Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каламкас курсовой.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

2 Сот сараптамасының мәні және тағайындалған сараптама материалдарының өтуі

2.1 Сот сараптамасының мәні, сараптама объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейлері

Сот сараптамасы қылмыстық сот өндірісінде, криминалистикада, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс жүргізуде арнайы ғылыми білімді қолданудың ең басты нысандарының бірі болып саналады.

Сот сараптмасының арнайы білімдерді қолданудың негізгі нысаны ретіндегі түсінігін ашу алдында жалпы "сараптама" түсінігіне анықтама беріп кетейік. Латын тілінен аударғанда "сараптама" ехреrtus -білікті, білімді, тәжірибелі деген ұғымды білдіреді. Энциклопедияда сараптамаға арнайы білімі бар сарапшының ғылым, техника, өнер саласындағы арнайы білімдерді қолдануды талап ететін мәселелерді шешу үшін зерттеу жүргізуі, - деп түсініктеме береді [7; 39-40б.].

Сот сараптамасы - бүл ерекше дербес, ең күрделі тергеу әрекеті және оның іске маңызы бар мән - жайларды анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде іс материалдарын зерттеуді білідіреді.

Сот сараптамасы қылмыстық сот өндірісінде арнаулы білімді қолданудың мамандырылған нысаны. Ол сот және алдын - ала тергеу органдарының танымдық мүмкіншіліктерін неғүрлым кеңейте түседі де. қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс барысында және сот отырысында танымның барлық ғылыми құралдарының кең арсеналын пайдалануға мүмкіндік береді

Сот сараптамасының негізгі мәнін анықтай келе, біз оның тергеу барысында немесе арнаулы ғылыми білімді қолдануды қажет ететін қылмыстық істі сотта қарау кезінде пайда болған проблемалық танымдық ситуацияларды шешудің нысаны екендігіне назар аударғанымыз жөн. Сондықтан да, сот сараптамасы қылмыстық істің маңызды мән – жайларын анықтауда ең ыңғайлы әдіс екендігіне көз жеткіземіз. Сот сараптамасы жаңа зерттеу әдістерін жетілдіру арқылы тұрақты түрде дамиды да, сот және тергеу практикаларында көп қолданыс табады.

Сарапшы тарапынан қылмыстық істің мән-жайларының мәнін анықтау белгілі-бір ғылым саласындағы әдістер мен тәсілдерді білуге және зерттеудің қазіргі кездегі жетістіктері мен құралдарын қолдануға тікелей байланысты.

Сарапшының арнайы ғылыми білімді қолдануы, сот қарастырып отырған қылмыстық істің мәнінінің қосымша жақтарын ашуға мүмкіндіктерді беріп қана қоймай, сонымен қатар, әртүрлі құбылыстар мен заттар арасындағы өзара байланысты, олардың себебі мен салдарын анықтауға да мүмкіндік береді. Мұның барлығы сот қарастырып отырған фактілік материалдарды кеңейте отырып, оған яғни сотқа қылмыстық іс бойынша обьективті шындықты анықтауды жеңілдетеді.

Сот сараптамасы іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында арнайы ғылыми білімдерді қолдану арқылы материалдарды зерттеуден тұратын жеке іс жүргізушілік әрекет болып табылады. Сот сараптамасы қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімдерді қолданудың мамандандырылған және кең, анағүрлым жетілдірілген нысаны болып табылады. Ол сот пен алдын ала тергеу органдарының таным мүмкіндіктерін барынша кеңейтіп, сот тергеуі және алдын ала тергеу жүргізу кезінде қылмыстық істерді ашудың ғылыми құралдарының кең шеңберін қолдануға мүмкіндік береді.

Сот сараптамасының түсінігін ашу кезінде ол сотта істі қарау және алдын ала тергеу кезінде пайда болатын арнайы білімдерді қолдануды талап ететін проблемалық танымдық ситуациядан өтудің жолы екенін айтуымыз керек. Сот сараптамасының қылмысты тергеудегі және қылмыстық іс жүргізудегі елеулі ерекшелігі - сарапшының қолданатын ережелерінің қатаң ғылыми сипатта болуы. Сарапшының арнайы білімі немесе өзінің кәсіби дағдысы негізінде осы құбылыстың немесе заттардың мәнін ғана ашуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, құбылыстар мен заттардың барлық себептері мен заңдылықтарын ашуға да мүмкіндік береді.

Сот сараптамасының алдына қойған міндеттерді орындау үшін сарапшыға жалғыз кәсіби дағды жеткіліксіз болады. Барлық жағдайда кәсіби тәжірибе мен дағды сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті құбылыстар мен заттардың себептері мен өзара байланысы туралы білімді толық бермейді. Сондықтан да «Сот сараптамасы туралы» ҚР Заңы және Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі сот сарапшысы ретінде тек арнаулы ғылыми білімі бар және аттестациядан өткен, біліктілік куәлігі бар адам болады деп бекіткен ережесі өте дұрыс.

Сот сараптамысының мәнің қарастыра отырып, ең алдымен ол таным процессі ретінде әрқашан тұрақсыз болатындығы және барлық уақытта диалектикалық түрде өзгеруіне, дамуына және тереңдейтініне назар аударуымыз керек.

