Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tochno_shy5aram.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267 Кб
Скачать
☆

2.2 Заңды жауапкершілікті жүзеге асыру

Бұл сұрақта міндетті түрде мазмұны мен категорияларын қарастыру қажет, бұнда яғни заңды жауапкершілік, функциясы мен және заңды жауапкершіліктің негізгі принциптері арасындағы байланысы қарастырылады.

Заңды жауапкершілік нақтылы бір құқықта және фактілік негізде қолданылуы мүмкін бұл негізге мыналарды жатқызуға болады:

- құқықтық норма, жауапкершілік мүмкіндігін қолдану

- құқық бұзушылықпен заңдық соңғы іс-әрекеттің “құқық бұзушылықтың құрылымына” әсер ететін конструкциялар. Құқық бұзушылықтың бұл заңды факордың бір бөлігі болып табылады.

Құқық қабылдаушы акт, бұнда құқық нормасы нақты қарастырылып,нақты түрімен заңды жауапкершілікті анықтайды( соттың шешімі және қайта қарау істері)

Осы барлық негізгі заңдық жауапкершілік теоретикалық, ғылыми болып келеді,бірақ заңның алдындада негізгі жауапкершілік бар. Мысалы: Қылмыстық құқықта Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі баптары бойынша « Қылмыстық жауапкершілік» бұнда «Қылмыстық жауапкершіліктің негізі қылмыс жасалуы, және осы қылмыстардың барлық құрылымы осы кодекспен қаралады»[1].

Сонымен қатар заңды жауапкершіліктің философиялық аспектілер ретінде қарастыруға болады, осы мақсатта «бостандық» түсінігі мен «жауапкершілік» бір – бірімен өте тығыз байланысты1.

Сонымен қатар арнайы түрдегі заңды жауапкершіліктің құрамына өзіндік бостандығымен – сайлау бостандығық нұсқасы жатады.Заңды жауапкершіліктің мақсаты ретінде әлеуметтік тұрғыны да құқықтық жүйеде қажет етеді. Заңды жауапкершілік екі мақсатты көздейді: құқығын қорғаумен құқықтық сайлау түрдегі азаматтарды тәрбиелеу. Заңды жауапкершілік функциясы мақсатын нақтылауда, мыналарды ескеру қажет:

1)Репресивті – жазалаушы (кейбір афторлар «айыппұл» депте атайды). Бұл заңды жауапкершіліктің – біріншеден мемлекеттік актінің құқық бұзушылыққа қатынасы; екіншіден жаңа еңгізілген құқық бұзушылықтың әдісін куәландырады.

2)Екертпе – тәрбиелік, бұл функция репресивті – жазалаушымен өте тығыз байланысты. Ол құқық мативндағы мекен – жайды қамтамасыз етеді, заңды қадағалау және құқықы пен заңды қызығушылыққа басқа адамға деген сыйластық.

3)Құқықты қалпына келтіру немесе конпенсациялау.Бұл функция мүлікке тән қатынас, тәркілеуші құқық бұзғаны үшін ол жәбірлеушіге мүлкімен оған құқығын қайтару қажет.

Мақсатпен функцияны айыру қиынға түседі және де мақсатты көбі функция ретінде қарастырады.

Заңдық жауапкершіліктің басты принциптары. Құқық түсінігі құқық бұзушылықпен жауапкершілік бір – бірімен біріктіретін ең басты байланыстылығы бұл қауіп төндіруші әлекеттен қоғамды қорғау болып табылады. [18]

Мемлекет тарапынан шара қабылдау немесе басқада істер әрдайым қоғамда, әлеуметтік топта, тапта, жоғары орынды иеленеді. Себебі бұл адамдардың бірігуімен олардың бір ауыздан шыққанын дәлелдейді.

Процестің құрылуында азаматтық қоғаммен феодалдық режиммен күрес теоретикалық құқықпен заңнын творчествасына қатысты құқық бұзушылықтың құрамына анықталуымен олардың орындалуындағы жауапкершіліктің міндеттелу түрінде жинақталады.

Белгілі бір ақылы бар, бостандықпен қамтылған, теңдік. Өзін - өзі қамтамасыз ету ең алдымен бұл қылмыстық құқықпен процеске жатады.

