершілік.

Осы аталған жауапкершілік түрлеріне жеке –жеке тоқталып кетейік.

Еңбек және тәртіп жауапкершілігі туралы

Конституция азаматқа еңбек бостандығына, еңбектің, мамандықтың түрлерін таңдауға еркіндік құқығын береді. Бұл-азамат заң жүзінде тыйым салынғаннан басқа еңбектің кез келген түрімен шұғылдануына болады, ол мемлекеттік, жеке мекемелерге, кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады. Бұл парыз- оның Конституцияда жазылғандай заңи парызы. «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті»( Конституция, 27 -бап).[1]

Заң еңбекпен байланысты салада кез келген алалаушылыққа тыйым салады. Жұмыс процесінде іскерлік сапасы, еңбек ету үстіндегі ісінің нәтижесі де есепке алынуы мүмкін. Егер адам еңбек ету кезінде алалаушылыққа кездессе (жұмысқа қабылданарда, жұмыс процесінде т.с.с.), онда ол сотқа шағынуға құқылы. Егер сот алалаушылыққа жол бермеу жөнінде шешім қабылдайды. Сонымен қоса, сот кінәлі адамнан жапа шеккен адамның көрген зиянын өндіріп алуды міндеттейді.

Қылмыс үшін жазалау. Жазалау дегеніміз жасаған қылмыс үшін қылмыскердің жаза тартуы. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға төмендегідей жаза түрлері белгіленген:

Айып салу. Бұл – Қылмыстық кодексте көрсетілгендей, белгіленген мөлшерде ақша өндіріп алу жазасы. Айыптың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығына және айып төлеушінің жағдайына қарай сот белгілейді.

Құқықтан айыру. Істеп жүрген қызметі құқығынан айырып, орнынан алу. Белгілі бір өтеп жүрген қызметі құқығынан айыруды, белгілі бір мемлекеттік қызметтен, жергілікті басқару органындағы, белгілі бір мамандықтағы қызметі құқығынан айыруды немесе орнынан алуды сот шешеді.

Қоғамдық жұмысқа тарту. Сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан не оқуынан тыс уақытта еңбекақысыз қоғамдық-пайдалы еңбекке тарту. Мұндай жұмыс түрін жергілікті атқару органы белгілейді.

Еңбекпен түзету жұмысын сотталған адам сотта белгіленуіне қарай 2 айдан 2 жылға дейінгі мерзімде өзін апарған жұмыс орнында еңбек етіп өтейді.

Бас бостандығын шектеу. Бұл сотталушыны арнайы орында қоғамнан оңашаламай ұстайтын орын. Сырынан бақылау қойылады. Бас бостандығын шектеу жасы кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, азаматтардың басқа да белгілі топтарына қолданылмайды.

Тұтқындау. Бұл сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау жағдайында 1-6 ай мерзімде ұстау. Тұтқындау 16 жасқа толмағандарға қолданылмайды.

Әскери тәртіп бөлімінде ұстау. Бұл жаза әскери қызметке шақыру бойынша мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендерге әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады.

Бас бостандығынан айыру. Сотталушыны қоғамнан оңашалау жолымен колонияға жіберу- жалпы, қатаң, ерекше қатаң режимдегі түзету колониясының орнына немесе абақтыға орналастыру. Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылған 18 жасқа толмаған сотталушы жалпы және күшейтілген режимдегі тәрбиелеп түзету колониясына орналастырылады.

Өлім жазасы. Бұл ерекше ауыр: кісі өлтіру, мемлекеттік сатқындық т.с.с. қылмысы үшін өте сирек қолданылатын ауыр жаза. Әйелдерге, 65 жасқа толған ерлерге, 18 жасқа толмаған қылмыскерге бұл жаза қолданылмайды.

Дүние-мүлікті тәркілеу. Бұл-сотталушының дүние-мүлкін түгелдей немесе белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу.

Заң бұдан басқа да жазалау түрлерін белгілейді.