Сот сараптамасының мәнінің тұрақты түрде өзгеруі, дамуы екі жақты жүреді, бір жағынан ол білімнің белгілі - бір саласындағы ғылыми зерттеу болғандықтан, бұл ғылымның білім деңгейінің тұрақты түрде дамуы және танымның жалпы әдістерінің дамуына, екінші жағынан сот сараптамасының мәнінің тұрақты түрде өзгеруі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іс жүргізу нысанына байланысты. Бұл іс жүргізудегі сот сарапшысының рөлі, оның қызметін реттейтін нормалардың өзгеруіне, толықтырылуына және ең соңында қоғамның экономикалық өмірінің дамуына байланысты болып табылады.

Профессор М.С.Строговичтің айтуы бойынша «сараптамалық зерттеу жоқ жерде, сараптама да жоқ, ал сараптама жоқ жерде дәлелдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы да болмайды». Сондықтан да, сарапшы объектілерге зерттеу жүргізіп, соның негізінде қорытынды беруге міндетті [9, 220б.].

Қылмыстық іс бойынша белгілі-бір мән-жайлар мен фактілерді анықтаудағы сараптамалық зерттеу процесі ретінде сараптаманы дұрыс түсінбеу кей ғалымдардың заңды талқылауда онда жоқ терминдерді кіргізе бастауға әкеп соғуы мүмкін. Демек ҚР ҚІЖК-нің сот сараптамасын анықтайтын баптарда сараптама арнайы білімдер көмегімен қылмыстық істің белгілі бір мән-жайларын анықтауда зерттеу жүргізуді қажет болғанда және бұл зерттеудің нәтижесінде сарапшы қорытындысын алу қажет болғанда тағайындалатыны жайлы тура көрсетілуі керек.

Қылмыстық істің белгілі бір мән-жайын анықтаумен байланысты сарапшының қызметі ретінде сот сараптамасы қарапайым ғылыми зерттеумен көптеген ортақ ұқсастықтары бар. Сонымен бірге сот сараптамасы қарапайым ғылыми зерттеулерімен, ерекше процессуалдық нысанымен, белгілі бір құқық қатынасымен ерекшеленеді. Қарапайым ғылыми зерттеудің қорытысындағы қателіктер барлық жағдайда кейінгі зерттеулермен өзгертілуі немесе ғылыми қорытынды тәжірибеде тексерілуі мүмкін. Ал сот сараптамасында көптеген жағдайларда мұндай мүмкіншіліктер жоқ. Бірақ сот сараптамасында белгілі бір ережелер, нормалар бар, яғни бұл нормалар мен ережелерді орындаған кезде соттың қарауына сарапшының объективті, ғылыми негізделген қорытынды ұсынылатындығына ыңғайлы кепілдік болып келеді. Осындай кепілдіктер сарапшыны таңдау, қылмыстық процеске қатысушыларға сот сараптамасын тағайындау, өздерінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша сот сараптамасын тағайындау және сот сараптамасын жүргізудің ерекше тәртібі туралы ережелер болып келеді. Бұл ережелер сот сараптамасын жүргізудің қағидалары ретінде аталуы мүмкін.

Бұл аталған жағдайлардың барлығы тергеуші, сот тарапынан сот сараптамасының қорытындысын бағалауды жеңілдетеді және сарапшының объективті қорытынды алуына көмектеседі. Сондай-ақ бұл қағидалар сарапшының өзіне де елеулі көмек көрсетеді. Олар сарапшыға қылмыстық мән-жайын сапалы, объективті, жан-жақты, қатесіз зерттеуге көмектеседі. Ал бұл өз алдына сарапшыдан толық, объективті қорытынды алуға кепілдік болады.

Сот сараптамасы қорытындысының дұрыстығын тексеру үшін белгіленген ерекше процессуалдық тәртіп, қорытынды берген кезде, оның толық, объективті болуын кепілдейтін тағы да бір ережеге негізделген. Бұл ереже істің мән-жайын зерттеуде арнайы ғылыми білім қолданғанда сақталуға міндетті, яғни бұл ереже арнайы ғылыми білімді қажет ететін зерттеуді соттың немесе тергеушінің, не судьяның мұндай арнаулы ғылыми білімдерінің болуы қылмыстық істі жүргізуші адамды тиісті жағдайларда сарапшыны тағайындау қажеттілігінен бостпайды. Сарапшының қорытындысы дәлелдеменің бір қайнар көзі болғандықтан, сонымен бірге істің мән-айын анықтау - арнаулы ғылыми білім қолдану прцесі болғандықтан, соттың басқа да іс жүргізуге қатысушыларды қатыстыра отырып тексерілуге және бағалауына жатады. Егер зерттеуді басынан бастап соттың өзі жүргізсе, бүндай дәлелдемелерді тексеру және бағалау процессі мүлдем болмайды.

Мұндай жағдайда сарапшы және судья қызметі бір адамда шоғырланушы еді және ол өз қорытындысын тек кеңесу бөлмесінде үкім қаулысында беруші еді. Осындай жағдайда тараптар сотта, тергеуде нақты сұрақтар бойынша сарапшының қорытындысын білмеуші еді, одан жауап ала алмаушы еді және оның қорытындысын тексеру мен бағалауға қатыса алмаушы еді.

Кей заңи әдебиеттерде сот сараптамасының белгілері немесе сот сараптамасын жүргізудің шарттары мен ұғымдары кездеседі. Бүл екі үғымдар бір - бірімен ұқсас және байланысты. Мысалы, орыс ғалымы Ю. К. Орлов сот сараптамасының белгілері деп атаса [10,31б.]. отандық ғалым С.Ф. Бычкова сот сараптамасын жүргізудің шарттары деп атайды [11,38б.].