Әйгілі «Заңнын рухы» (1748ж) деген кітаптың авторы Монтескьенің пайындауынша: “саяси бостандық деп бұл біздің қауіпсіздігіңіз немесе бізге қауіп төнбей отырғанына біздің сенімділігіңіз”1.

Бұл қауіпсіздік қылмыстық процесс бойынша кінәлау, жапа шалудан пайда болған. Сондықтан азаматтың бостандығы қылмыстық заңынын мейірімділігіне байланысты, егерде адам кінәсіз болса, онда бостандық шексіз беріледі.

Азаматтық қарым – қатынастың қоғамдағы негізгі жауапкершіліктің дамуы, облыстардағы қылмыстық құқықпен жасалынған процестер басқа да құқықтарға таралуда. Нәтижесінде; заңда, соттық практикада дамыған елдердің жалпы құқықтық рәсімдеуінде заңдық жауапкершілікпен оның орындалуы іс жүзінде өз жалғасын тапты. Осы принциптердің кейбіреулері халықаралық құжаттарды[1], Қазақстан Республикасынң заңдылығында тіркелген. Заңдық жауапкершілікті анықтаудың негізгі принциптері құқық бұзушылықта шек қойылды, қылмыстық құқықта процестің дамуымен айтуымен негізделді. Бұл принциптер барлық заңдарда, соның ішінде заңды жауапкершіліктегі құқық бұзушылыққа қатысты.

Бұның негізіне мыналарды жатқызуға болады:

1) Құқыққа қарсы әрекеті үшін жауапкершілік. Берілген принцип басты үлгісі заң болып табылады және одан заңдық жауапкершілікті өз мойынына талап етеді және ол өз тарапынан қоғамға әсерін тигізеді, табиғи құқықта қарсылық етеді, қоғамда бағаланады. Берілген талап елдің негізгі заңы Конституциясының көрсетілген.

2)Кінәлі жауапкершілік немесе кінәсіздік презумпциясы. Бұнда назар аударатын басты нәрсе, адамның кінәлі екендігі заң дәлеледенбейінше ол істеген әрекетіне кінәлі болып табылдмайды. Кінәсіздік призумпциясы ҚР Конституциясының бабы бойынша және қылмыстық кодекстің баптары бойынша бойынша белгіленеді.[2]

3)Әділеттілік принципі. Ол өз тарапынан келесі талаптарды міндеттейді:

- Белгілі бір іс үшін қылмыстық жаза қабылданбайды.

- Адамның ар намысынан асатын шара қабылдамау керек.

- Жауапкершілікті қабылдаушы заң немесе оны күшейтуші қарсы күш қабылдамау керек.

- Сонымен қатар құқық бұзушылық тек заңды жазалауды қарастырады.

- Жазалаушы жауапкершілік құқық бұзылушылыққа келісу тиіс, тен ұқсау тиіс.

4). Заңдылық принципі заңды жауапкершілікті білдіреді:

- Қатаң түрде қабылданады.

- Нақты құқық бұзушылық объективті шындық түрде қабылдануы тиіс.

- Конституциялық заңға сәйкестенеді, жауапкершілікке шаралар қолданылады.

5). Мақсаттылық принципі. Бұл бұзушылққа қатысты заңгерлік жауапкершілікте қолданылатын шараларды таңдау. Бұған мыналар жатады:

- Құқық бұзушылықтағы қиындықтардың жасылған құқық бұзушылыққа қатынасы;

- Мемлекет тарапынан қабылданған шаралар;

- Мүмкіндігін оңайлатуға немесе жауапкершіліктен бас тартқан кезде оның мақсатына жетудің оңай жолы.

6) Жауапкершіліктің болмай қоймайтындық принцип мынаны талап етеді:- Бірде – бір құқық бұзушылық мемлекетте тергеуден тыс қалмауы тиіс;- Құқық бұзғаны үшін шұғыл шара қабылдау жауапкершілігі.

- Құқық қорғаушы органдағы қызметкерлердің жоғары кәсібилігі;

- Құқық бұзушылыққа қатысты тиімді шара қабылдау. Заңды жауапкершіліктің маңыздылығы оның тиімді шешім қабылдауында жатыр.