Қылмысты, істі қарау және жазалау шараларын белгілеу кезінде сот жазаны жеңілдету жайын да қарастырып отырады. Заң қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайларды белгілейді. Оларға мыналар жатады:

  1. Егер кінәлі адам істеген қылмысының артындағы зардабын өзі жойса.

  2. Егер адам ауыр отбасылық жағдайында, немесе жеке басының қасіреті салдарынан, мысалы, жақын адамының ауыр науқасы, жұбайының ішіп кетуі, материалдық жағдайының ауырлығы, тағы басқа тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан қылмысқа барса.

  3. Егер қылмыс әлдекімнің қорқыту немесе мәжбүр етуі, басқадай материалдық жағынан тәуелді етуі салдарынан жасалса.

  4. Егер адам қылмысты жәбірленушінің шамасынан тыс әрекеті салдарынан немесе қатты толқу, тебіреніс үстінде жасаса.

  5. Егер адам жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе, сондай-ақ өз кінәсін өзі айтып, мойындап келсе.

  6. Егер қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса.

Көрсетілген жеңілдік шаралар толық тізілген жоқ. Сот басқа да жеңілдетуге болатын жайларды қарастыруы мүмкін, мысалы, егде тартқан, алғаш рет қылмысқа ұрынғандар т.с.с.

Қылмыс өте ауыр жағдайда жасалуы мүмкін. Ауыр жағдайдың тууының өзінен-ақ қылмыскердің аса қауіпті екенін аңғаруға болады. Мұның өзі қылмыстық әрекеттің тұтастай жасалу жағдайынан немесе қылмыстың кейбір деталінен, ұсақ-түйек жайларынан – ақ аңғарылады. Мысалы, қылмыс жасалған орынның да, оның қалай жасалуының да мәні бар. Сот жасалған қылмыстың ауыр болуына қарап отырып та жазаны ауырлата алады. Бірақ, әрине, бәрі де заң белгілеген мөлшерден ауытқымауы тиіс.

Қылмыстың жауапкершілігі ауырлытылатын жағдайлар төмендегідей:

  1. Егерде қылмысты бұрын да қылмыс жасаған адам қайталап жасаса.

  2. Егер қылмысты ұйымдасқан түрде бір топ адам жасаса.

  3. Егер қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса.

  4. ауыр зардапқа әкеліп соғатын қылмыстар (адам өлімі, көп мөлшердегі бағалы заттардың жойылуы т.с.с.)

  5. Егер қылмысқа жас балаларды немесе психикалық жағынан ақыл-есі кем адамдарды тартса.

  6. Егер қылмыс ерекше қатыгездікпен немесе жәбірленушіні қорлау (денесінің көптеген жеріне пышақ салу, ұрып-соғу) жолымен жасалса.

  7. Егер қылмыс табиғат апаты жағдайында – су тасқыны, жер сілкіну,өрт, үй құлау, көшкін, авиация, теміржол, автомобиль апаииары кездерінде жасалса.

  8. Егер қылмыс қоршаған ортаға өте қауіпті жолмен жасалса. Мысалы, террор, көп адам жиналған жерде оқ ату, жарылыс жасау, өртеу, су қоймаларын уландыру т.б.

  9. Егер қылмыс араққа, есірткіге мас болу жағдайында, уландырғыш заттармен дәрі-дәрмектерді қолдана отырып жасалса.

  10. Егер қылмыскер қылмыс жасау үстінде ерекше белсенділік көрсетсе.

  11. Егер қылмыс ұлттық, нәсілдік, діни негізде, дұшпандық пиғылда, біреуден кек алу, есе қайтару мақсатында, немесе заңды әрекеттерді жасырып, басқа бір қылмысты жеңілдетем деген ішкі арам есеппен жасалса.

  12. Егер қылмыс біреудің кәсіби немесе қоғамдық қызметін пайдалану мақсатымен сол адамның жақын туыстарына жасалса.