Сот сараптамасының негізгі белгілері сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімдерді пайдаланудың басқа да нысандарынан айыруға мүмкіндік береді.

Сонымен сот сараптамасының негізгі белгілері төмендегідей:

  • сараптамалық зерттеуді арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізу;

  • сараптамалық зерттеуді іске маңызы бар мән - жайларды анықтау үшін жүргізу;

  • сараптамалық зерттеуді арнайы процессуалдық нысанда жүргізу;

  • сараптаманың белгілі бір процессуалдық нысанда жүргізілуі;

  • сараптамалық зерттеудің барысы және нәтижесі арнайы процессуалдық құжат - сарапшының қорытындысымен рәсімделуі.

Енді сот сараптамасының белгілеріне жеке - жеке тоқталып өтейік:

1. Сараптамалық зерттеуді арнайы ғылыми білімдердің негізінде жургізу. Бұл жерде ерекше көңіл бөлетініміз, сараптамаға қатысты жаңадан арнайы ғылыми білім деген терминнің қолдануы. Егер де осыған дейін арнайы білім жалпы қолданылса, онда осы жағдайда сарапшының ғылыми құзіретіне кіретін арнайы білімнің ерекше бір түрі ретінде сөз болып отыр.

ҚР ҚІЖК - нің 7 бабының 41 тармағына сәйкес арнаулы білім - бұл адам кәсіби оқудың не білгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеудің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай, сарапшы болу үшін жәй ғана оқу орнын бітіріп қана қоймай, сондай-ақ кәсіби оқудың немесе белгілі бір мамандық бойынша көп жылдар бойы жұмыс істеудін нәтижесінде алған білімі, тәжірибесі болуы керек.

Сараптаманың жалпыға ортақ және арнайы білім деген ұғымдардың қайсысына жататынын ажыратып алған жөн. Өкінішке орай, заңгер ғалымдар бұл мәселе барысында бір тұжырымға келе алмай отыр. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен арнайы білімнің өзара ерекшелігі субьективті сипатта болады, ол ерекшелікті нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді. Сондай-ақ, ғалымдар арасында арнаулы білімді жалпы тұрмыстық білім мен жалпыға ортақ білімді өзара салыстыру арқылы ғана анықтауға болады деген пікірлер де аракідік ұшырасады. Біздіңше арнаулы білім деген ұғым ғылым мен техника саласынан мамандығы бар деген ұғыммен тікелей байланысты. Сондықтан арнаулы білім дара сипаттағы мамандық ұғымын, сондай-ақ арнаулы кәсіби білім алу арқылы арнаулы еңбектің қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны толық игерген маман ұғымының аясында қараған дұрыс сияқты.

Сараптаманың негізінде ғылыми білімнің белгілі бір саласы жатыр, ал сарапшының қорытындысы - ғылымның мәліметтеріне негізделген дәлелдеме [12, 23б.].

Сараптама істі тергеген, не қараған кезде ғылым, техника, өнер және қолөнер саласында арнайы білім қажет болғанда тағайындалады. Бұл ережені техника, өнер және қолөнер ғылымдарына қарсы қойылған деп және осы ғылымдарға негізделмеген сараптаманы жүргізуге жол беріледі деп талқылауға болмайды. Техниканың, өнердің және қолөнердің әртүрлі мәселесінің өзі ғылыми зерттеудің обьектілері болады, сондықтан да барлық сараптама, техника, өнер және қолөнер мәселелеріне қатысты болса да ғылыми мәліметтеріне негізделуі керек. Бұл дегеніміз сарапшы ретінде әрқашан тек ғылыми жұмыскер, теоретик қана шығуы керек емес, сондай -ақ практикалық жұмыскер де шыға алады.

Сараптаманы жүргізу үшін сарапшының арнайы ғылыми білімінің болуы міндетті талаптардың бірі. Олар сарапшының ғылыми құзіретінің мазмүнын қалыптастырады, сарапшының ғылыми құзіреті, оның сарапшы болып тағайындалуына жеткілікті ғылыми білімдердің белгілі бір көлемі болып табылады.

2. Сараптамалық зерттеулердің іске маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін жіргізуі. Сараптаманың қылмыстық іс бойынша дәлелдеу мәніне жататын немесе дәлелдемелік фактілік мәні бар мән - жайларды анықтауға байланысты міндеті бар. Осыған сәйкес жоғарыда аталып өткендей сот сараптамасының міндеті тергеліп немесе қаралып отырған қылмыстық іс бойынша маңызды мән - жайларды, фактілі деректерді анықтау болып табылады. Бұл мән - жайлар сарапшы мен оның жүргізген зерттеулері негізінде анықталуы қажет. Сарапшыға қойылған сұрақтың арнайы сипатта болып, белгілі бір маманның құзіретіне кіріп, бірақ өзінің шешілуі үшін арнайы зерттеулер жүргізуді қажет етпесе, сараптама жүргізілмеуі керек.

3. Сараптамалық зерттеуді арнайы процессуалдық тұлға - сарапшының жургізуі. Сот сараптамасын жүргізу қажеттілігі туғанда, оны тергеуші немесе сот тағайындайды. «Сот сараптамасы туралы» ҚР-ң Заңының 10 бабына және ҚР ҚІЖК-нің 243 бапабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу мына түлғаларға тапсырылуы мүмкін:

  • сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

  • лицензияның негізінде сот сараптама қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға;

  • ҚР Заңдарында көзделген бір жолғы тәртіппен өзге де тұлғаларға.