Заң жауапкершілігі, әрине, ең маңызды болып табылса да, бірак, мемлекеттік мәжбүрлеудін түрі дара емес. Мемлекет онымен қоса еріксіз қамтамасыздандыру шараларын (айталық, кепіл, мүлікті пайдалануға тыйым салу, тінту, т.б.) және қорғау шараларын пайдаланады, мысалы, тауардың төменгі сапасын оның жақсырақ сапасына айырбастау, заңсыз жұмыстан (кызметтен) шығарылғандарды бұрынғы қызметіне қайтадан қабылдау. Тұтастай алғанда қорғау шаралары дегеніміз бұзылған құқықты қалпына келтіруге және заңды міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің еріксіз кендіру қызметі.

Заң жауапкершіліктің басты мақсаты: құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтарды құқықты құрметтеуге тәрбиелеу, әлеуметтік әділетсіздікті қалпына келтіру, жаңадан құқықбұзушылықты болдыртпаудың алдын алу болып табылады. Ол белгілі бір принциптер негізінде іске асуы тиісті. Оған жататындар:

— заңдылық принципі (жауапкершілікті тағайындау процесі кезінде заңдарды сақтау және орындау, құқық субъектінің жауапкершілігі тек олардың кінәлы іс-әрекеті үшін ғана қолданылады);

— әділеттілік принципі (жазаның іс-әрекеттің мөлшерімен тең болуы кінәлы деп танылған адамға заңдардың тиісті бабында белгіленген шекте және жауапкершілік жүктейтін ережелері ескеріліп отырып, әділ жазаның тағайындалуы. Ол үшін жаза тағайындау кезінде жағымсыз іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіпті дәрежесі, кінәлының жеке басы, сонымен бірге құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлыққа жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындаған жазаның айыптының түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына тигізетін ықпалы ескерілуі тиіс);

—мақсатқа сәйкес (орындылық) принипі (құқықбұзушыға қолданылатын шаралардың ықпалының заң жауапкершілігіне сәйкестігі. Бұл принциптің мәнісі мынада: құқықбұзушылық жасаған әрі кінәлы деп танылған адамның жазадан толық не ішінара босатылуы немесе жауаптылығы мен жазасы жеңілдетілуі мүмкін, егерде ол келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтырса, не зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттерді жасаса, шын жүректен өкініп, айыбын мойындап келсе, сейтіп, өзінің іс-әрекетімен түзелгендігін білдіртсе, онда оны жазалау орынды болмас еді);

— ізгілік принципі (құқықбұзушыға адамгершілікпен қарау, яғни кінәлының жеке басының, отбасы мүшелерінің немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуына байланысты (денсаулықтарының ауыр хәлге душар болуы, отбасындағы бақытсыздық, т.б.) жауапкершіліктің тағайындалуын тоқатату не одан мүлдем босату адамгершіліктің белгісі):

— заң жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы (әрбір құқықбұзушылық міндетті түрде жауапкершілікті тудыруы тиісті. Ол дегеніміз әрбір кінәлы адамның жауапсыз қалмайтындығы. Бұл принциптің іске асуы, әрине, құқық қорғау органының дәйекті қызметімен және жазаны қолдануға тиісті лауазымды адамның іскерлігіне, білімділігіне, өз қызметін жетік біліп, үнемі дайындықта болуына, ұқыптылығына байланысты. Құқықбұзушылықты елемеген, оған енжарлық көрсеткен, оған дер кезінде тиісті баға бермеген құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің кесірінен кінәлы адамдар жауапқа тартылмай қалады, өйткені іс қозғалмай басылып қалады, қозғалса аяқталмай қалатын кездері де болып тұрады. Бұл женсіздік іле-шала құқықбұзушылықтың қайталануына, тіпті қылмыс жасалуына да өз ықпалдарын тигізуде. Сөйтіп, заңсыздықтың, құқықтық тәртіптің бұзылуының бірден-бір қадамы өрби түсетініне әкеліп соқтыратыны сөзсіз);

— жылдамдылық принпипі (құқықбұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік дер кезінде, өз уақытында қолданылуы тиісті).

