Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каламкас курсовой.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

2.2 Тағайындалған сараптама материалдарының өтуі

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында көзделгендей сот сараптамасы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, іс бойынша сотқа дейінгі өндірісті, яғни алдын ала тергеу барысында, істі басты сот талқылауында қарағандағы сот тергеуінде, сондай-ақ заңды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларына шағымдар мен наразылықтар келтірілген кездегі апелляциялық сот сатысында істі қарау барысында тергеушімен немесе судьямен тағайындалуы мүмкін.

Сонымен бірге сот сараптамасы қылмыстық істі қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда, ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін (ҚР КІЖК 242-бап.). Мысалы, оқиға болған жерде табылған, не қылмыскерден жеке тінту кезінде алынған суық қаруға ұқсас құралды суық қарулардың қатарына жататындығын анықтау. Қылмыскердің үйін тінту барысында табылған есіртке затқа ұқсас заттарды нақты есіртке заттардың қатарына не құрамында есірткі заттары бар дәрі дәрмектердің қатарына жататындығын анықтау.

Бұл жоғарыда айтылған ереженің практикалық маңызы өте зор. Өйткені көп жағдайда сот сараптамасын тағайындамастан бұрын қылмыстық істі қозғау мүмкін емес. Осыған сәйкес сот сараптамасының өз уақтылы, дер кезінде тағайындалуы және жүргізілуі керектігін айта кеткен жөн. Кей кезде сот сараптамасы іс бойынша тергеу аяқталған кезінде тағайындалуы жиі кездеседі. Бұл мән-жай тергеу барысында тергеушімен сараптама нәтижелерін жедел пайдалану мүмкіншілігін жоғалтып, тергеу мерзімінің бұзылуына әкеліп соғады. Бірақ, сот сараптамасын мұқият әзірленген материалдарынсыз тез асығыстан тағайындау сарапшының тергеуді мүдделендіріп отырған сұрақтарды толық жеткілікті шеше алмауына әкеледі.

Сот сараптамасын тағайындау іс жүргізу заңнамаларында көзделген тәртіптерді, негіздерді және шарттарды сақтай отырып жүргізілетін іс жүргізушілік, яғни тергеу әрекеті. Ол тек сот сараптамасын тағайындау туралы тергеушінің немесе соттың қаулысын шығарумен ғана шектелмейді.

Тергеуші және сот сараптаманы тағайындау кезінде оны жүргізудің нақты негізі мен шарттарын, сараптаманың пәнін, объектілерін, сараптамалық зерттеу жүргізетін сот сараптама не сот медициналық сараптама мекемесін немесе тиісті сарапшыны, сараптаманы жүргізудің орнын және уақытын, сарапшының қарамағына жіберілетін материалдарды, істе қамтылған сарапшының қорытындысын негіздеуі мүмкін мәліметтерді белгілейді. Оның үстіне сараптаманы тағайындау кезінде бірқатар ұйымдастырушылық сұрақтар шешіледі.

Қылмыстық істер жүргізу заңнамасында сот сараптамасын тағайындаудың нақты негіздері және шарттары көзделген. Бірақ, бұл негіз барлық жағдайда сараптама тағайындаудың негізі бола алмайды, ол тек қылмыстық іс бойынша мән жайларды анықтау үшін сот сараптамасының міндетті түрде тағайындалуы. Олардың қатарына егер іс бойынша:

- өлімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін;

  • іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы қүжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезіктінің айыпталушының, жәбірленушінің жасын;

  • ақыл-есінің дүрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз қүқықтары мен занды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде күмән туғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай-күйін;

  • ҚР ҚК-де өлім жазасы түріндегі түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жәй-күйін;

  • іс үшін маңызы бар жағдайларда дүрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмән туған жағдайда жәбірленушінің, куөнің психикалық немесе тәнінің жай күйін анықтау қажет болғанда;

  • істің өзгеде мән-жайлары басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын болса сараптаманы тағайындау мен жүргізу міндетті болады.

Сезіктінің, айыпталушының, куәнің және жәбірленушінің психикалық жай-күйін анықтау сот-психиатриалық сараптамасын тағайындау арқылы жүргізіледі. Сараптама: а) тергеушінің кабинетінде; ә) амбулаторлық; б) стационарлық; в) сот мәжілісінде ; г) сырттай; д) өлгеннен кейін жүргізіледі.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында сот сараптамасын тағайындау негізі нақты анықталмаған барлық жағдайда оны тергеуді жүргізіп отырған түлға, яғни тергеуші және істі сотта қарастырып отырған судья анықтайды. Сондай-ақ заңнамада сот сараптаманы жүргізу уақыты белгіленбеген. Біздің ойымызша сот сараптаманы жүргізу уақыты әр сот сараптамасы мекемелері және сараптаманы жүргізетін мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелеріне енетін сот сараптамасы органдарының ведомствалық нормативті актілерінің және сараптаманың күрделілігімен анықталады. Әдетте бұл уақыт 10-20 күн, ал сот психиатриялық сараптаманы жүргізу уақыты 30 күн. Бірақ барлық жағдайда тергеуші сот сараптамасын жүргізу уақытымен тергеуді жүргізудің процессуалдық мерзіміне көп көңіл бөлуі керек. Өйткені кей кездерде бүл екі мерзім сәйкес келмеуі мүмкін, нәтижесінде қылмыстық іс бойынша тергеудің процессуалдық мерзімінің бүзылуына өкеп соғады.