Сот сарапшысының жоғары білімі және сот сараптамасының белгілі бір түрі саласыңдағы арнаулы ғылыми білімі, сот сараптамасын жүргізу құқығына арналған біліктілік куәлігі болуы және ҚР Әділет Министрлігінің комиссиясында өткен, сондай-ақ сот сараптама қызметін жүргізу құқығына лицензиясы болуы керек, яғни заң бойынша сот сарапшысына осындай талап қойылған.

Іс жүргізу заңнамаларында сарапшының процесске қатысушы ретінде процессуалдық тәуелсіздікті қамтамасыз ететін бірқатар нормалар бар. Сот сарапшысы тергеу және сот органдарына қорытынды бергенде, оның тәуелсіздік қағидалары сақталуы керек. Бүл қағидалардың сақталмауы қылмыстық іс бойынша дұрыс шешім шығаруға, тіпті әділеттіліктің жүзеге асуына кедергі болады.

4. Сараптаманың белгілі бір процессуалдық нысанда жургізілуі. ҚР қылмыстық, азаматтық іс жүргізу заңнамаларында сот сараптамасын тағайындау, оны жүргізу және оның нәтижесін процессуалдық рәсімдеу нысанының тәртібі, сондай-ақ сараптама жүргізуге байланысты іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көзделген. ҚР ҚІЖК – де сараптама тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілген. Оның бірі ҚР ҚІЖК – нің 242 бабының 2 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда, ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкіндігі жатады. Заң шығарушының мұндай тәртіпті енгізуі практика талаптарына сәйкес келеді. Себебі, практикада есірткі заттармен байланысты қылмыстарды сот сараптамасын жүргізбей іс қозғау мүмкін емес.

Екінші тәртібі сот сараптамасын соттың тараптардың өтініші бойынша (ҚР ҚІЖК - нің 354 бабы) немесе өз бастамашылығымен сараптаманы тағайындауы мүмкін. Сондай–ақ, заңда сот сараптамасын міндетті түрде тағайындау негіздері нақтылы анықталмаған, сонымен қатар сараптаманы жүргізу мерзімі белгіленбеген. Бұл айтылған мәселелерді қалыптасқан жағдайға байланысты істі жүргізуші түлға өзі шешеді.

5. Сараптамалық зерттеудің барысы және нәтижесі арнайы процессуалдық құжат - сарапшының қорытындысымен рәсімделеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына сәйкес сарапшының қорытындысы қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің қайнар көзінің бірі болып табылады. Сарапшының қорытындысы басқа дәлелдеме көздерінің арасында артықшылығы жоқ, бірақ оның елеулі ерекшелігі ол арнайы ғылыми білімді қолдана отырып, зерттеу негізінде алынған нәтиже. Сот сарапшысының

корытындысында оның алдына қойылған сұрақтарға жауап және зерттеу кезінде қолданған әдістері көрсетіледі.

Сот сараптамасы түсінігіне келгенде, оны жүргізудің және тағайындаудың мақсаты мен алғышарттарын анықтап алғанымыз жөн болады.

Сот сараптамасын тағайындаудың мақсаты - қылмыстық іс бойынша жаңа бір дәлелдеме сарашының қорытындысына қол жеткізу болып табылады. Ғалым, криминалист Е.Ғ.Жәкішев айтқандай, сот сараптамасын тағайындау сараптау емес, арнайы білім, арнайы құрал-саймандар қолдану арқылы зерттеу жүргізу [13,43б.]. Бұл қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарымен құпталып тұр. Атап айсақ, ҚІЖК-нің 240 бабы арнайы ғылыми білімдер негізінде қылмыстық іс материалдарын зерттеуді қарастырады. Сондықтан, Е.Ғ.Жәкішев "сот сараптамасы" деген терминнің орнына халықаралық деңгейде толық қалыптасқан "сот экспертологиясы" деген терминді қолданғанды ұсынады. Бірақ, біздің тақырып тікелей бұған арналмағандықтан бұл сұрақты ашық қалдырайық.

Ал алғышарттарына төмендегілерді жатқызуға болады:

1) арнайы ғылыми білімдердің негізінде зерттеулер жүргізу. Сараптамаға қатысты қолданылып жүрген арнайы ғылыми білімдер деген жаңа терминге ерекше назарды аударуымыз керек. Егер осы уақытқа дейін тек қана жалпы ғылыми білімдер туралы айтып келген болсақ, бүл жағдайда сарапшының ғылыми қүзырына кіретін ерекше түрі туралы айтылып отыр. Арнайы ғылымдарды пайдаланудың бір нысаны ретіндегі сараптама туралы айтқан кезде, М.С. Строгович «сараптаманың негізінде ғылыми білімнің негізгі бір саласы, ғылымға негізделген дәлелдеме - сарапшының қорытындысы жатыр», - деп әділ көрсетіп берген [14,83б.]. Сараптама іс жүргізу кезінде "ғылымда, техникада, өнер мен қолөнер" салаларында арнаулы білімдер қажет болған жағдайда тағайындалады дейміз, ал бұны өз кезегінде біз бұл салаларда ғылымға негізделмеген сараптама жүргізілуі мүмкін деген көзкараста болмауымыз керек. Техника, өнер мен қолөнердің түрлі сұрақтарының өзі ғылыми білімдерге негізделген болып келеді, сондықтан да кез келген сараптама ғылымға негізделген болуы тиіс. Бұл дегеніміз сарапшы ретінде тек қана ғылыми қызметкерлер, теоретиктер бола алады деген сөз емес; сарапшы ретінде сонымен қатар тәжірибе қызметкерлері - инженерлер, дәрігерлер бола алады, бірақ та сарапшы болып іске қатысу үшін адам белгілі бір саланың маманы болуы міндетті және оның берген қорытындысы ғылыми негізде жасалуы тиіс. Сарапшы қорытынды беру кезінде сол ғылымның зерттейтін құбылыстарының заңдылықтарын көрсететін ғылыми білімдерге негізделетіндігін айту қажет.