Заң жауапкершілігінің түрлеріне келетін болсақ, ол құқықсалаларына қарай — конситуциялық, қылмыстық-құқыттық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, тәртіптік, жұмысшылар мен қызметшілердің материалдық жауапкершілігі; жүктелуінің тәртібіне қарай — соттылық тәртібі, әкімшілік тәртібі; жауаптылықты жүктейтін органдарға қарай — заң (екілді) органдарының, басқару органдарының, атқарушы органдарының жауаптылықты жүктеуі болып бөлінеді.[23]

Заң жауапкершілігінің түрлері құқықбұзушылықтың түрлерімен пара-пар.Қылмыстық жауапкершілік тек қылмыс жасағаны үшін қолданылады, яғни, қылмыстық құқық нормаларында тыйым салынған қоғамға өте қауіпті іс-әрекет (не әрекетсіздік), оның негізгі қайнар көзі — ҚР Қылмыстық кодексі. Сондықтан қылмыстық жауапкершілік заң жауапкершілігінің ішіндегі ең қатаң түрі болып танылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, заң бойынша қылмыстық жазаны қолдануға әкеліп соқтырады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.[13]

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға негізгі жаза мынадай:

а) айыппұл салу;

б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) төртіптік әскери бөлімде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.[25]

Бұдан басқа сотталғандарға мынадай қосымша жазалар:

— арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

— мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.

Бірақ, айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.

Қылмыстық жазаны тағайындауды жалғыз мемлекеттік орган — сот атқарады, өйткені ол өзінің айыптау үкімінде қылмыстық жазаның мөлшерін анықтайды.[11]

Әкімшілік жауапкершілік — әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін қолданылатын шаралардан (мысалы, айыппұл салу, арнаулы құқықтан айыру — жүргізушілік құқығынан, аң аулау құқығынан, т.б.) басталады. Әкімшілік жауапкершіліктің ерекшелігі — мұнда лауазымды адам ғана шараларды қолдана алады, ал құқықбұзушы ондай адамдармен қызметтік бағыныста болмайды (мысалы, жүргізуші жолда жүру ережесін бұзса, онда оған МАИ инспекторы тиісті әкімшілік жазаның бірін қолдануға хақылы (мысалы, айыппұл салу, т.с.с.). Әкімшілік құқықтың бірден-бір қайнар көзі — Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі болып табылады.[26]

Азаматтық жауапкершілік — шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін және азаматтық заңдарда сәйкес мүліктік зиян келтіргені үшін қолданылатын шаралардың бірі. Заңдарда мүнымен қоса кінәлы адамға міндеттемелік шарттарды орындамағаны үшін айып төлеу (айыппұл, өсім) шарасын колдануы көзделуі мүмкін. Айып төлеу дегеніміз — борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім). (АК, 293-бап). Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді (АК, 296-бап). Мысалы, пәтер иесінің пәтерақысын телеу мерзімдерін бұзған кездегі айып төлеуі.

Төртіптік жауапкершілік— бұл еңбек шартын бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек мінеттерінің орндалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс берушінің төртіптік жазаларды қолдануы..

Заң жауапкершілігі ұғымының мазмұны толық болуы үшін одан босатылатын және жауапқа тартылуға тиіс емес мән-жайларды еске түсіруіміз қажет.

Жауапқа тартылуды болдыртпайтын мән-жайлардың ішінде мыналар көрсетілген:

1) заңда көрсетілген жауаптылық басталатын жас шамасына толмағандар;

2) есі дұрыс еместік;

3) қажетті қорғану, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқада құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса;

4) аса қажеттілік— Қылмыстық кодексте қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайларда зиян келтіру;

5) объективті-құқыққа қарсы іс-әрекет (казус), яғни кінәсіздік жағдайда жасалған іс-әрекет. Мұны кінәсіздік презумпция принципі деп атайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағында: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі",— делінген (1-тармақша);

6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;

7) орынды тәуекел ету;

9) бұйрықты немесе екімді орындау. Мұндай зиян келтірген заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам жауаптылыққа тартылады.

Жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері болып мыналар табылады:

1) шын өкінуіне байланысты;

2) қажетті қорғану шегінен асқан кезде;

3) жәбірленушімен татуласуына байланысты;

4) жағдайдың өзгеруіне байланысты;

5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты:

а) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл.

Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін есептеледі.

6) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты:

а) кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда - үш жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда — алты жыл;

в) ауыр қылмысы үшін сотталғанда — он жыл;

г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда — он бес жыл.

7) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде.

8) Ол адамның құқықбұзушылық жасағаннан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]