- •Мазмұны
- •1 Сараптамалық ілімдер мен мекемелердің қалыптасу тарихы
- •2 Сот сараптамасының мәні және тағайындалған сараптама материалдарының өтуі
- •2.1 Сот сараптамасының мәні, сараптама объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейлері
- •2.2 Тағайындалған сараптама материалдарының өтуі
- •2.3 Сараптама нәтижелерін бағалау
- •3 Сот сараптамасын жүргізуде компьютер технологияларын қолдану
2.3 Сараптама нәтижелерін бағалау
Істі заңды, негізді және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайлар дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау, және пайдалану процестерінен тұратын дәлелдеулер арқылы анықталды.
Дәлелдемелердің қатарына заң сарапшының қорытындысын да жатұызады (ҚІЖК-нің 120-бабы).
«Сарапщының қорытындысы» деген терминнің екі жақты мағынасы бар: біріншіден, ол сот дәлдемесінің түрі, екіншіден, ол осы дәлдемеде баяндвлған іс жүргізу актісі.
Заң іс бойынша дәлдемеде ретіндегі сарапшы қорытындысының мына ерекшеліктеріне аса назар аударады:
қорытындының ҚІЖК-нің 251-бабында белгіленген міндетті жазбаша нысаны болады. Сарапшыдан жауап алу барысындағы оның ауызша жауаптары қорытындыны түсіндіреді, бірақ оны ауыстыра алмайды;
дәлелдеме ретіндегі сарапшының қорытындысына оның тұжырымдарымен бірге, сараптама жүргізудің негіздерін, тапсырмаларды, зерттеу барысы мен сарапшы тұжырымдарының негіздеуі сипаттамалары да кіреді. Сонымен, сарапшы қорытындыс тек қойылған сұрақтардың жауаптарын тұжырымдаумен ғана бітпейді. Зерттеулерді сипаттаудың болмауы қорытындыны дәлелдемелік мәнінен айырады;
қорытынды берілгеннен кейін сарпшыдан жауап алу жүргізу жағдайында, тіптен арнулы ғылыми білімдерге негізделсе, одан лаынған өзге мәліметтер емес, алдында берілген қорытынды түсіндірелер дәлелдеме болып табылады. Сарапшыдан жауап алу барысында оған қойылған сұрақтарға сарапшының жауаптары қорытындының құрамдас бөлігі болып табылады;
сарапшының қорытындысы қылмыстық процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, сондықтан қорытындыға сыни емес көзқарастан көрінетін мүмкін болатын қателерді болдырмауға назар аударылады. Алайда, ҚІЖК-нің 25-бабы 2-бөлігінне сәйкес ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды дегенге қарамастан, қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті дәлелсіз сарапшының қорытындысын қайтара алмайды.
Сарапшының қорытындысын анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья дәлелдемедерді жанөжақты, толық және объективті қараудың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша, заң мен ар-ожданды басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалаудың жалпы ережелері бойынша бағалайды (ҚІЖК-нің 25-бабы 1-б).
Сарапшының қорытындысы іс бойынша басқа дәлелдемелер бағаланатын негіздерде бағаланады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшының қорытындысын бағалауға іс бойынша оның қылмыстық, жол берушілік, сенімділік және дәлелдемеләк маңызын анықтау кіреді.
Егер нақты деректер іс бойынша мәні бар мән-жағдайлардың өмір сүруі труалы тұжырымдарды растайтын, растамайтын немесе күмән келтіретін болса, дәлелдеме іске қатысты деп танылады. Сарапшы қорытындысының қатыстылығы әдетте күмән тудырмайды, өйткені ол ең бастан қылмыстық процесс шеңберінде қалыптастырылады.
Жол берушілік – ол нақты деректердің (мәліметтер, ақпараттар) заңды көздері тұрғысынан, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген тәртіпте, осындай көздерде болатын нақты деректерді алудың тәсілдері мен бекітү нысандарын сипаттайтын дәлелдеме қасиеті.
Дәлелдеме ретінде жол берушілікке төрт критерий кіреді:
1) дәлелдемелерді алуға бағытталған іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқықты тиісті субьект;
2)дәлелдеме мазмұнынан құралған.... нақты деректердің тиісті көзі;
3)дәлелдемелерді алу үшін пайдаланылатын тиісті іс жүргізу әрекеті;
4)дәлелдемелерді алу үшін пайдаланылған іс жүргізу әрекетін өткізудің тиісті тәртібі.
Сарапшы қорытындысының жол берушілігін бағалауға бірқатар элементтер кіреді:
ғылыми құыреті және іс бойынша іс жүргізу барысында нақты адамға ұсынлатын іс жүргізу талаптарын қанағаттандыру тұрғысынан сарапшының өзін бағалау ;
алудың заңды амалдары мен тәсілдері тұрғысынан сарапшылық зерттеудің объектілері ретінде ұсынылатын материалдарға жол берушілікті бағалау;
сараптама тағайындау кезінде сот және процестің өзге де қатысушылары іс-әрекеттерінің заң талаптарына сәйкестігін бағалау. Сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу тәртібін оқып-зерттей отырып, оның заңға сәйкестілігіне келгенде, ең бірінші кезекте осы аталған іс жүргізу әрекетінің мына жақтарына назар аудару керек: сараптаманы тағайындау заңдылығы, яғни тиісті қаулыны шығару кезінде белгіленген талаптрады сақтау; сараптама тағайындау кезінде сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің құқықтарын сақтау және алдын ала трегеу барысында оның нәтижелерімен таныстыру; сот талқылауы барысында сарапшының алдына қойылатын сұрақтардың қойылу тәртібін сақтау; сарапшыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірудің іс жүргізу тәртібін сақтау; сараптама жүргізу барысында сарапшының өз міндеттерін сақтауы;
сот сараптамасын жүргізу барысында сарапшының, сот сараптамасы органы басшысының, соттың және процестің өзге де қатысушыларының әрекеттерінің заң талаптарына сәйкестілігін бағалау;
сарапшының қорытындысына немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хаьарламаға оны бекіту нысандарының заң талаптарына сәйкестілігі тұрғысынан баға беру.