Сарапшының ғылыми білімдері басқа да нысандарда қолданылуы мүмкін. Дегенмен, сараптама жүргізу үшін сарапшы тұлғада арнайы ғылыми білімдердің бар болуы міндетті талап болып табылады. Осының өзі сарапшының ғылыми құзыретін білдіреді, ал бұл өз кезегінде И.Л. Петрухин атап көрсеткендей, маманның сарапшы ретінде тағайындалуы үшін жеткілікті болып табылатын ғылыми білімнің белгілі бір көлемін анықтайды.

  1. сараптаманы арнайы бір процессуалдық тұлға, іске қатысатын басқа тұлғалардан оны ерекшелейтін өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие сарапшының жүргізуі;

  2. сот сараптамасының заңмен реттелген процессуалдық нысаны. Сараптамалық зерттеудің нәтижелерін бекітудің процессуалдық нысаны болып іс бойынша дәлелдеме болып табылатын сараптама қорытындысы танылады.

4) зерттеу нәтижесінде фактілерді талқылау бағалау салдарынан пайда болған қорытынды. Сараптамалық зерттеудің нәтижесі болып, фактілерді табу және анықтау емес, жалпы олардың өмір сүруі туралы ой қорыту, қорытынды табылады. Қорытынды зерттеліп жатқан объектінің белгілерін анықтау, сарапшының белгілі бір ғылыми білімдерге негізделе отырып білдірген ойларының негізінде пайда болады. Сарапшының қорытындысы тек қана жай көзқарас ретінде қалыптасады, бұл дегеніміз, сәйкесінше одан сол зерттелетін объектілер бойынша басқа да қорытындылар болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сараптаманың нақ осы көрсетілген мақсаты мен тағайындалуының алғышарттары сараптаманы қылмыстық іс жүргізуде арнайы білімді қолданудың басқа нысандарынан ерекшелейді.

Сот сараптамасынын объектілері. Сот сараптамасының жалпы теориясының санаттарының ішінде ең маңыздысы сараптамалық зерттеу объектісінің түсінігі. Объект - бұл күрделі және көп қырлы түсінік. "Объект"- деген латын сөзінен аударғанда "зат" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз төрт мағынада қолданылады:

  1. Философиялық тұрғыдан ақиқат, шындық, материалдық дүние;

  2. Зат деген мағынада;

  3. Іс, мекеме мағынасында;

  4. Грамматикада, қосымша,толықтауыш ретінде.

Көптеген авторлар сот сараптамасы объектілеріне түсінік бергенде екі көзқараста болады, яғни сараптамалық зерттеуді қажет ететін, іс жайлы ақпарат үстаушы материал немесе арнайы білім қолдану жолымен алынатын фактілер, оқиғалар жэне фактілі мәліметтерді ретінде түсіндіреді.

Сараптама объектілері көтеген теориялық және практикалық сүрақтарды шешкен кезде маңызы өте зор, оның ішінде сот сараптамасын топтастыруда, сарапшының қүзіретін анықтауда, сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді дайындауда. Сараптама объектілерін қарастыра отырып, оның ең маңызды сипаттамасын айтқан жөн. Олар:

а) объект таным пәнімен тығыз байланысты;

б) объект ретінде кез келген зат, процесс, қүбылыс бола алады;

в) объект субъектінің ойында қайта өндірілуі.

Бірақ сот сараптамасы фактінің, процесстің, құбылыстың тікелей өзімен жұмыс істемейді, тек оның көрінісімен ғана. Сондықтан, криминалистика және сот сараптамасы әдебиеттерінде объект — бүл тергеліп жатқан оқиғамен байланысты нақтылы мәліметтер туралы ақпараттарды, іс жайлы ақпарат ұстаушы материал ретінде түсіндіріледі. Осыдан сот сараптамасының объектілерінің түсінігінің маңызды жақтары келесідей:

  • сот сараптамасы объектісінің материалды табиғаты;

  • белгілі бір нақтылы мәліметтерді анықтауда сот сараптама объектілерінің ақпараттық рөлі;

- анықталған фактілердің тергеліп отырған оқиғамен байланыстылығы.

Бұл айтылған қасиеттер сот сараптамасының жалпы объектісі түсінігін сипаттайды. Барлық жағдайда сарапшыға ұсынылған объектілер материалды және олар болған оқиғаны куәландырады, не оның ізін басушы ретінде болады.