  13. Егер қылмыс қаруды немесе оқ-дәріні, жарылғыш зат және басқа техникалық қаруларды пайдалану арқылы, сондай-ақ күш жұмсау немесе психикалық мәжбүрлеу жолымен жасалса

  14. Егер қылмыс кәсіби сертін немесе берген антын бұза отырып жасалса

  15. Егер қылмыс кінәлі адамға берілген сенімді пайдаланып, қызмет жағдайын немесе келісімшартты пайдалана отырып жасалса

  16. Егер қылмыс киім формасын немесе өкімет өкіліне берілген құжатты пайдалана отырып жасалса

Көріп отырғанымыздай, жазаны тағайындау кезінде сот өте әділ, адамгершілікті, парасатты болуы керек. Әсіресе бұған жасы толмаған жасөспірімдерге еркінен айыру мәселесін мүмкін болғанынша неғұрлым сирек қолдану жатады

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы.

Күнделік өмірде адамдар бір-бірімен әрқандай сипатта (мүлікті не мүліксіз) түрде де байланыс жасайды. Ал мұның жеке азамат үшін де, мемлекетті тұтастай алғанда да аса зор маңызы бар. Біреулер материалдық игіліктер (азық-түлік, өндіріс заттары немесе басқа да қажетті заттар мен бұйымдар) өндірсе, басқа біреулер оны тұтынып, материалдық және рухани қажеттіліктермен өздерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп өндіруші мен тұтынушының арасында белгілі бір қатынас қалыптасады. Мүліктік қатынас сатушы мен сатып алушының арасында туады сонымен бірге біреуге біреудің қызмет етуі мен қызметті пайдалануы көрініс береді. Осындай қатынастардың қоғамдық маңызына қарай мемлекет, осы сияқты байланыс шеңберінде бұған қатынасушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Азаматтық мүліктік қатынастың ерекшелігіне қарай екі жақ та тең құқықты болып есептеледі.

Сондықтан көпшілік жағдайда мүліктік қатынас бұған қатысушылардың еркіне қарай құрылады. Ешкім де біреудің мүлкін береуге еріксіз сатпайды, немесе сатып алмайды. Немесе ешкімде шеберханада біреуге еріксіз, зорлап киім тіккізе алмайды. Екі жақта ерікті түрде байланысқа келіп, құқықтарын пайдаланады, бір-бірінің алдында міндеттілігін орындайды. Мұның өзі бір жақ қажетті тауарын әкеліп берсе, екінші жақ оның тиісті бағасын төлеуге міндеттенеді. Әрине, мұнда екі жақта келісім бойынша әрекет жасайды, сөйтіп заңға бағынады.[11]

Адамдар арасында мүліктік қатынастан басқа мүліксіз қатынас та жасалып, ол да азаматтық заң тәртібімен реттеліп отырады. Мысалы, ар-ұждан, қадір-қасиет және іскерлік дәреже құқығын қорғау дегеніміз жеке, мүліксіз құқық. Осы құқықты пайдалана отырып, жәбірленуші өзінің ұжданын, қадірін, іскерлік дәрежесін қаралаушыға жаза қолданылуын талап ете алады.

Мүліктік сондай-ақ жеке мүліктік емес азаматтық құқықтық байланыс олардың субьектісі болып аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі ретінде жеке бір адам, әлде адамдар ұжымы шығады. Жеке адам азаматтық заңда азамат деп аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі болуға тек Қазақстан Республикасы азаматы емес, азаматтығы жоқ шетелдіктерде құқылы.[15]

Ұйымдарда азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі бола алады. Оларды заңды тұлға деп атайды.

Азаматтық құқықтық байланысқа қатысушылардың белгілі бір сапасы болуға міндетті. Бұл үшін құқықтық қабілеттілік немесе жалпы қабілеттілік, сондай-ақ құқықтық субъект деген ұғымдар пайдаланылады.