Сараптаманың барлық объектілері өздерінің процессуалдық мәртебесіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Қазақстан Республикасының ҚІЖК 248 бабының 1 бөлігіне сәйкес оларға заттай дәлелдемелер, қүжаттар, тірі адамдар, сараптамалық зерттеу үшін алынған үлгілер, адамның денесі мен психикалық ахуалы, мәйіттер, жануарлар, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарындағы сараптама нысанына жататын мәліметтер жатады.

Бірақ, бұл топтастыру таным объектісі ретіндегі түсінігінің мәнін ашу үшін жеткіліксіз. Бұл үшін іс жайлы ақпарат ұстаушы материал не объектінің табиғаты бойынша қандай екенін ғана емес, сонымен қатар оның қандай ақпарат беретінін білуіміз керек. Басқаша айтқанда объектінің күрделі құрылымын тұтастай қарастыру кажеттілігі туындайды. Объектінің жүйесі ретінде күрделі құрылым оның іс жайлы ақпарат ұстаушы материал ретінде өзі туралы мәліметті, мәліметтің қайнар көзі туралы, мән-жайлар туралы және бұл ақпараттың қайнар көзден объектіге өту механизмі туралы мәліметті ұстаумен анықталады.

Сот сараптамасының жалпы теориясында объектінің қасиеті және белгісі туралы ілімнің маңызы зор.

Қасиет - барлық заттарға тән категория. Сараптама теориясының міндетіне арнайы білімді қолдану арқылы зерттеуге мүмкін болатын объектілердің қасиеттерін анықтау жатады. Объектінің қасиетіне қойылатын талап нақты жағдайда шешілетін міндеттерге байланысты. Мысалы, идентификациялық міндеттерді шешу үшін объектінің идентификациялауға мүмкіндік беретін қасиеттері болуы маңызды.

Объектілердің қасиеттерін айта келе оның белгілерін айту керек. Белгілері объектінің қасиеттерін көрсетеді. Егер қасиет заттың мәні болса, онда белгі оның мәнінің көрінісі.

Сараптаманың жалпы теориясындағы маңызды кезеңдердің бірі қасиеттердің белгілерден көрінуінің зандылығы және объектілердегі белгілердің өзгеруі туралы ілім. Бұл ілім келесідей түсіндіріледі: сараптамалық зерттеулерде объектінің көптеген қасиеттері тікелей көрінбейді, тек олардың белгілерін зерттеу арқылы ғана көрінеді. Оның үстіне кез келген объектінің кешенді қасиеттері, яғни өзінің басқа объектілерден қалған қасиеттері және қалыптасу механизмі нәтижесінде пайда болған қасиеттері болады. Бұл элементтердің әр-қайсысы бір-біріне әсер етуі нәтижесінде өзгеруі мүмкін және ол сараптамалық зерттеуді қажет етеді. Мысалы, ұңғыдан оқта қалған із туралы мәліметтерге мыналар әсер етеді:

а) із қабылдаушы объекті ретінде, оқтың өзінің күйі;

б) із қалдырушы объект ретінде ұңғының күйі;

в) із қалдырушы механизм ретінде.

Сараптама объектілерінің ең бастысы заттай дәлелдемелер болып келеді. Сараптама объектілерін айта отырып, былай көрсетуге болады: нақты тұлғалардың, жануарлардың, біртекті қарапайым құралдардың көрінісі, өзара әрекеттесетін керек жарақтардан түратын күрделі қүралдар, бірдей мақсаты бар құралдардың комплектісі, үнтақталған және сүйық заттар, белгілі шығу тегі бар қүралдар, адамның денесінен бөлінген заттар және өлік, сондай-ақ,жануарлардан пайда болған әралуан объектілер.

Сараптаманың әр түрінің маңызды белгілері, оның объектісімен қатар сараптама зерттеудің өдістемесі, яғни, ғылыми негізделген әдістер мен техникалық қүралдардың жүйесі.

Сараптама зерттеу объектілерінің дәлдігі мен оларға жол берілетіндігіне сараптаманы тағайындайтын орган кепіл береді.

Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемі мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен басылған күйінде берілуі тиіс.Басқа жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарашыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізеді, оларға бөгетсіз қол жеткізуге жөне зерттеу жүргізу үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге тиіс.

Сараптамалық зерттеу объектілерін пайдалану заттай дәлелдемелерді алу, іске қоса тігу, сақтау мен жою Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де көзделген ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Жалпы нақтылы мәліметтердің қайнар көзі ретінде, іс жайлы ақпарат ұстаушы материал ретінде, сараптама пәнін құрайтын объектінің түсінігі заңи әдебиеттерде ең көп таралған болып келеді.

Объектілерге тек материалды құралдар, заттық жайдың фрагменті ғана ма немесе оның қатарына оқиға, фактілер және басқа да идеалды объектілер жата ма? Осы сұрақ даулы болып келеді.

Л.Петрухиннің айтуы бойынша сараптаманың объектілері ретінде заттар немесе фактілерді жатқызады. В.М.Галкин болса бұл пікірге қарсы және бұл түсінікке тек материалды сипаттағы объектілерді қосады (адамдар, жануарлар, заттар, қүжаттар, жөне т.б.).

Әдетте сараптамалық зерттеуге тек қана нақты құралдар ғана емес, сондай-ақ, сараптаманың пәні болатын фактілерді анықтайтын әртүрлі процесстерді жатқызады (оқиға, құбылыс, әрекет, жөне т.б.). Мысалы, өрттің таралу процесін зерттей отыра, сарапшыға өрттің себебі туралы қорытынды береді. Сондықтан, сарапшының сараптама объектісі ретінде гносеологиялық мағынада кез келген факт бола алады. Сонымен бірге, сараптама объектісін түсінудің тар мағынасы ұсынылады, яғни, сараптамалық зерттеулерге ұшырайтын нақты құралдар, заттар ретінде ғана. Сараптамалық зерттеуге қолданылатын зерттеу объектілері тек қана гносеологиялық түсінік қана емес, ол құқықтық түсінік. Құқықтық түсінік тек қана реалды өмір сүретін объектілерге таралады. Материалды сипатта емес объектілер қандайда бір процессуалдық мәртебесі жоқ және оларға қатысты қандайда бір құқықтық режим қолданылуы мүмкін емес. Осыған орай, сараптама объектісі деп материалдық құралдарды ғана түсіну дұрысырақ, өйткені бұл сот сараптамасының құқықтық белгілерін толық ескеруге мүмкіндік береді. Осы себеппен сараптама объектілері - бұл материалды дүниенің құралдары ретінде және фактілерді белгілеу мақсатында сараптамалық зерттеуге жатады.

Сараптаманың объектілерін топтастырудың кейбір сұрақтарын карастырайық.

Ақпараттық материалды ұстаушысы ретінде объектінің жалпы ұғымынан объектілерді екіге бөліп қарастыруға болады: тектік және нақты объектілер.

Тектік объектілер деп ортақ белгілері бар құралдардың тобы категориясын айтамыз. Тектік объект сараптаманың жеке түрлерін бөлгенде маңызды рөль атқарады. Мысалы, криминалистік сараптаманың объектісі болып атыс қаруы, қолдың іздері, аяқтың іздері, қолжазба және т.б. Криминалистиканың өзі бірнеше түрлерге бөлініп, олардың өзінің объектілері бар. Сот баллистикалық сараптаманың объектісі болып атыс қару, оқ жөне оқтың ізі қалған құрал; дактилоскопиялық сараптаманың объектісі болып қол немесе алақанның іздері, трасологиялық сараптаманың объектісі болып аяқ және аяқ киім іздері, көлік іздері жатады. Сараптаманың жаңа түрлерін қалыптастыру және оның түрлерін бөлу кей жағдайларда тектік объект белгілерімен жүреді. Мысал ретінде криминалистік сараптаманың бірқатар дербес түрге бөлінуі баллистикалық, трасологиялық, құжаттардың техникалық сараптамасы және бұл түрлердің әрқайсысының өзінің тектік объектісі бар.

Нақты объектілер деп сараптамалық зерттеу жүргізілетін белгілі бір заттар болып танылады. Кез келген нақты объектілер индивидуалды және қайталанбас болып келеді, ол бұл сараптамалық зерттеудің белгілерін айқындайды.

Жоғарыда айтылған объектілерді топтастырудан басқа заң әдебиеттерінде тікелей объект деп те бөлген. Тікелей объектілер деп сараптамалық зерттеуге ұшыраған заттың біртекті белгілерінің жиынтығы болып келеді. Кез келген материалдық құралдың белгілері толып жатыр. Сондықтан, бүл тектік объектінің ұғымы жеткіліксіз. Бір құрал сараптаманың әр түрінің объектісі бола алады. Мысалы, киім материалдары, заттар, бұйымдар сараптаманың бір түрінің объектісі ғана болмайды. Егер киімде қандайда бір із анықталса, ол онда трасологиялық, баллистикалық сараптамаларының объектісі болады. Мұндай жағдайда сараптаманың түрін бөлудің критериі тікелей объект, яғни сараптамалық зерттеуге ұшырайтын заттың қасиеттері болады. Тікелей объектіге байланысты бірдей тектік объектісі бар құжаттарға жазуды тану және техникалық сараптама болады.

Сараптамалық зерттеу объектілері, сондай-ақ, өзінің процессуалдық нысаны бойынша ерекшеленеді. Осы белгі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

- заттай дэлелдемелер, яғни, қылмыстық іске қатысы бар қүралдар. Заттай дәлелдемелер сараптаманың көптеген түрінің объектісі болып табылады (криминалистік, баллистикалықжөне трасологиялық жөне т.б.).

- дәлелдеменің ерекше түрі ретінде қүжаттар. Олар сот- бухгалтерлік, қүрылыстық және басқа да сараптама түрлерінің объектісі болады.

- тірі адамдар, сот - медицина, сот-психиатрия, сот - психологиялық сараптамалардың объектісі болады.

- белгілі бір процессуалдық мәртебесі жоқ объектілер. Оларға мәйіттер, сондай-ақ, дәлелдеме ретінде істе процессуалдық белгіленбеген басқа да объектілер. Трасологиялық жобада объектілердің түрлері заттай дәлелдемелер сияқты рөл атқарады. Бірақ мұндай ретке олар істе моралдық - этикалық түсінік бойынша немесе оларға заттай дәлелдемелерді процессуалдық режиммен нақтылы түрде таратуға болмайтындығына байланысты жазылмайды. Бірақ бүл дегеніміз мүндай объектілердің ешқандай процессуалдық нысаны жоқ екендігін білдірмейді. Олар ресми түрде сарапшыға ұсынылуы керек (мысалы, сараптама тағайындау туралы қаулыда сараптаманың объектісі ретінде көрсетілуі), оларға қатысты қандайда бір процессулдық режим қолданылуы мүмкін (өндірістік процессте сараптаманың уақытша тоқтатылуы, бөтен адамдарға сараптаманы жүргізуге жол берілмеуі және т.б.).