Азаматтың өз құқығына ие болуына және құқықтық міндеттерді орындауына құқық қабілеттілігі жалпы қабілеттілікке сай келе ме, мұны Заң анықтайды. Азаматтың құқық қабілеттігі туған кезден-ақ пайда болады да, қайтыс болғанында тоқтатылады.

Жоғарыда көрсетілгендей, құқықтарды пайдалану үшін қабілеттілік қажет. Азамат өзінің іс-әрекетімен азаматтық құқығына ие болып және азаматтық құқығын пайдалана білуін, өзі үшін азаматтық міндет жасап, оны орындауын азаматтық қабілеттілік деп атайды. Кейде адам өзі белгілі бір жағдайларға байланысты өзі іс-әрекет жасауға қабілетсіз болады. Бұған психикалық жағынан не ақыл ес жағынан әлі жетілмегендік, психикалық науқасы себеп болуы мүмкін. Сондықтан адам өз алдына біртіндеп іс-әрекет жасауға үйренеді. Заң кәмелеттік жасқа толмағандарға белгілі жасқа келген кезеңде кеңірек құқық беруді қарастырады. 14 жасқа толмаған кәмелеттік жасқа жетпегендер әлі де қабілеттілікке жеткен жоқ деп есептелінеді. Оның атынан барлық келісімді ата-анасы немесе асырап алған, не қамқорлыққа алған адам жасайды. 14 жасқа дейінгі кішкентай балалар ұсақ, үй-ішілік, тұрмыстық келісімдерді өздері жасауға құқылы. 14жасқа толған балалар ірі келісімдер, заңды өкілдіктер мен жазбаша шарттар жасауға толық құқылы болады. 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер олардың келісімінсіз-ақ өздерінің еңбекақыларын, басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай алады. 14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара азаматтық өабілеттілігі пайда бола бастайды және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс береді.

18 жасқа толғаннан бастап азаматтың қабілеттігі толық түрде көрінеді. Бірақ 18 жасқа толған соң да заң бойынша азаматтың қабілеттілігіне шек қойылатын жайлар кездеседі. Мысалы, маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуына байланысты адам саналы іс-әрекет жасай алмайды. Бұл ретте құқықтық қабілеттілігі жоқ адамның мүліктік құқығын, басқа да мүддесін отбасы қорғайды. Мұндай жағдайда адамның қабілетсіздігін тек сот арқылы анықталады. Басқа жағдайларда адамның құқықтық қабілеттігі мен қабілетсіздігіне шек қоя алмайды. [16]

Азаматтар келісім немесе келісімшарт жасаса отырып, өздері орындауға міндетттенген жайларды орындап отыруды өз мойындарына алады.Заң екі жақтың қайсысынан болсын келісім бұзылған болса, азаматтың мүлікті құқығы әр түрлі жолдармен қорғалады:

  1. меншік иесі өз мүлкінің өз меншігі екенін тануды талап етуге құқылы. Мысалы, үй А. Деген адамның өз меншігі. Бірақ оның құжатын жоғалтып алды делік. Мұндай жағдайда азамат сотқа арыз беріп, үйінің өз меншігі екенін тануды сұрай алады.

  2. меншік иесі өзінің бұзылған меншіктік құқығын қалпына келтіруді талап ете алады. Егер басқа біреу мүлікті иемденіп алса, меншік оны қайтаруды талап етуге құқығы бар.

  3. адам келісімінің ақиқатқа жатпайтындығын тану үшін сотқа арыздана алады. Мысалы, сатушы алдау жолымен алтын жалатылған сырғаны алтын сырға деп сатады. Егер келісім ұрып-соғу, қорқыту т.с.с. жолмен іске асырылатын болса, онда келісім заңсыз деп есептелінеді. Т.с.с.