Сараптамалық міндеттердің деңгейлері. Сот сараптама обьектілерін зерттеу барысындда сот сараптамасының төмендегідей міндеттерін қолдану мүмкіндігі туындайды. Сараптамалық міндет бұл сарапшының алдына қойылған сұрақтардағы сарапшы қабылдаған тапсырма. Гносеологиялық көзқарас тұрғысынан сараптамалық міндет соңына дейін мақсатпен және оған жету әдісімен сипатталады. Яғни сарапшының өзінің процессуалдық жағдайына және арнайы біліміне сәйкес бүл сұраққа жауап беруде ескерілетін бастапқы мәліметтер [15,40б.].

Сараптама міндетінің түсінігі сарапшының алдына қойылған сүрақтың түсінігіне үқсас. Яғни міндет бүл типті сүрақтардың мәнінің ғылыми талданған түсініктемесі.

Сот сараптамасының міндеттері - бұл сот-тергеу практикасының қажеттіліктері мен сот сараптамасының теориясы және әдістемесінің жетістіктеріне сәйкес сот сараптамасының пәнінің мазмүнын талдайтын нақтылы мәліметтерді анықтау мүмкіншілігі деп айтамыз.

Сот сараптамасының міндеттерін топтастыруда ғалымдардың көзқарасы әр түрлі. Белгілі ғалым - криминалист Р.С. Белкин сот сараптамасының міндетін сараптамалық зерттеудің соңғы мақсатына байланысты топтастырса [16,478б.]. А.И.Винберг және Н.Т.Малаховская сот сараптамасының міндеттерін деңгейлік тәсілмен топтастырады [17, 72б.]. Осыған сәйкес, сот сараптамасының міндеттері: классификациялық, идентификациялық, диагностикалық, ситуациялық міндеттер болып бөлінеді.

Классификациялық сараптамалық зерттеудің мақсаты белгілі бір топқа жатқызу үшін объектілердің қасиеттерін және белгілерін зерттеумен байланысты. Мысалы, зерттеп жатқан объектіні атыс қаруының, оқ дәрінің суық қарудың бір тобына жатқызу.

Идентификациялық сараптамалық зерттеудің міндеті бұл дербес айқындаған объектілердің немесе олардың пайда болу қайнар көзінің ұқсастығын анықтау болып табылады. Бұл міндет әсіресе криминалистік және сот медициналық сараптамаларға тән. Мысалы, оқиға болған жерде табылған қолдың ізі мен ұсталған сезіктінің қолының ізін идентификациялау.

Диагностикалық сараптамалық зерттеудің міндеттері тек объектінің белгілері мен қасиеттерін ғана емес, сонымен бірге оның жәй күйін зерттеп, объектіде болған қандай да бір өзгерістерді анықтау. Бұл объектідегі өзгерістермен жасалған қылмыс арасындағы себепті байланысты анықтау. Сондай-ақ, күрделі объектілерді оқиға болған жерде зерттеу арқылы қылмыстық оқиғаның механизмі мен динамикасын анықтау. Мысалы, оқиға болған жерде қылмыскер қандай әрекеттерді қандай кезекпен жасады және т.б.

Ситуациялық сараптамалық зерттеу міндетін қылмыстық іс көлеміндегі жалпы оқиғаның механизмін қалыптастырып жүргізуге мүмкіндік беретін жеке оқиғаларды анықтау жатады.

Жоғарыда көрсетілген сараптама міндеттері бір - бірімен өзара байланысты және олар бірінен соң бірі не қайталама не кешенді түрде шешілуі мүмкін. Қамту деңгейіне байланысты сараптама міндеттері барлық сараптама түрлеріне ортақ міндет, жүргізілетін сараптаманың әдеттегі және нақты міндеттері болады.

Ортақ міндеттер сараптаманың бағытын, мәнін айқындайды. Мысалы, трасологиялық сараптаманың жалпы міндеті объектілерді идентификациялау мақсаты мен негіздердің қалыптасу механизмін анықтау үшін әртүрлі объектілердің көрінісін, ізін зерттеу болып табылады.

Сараптаманың әдетегі міндеттеріне оның түрлеріне байланысты бөлінеді. Бұл әдеттегі міндеттер тергеушілер мен судьялар үшін анықтамалық әдебиеттерде жиі кездесетін міндеттер. Мысалы, трасологиялық сараптаманың әдеттегі міндеттері оның мынандай түрлерімен байланысты: адам іздерін, бұзу қаруларының, көлік құралдарының іздерін зерттеу түрлері әдеттегі міндеттерді нақтылай түседі, яғни сараптаманың түрлерінің түр тармақтарға бөлінгенде. Мысалы, адамнан қалатын іздерге қатысты қолдан, аяқтан және адам денесінің басқа бөліктерінен қалған іздерді зерттеудегі әдеттегі міндеттерді айтуға болады.

Нақты міндеттер сараптаманың белгілі бір түрін жүргізгенде сарапшының алдына қойылады, олар тергеушінің соттың қаулысында қойылған сұрақтарға ұқсас. Кей кезде бірнеше сұрақ бір міндетті шешуге бағытталса, кейде керісінше бір сұрақ екі не одан көп міндеттерді шешуге бағытталады.