  4. азамат өзінің мүліктік мүддесін заңсыз бұзғаны үшін мемлекеттік орган актісімен дауласа алады. Мысалы, азамат жер учаскесімен қоса үй сатып алады және ол осымен бірге үйдің де, жердің де меншік иесі болып табылады. Егер жергілікті мемлекеттік орган өзінің шешімімен жер учаскесін алып қойса, онда азамат мемлекеттік органның актісі заңсыз екенін тану үшін ізденіп, сотқа арыз бере алады.

  5. егер келісуші екі жақтың бірі өзінің келісімшарт бойынша алған міндетін орындамаса, екінші жақ шығынға ұшырайды, мүліктік зиян шегеді. Сонда жәбір шеккен жақ өзінің шығының өтеп беруді екінші жақтан талап етуге құқығы бар. Мұндай жағдайда заң құқықты бұзғаны үшін азаматтық жаупкершілікті кінәлі жаққа артады.

Азаматтық Заң шығынды толық өтеу принципін қарастырады. Сондықтан жапа шегуші кінәлі адамнан өз мүлкіне келтірген шығынды толық өтеуді талап етуге құқылы. Өтеуге нақтылы келтірілген шығын да, ала алмай қалған пайда да жатады.

Азаматтық құқықтық жауапкершілікке мыналар жатады:

1) құқыққа қарсы іс-әрекет

2) жауапкердің кінәсі

3) шығынның нақтылы мөлшері

4) құқыққа қарсы іс-әрекеттің жауапкері мен келтірілген шығын арасындағы себептік байланыс.[15]

Азаматтық заң мүліктік құқық қатынасына түсушілердің іс-әрекетіне әр түрлі талап қоюды қарастырады. Құқыққа қарсы болып табылатындар: басқаның мүлкіне немесе жеке басқа зиянын тигізген адамның іс-әрекеті; Құқыққа қарсы іс-әрекет әрекетті немесе әрекетсіз түрде болуы мүмкін. Құқыққа қарсы іс-әрекет – заңда тыйым салынған немесе келісімшартқа қарсы белсенді іс-әрекет. Ал егер адамға іс-әрекет ету міндеттелсе, белгілі бір жағдайда ол әрекетсіздік көрсетсе, ол әрекетсіздікке жатады.

Атап өткеніміздей, кінә адамның өз құқығына қарсы іс-әрекетіне психикалық жағынан байланысты болып келеді. Азаматтық құқық бұзушылықта кінә әдейі немесе байқаусызда жасалуы мүмкін. Мұнда бір қызықты жай бар. Қылмыстық құқықта кінәсіздік болжамы, немесе кінәсіздік нышаны деген әрекет қолданылады. Бұл кінәләуші кінәлінің қылмыс істегенің дәлелдеуі қажет. Азаматтық құқықта кінәлілік принцип те қолданылады. Жауапкер өзінің кінәсіздігін дәлелдеп бергенге дейін кінәлі болып есептеледі. Жәбірленуші жауапкерді тек кінәлап қана қоймауы тиіс, оның кінәлілігін дәлелдеуі керек. [14]

Заңда көрсетілгендей жәбірленуші кінәлі адамнан материалдық және моральдық шығынды өтетіп алу үшін сотқа арыздануына болады. Материалдық зиян адамның денсаулығына келтірілген зиянына қарай бағаланады және кінәлі адамнан негізінде ақшаға есептеліп өндіріліп алынады.

Адамға материалдық зиян мен бірге моральдық зиянда келтірілуі мүмкін – ол тәнге зиян келтірумен қатар жанға да зиян келтіру түрінде болады. Мысалы, адам денсаулығына зиян келудің салдарынан адам еңбек ету қабілетінен айырылады, тәні де азап тартады. Егер адам туралы оны қаралайтын мәлімет таратылса оның жаны жапа шегеді.Моральдық зиян соттың белгілеп шешуі бойынша ақшалай немесе басқа да материалдық түрде өтеледі. Сондай-ақ моральдық зиян материалдық зияннан тыс, өз алдына төленеді.

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.

Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.

Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.

Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.

Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.

Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:

А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;

Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;

Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);

Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.[13]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]