Заң әдебиеттерінде оның ішінде криминалистика және сот сараптамасында "сот сараптамасын тағайындау негізі" және "сот сараптамасын жүргізу негізі" деген терминдер кездеседі. Бұл екі термин бір-біріне ұқсас синоним ретінде қолданылады деуге болады.

Т.В.Сахнованың айтуы бойынша "сот сараптамасын тағайындау негізі" және "сот сараптамасын жүргізу негізі" үғымдары бір-біріне үқсас, синоним емес деп келесі анықтамаларды береді. Сот сараптамасын жүргізу негізі ретінде анықталуға жататын мән-жайлардың сипатына объективті негізделген арнайы білімдерге мүктаждық болып табылады. Ал сот сараптаманы тағайындаудың негізі ретінде (тергеу әрекетінің бір түрі болуына орай) сот дәлелдемелерін алу үшін арнайы білімдердің қажеттілігі болып табылады.

Т.В.Сахнова өзінің ойын қорыта келе практикада арнайы білімдерге нақтылы мүқтаждықты яғни сараптаманы жүргізудің негізін анықтау және сот сараптамасын тағайындаудың негізін анықтау бір-бірімен тығыз байланыстырады. Олар тек логикалық түрғыда бөліп қарастырылады [18,86-89б.]. С.Ф.Бычкова [19,69б.]. А.Ф.Аубакиров, А.Я.Гинзбургтың айтулары бойынша сот сарптамасын тағайындаудың негізін екіге топтастырады. Олар сараптаманы тағайындаудың нақтілі негізі және сараптаманы тағайындаудың занды негізі. Сот сараптамасын тағайындаудың нақтылы негізі қылмыстық іс бойынша туындаған сүрақтарды арнайы ғылыми білімдерді пайдалану арқылы шешудің қажеттілігі болып табылады.

Сот сараптамасын тағайындаудың занды негізі ретінде арнайы ғылыми білімді қолдану арқылы сүрақтарды шешудің қажеттілігі расталатын қылмыстық іс материалдары болып табылады.

К.Н.Шакиров те дәл осындай топтастыруды береді, бірақ оның топтастыруы сот сараптамасын жүргізу негізіне қатысты. Сондықтан ол сараптамасын жүргізудің негізін нақтылы және заңды деп бөледі де анықтамасын береді

Сот сараптамасын жүргізудің нақтылы негізі деп арнайы ғылыми білімді тартуды талап ететін қылмыстық іс материалдарының болуын айтамыз.

Сот сараптамасын жүргізудің занды негізі деп қылмыстық істі тергеп отырған тергеушінің немесе істі сотта қарастырып отырған судьяның сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысын айтамыз. Т.В.Сахнованың сот сараптамасын жүргізу негізін топтастыру жоғарыда аталып өткен авторлардың топтастыруымен сәйкес келеді, яғни оны сот сараптамасын жүргізудің нақтылы және занды негізі деп бөледі.

Бұл жерде айта кететін мәселе криминалистика және іс жүргізу әдебиеттерінде сот сараптамасын тағайындау негізі және сот сараптамасын жүргізу негізі терминін қолдану дөстүрлі болып келеді.

Дегенмен сот сараптамасысын тағайындау негізі және сот сараптамасын жүргізу негізі терминдерінің үғымы бір-біріне үқсас. Біз К.Н.Шакировтің сот сараптамасын жүргізу негізін нақтілі және занды деп топтастыруына толық келісеміз. Өйткені кез келген тергеу әрекетін жүргізудің нақтылы және заңды негізі бар, егерде біз сот сараптамасын тергеу әрекетінің бір түріне жатқызатын болсақ, онда кез келген тергеу әрекетін жүргізудің нақтылы негізі арнайы ғылыми білімді қолдану арқылы зерттеуді талап ететін қылмыстық іс материалдардың болуы және тергеліп жатқан қылмыстық іс үшін маңызы бар мән - жайларды анықтау. Ал бүл өз алдына іс бойынша дөлелдеме болып табылады. Тергеу өрекетін жүргізудің заңды негізі тергеушінің, не судьяның қаулысы болып танылады.

Демек тергеуші сараптама тағайындау туралы қаулысында тағайындау негізі ретінде арнайы ғылыми білімді қолданудың қажеттілігін көрсетеді.

Осы себеппен сот сараптамасын тағайындау негізі қатысты, іс бойынша жаңа дәлелдемелерді алу мақсатымен арнайы ғылыми білімді қолданудың мүқтаждық туралы айту ең дүрыс деген көзқарастамыз.

Сот сараптамасын жүргізу негізінің анықтамасына қатысты біздің пікіріміз заң әдебиеттерінде кездесетін сараптаманы жүргізу негізін нақтілі және заңды (процессуалды) деп топтастырумен сәйкес келеді.

Сот сараптамасын жүргізудің нақтылы негізі іс материалдарын зерттеу үшін арнайы ғылыми білімдерді қолдану қажеттілігі, оның занды негізі тергеуді жүргізуші тергеушінің немесе сотта істі қарастыратын судьяның сараптама тағайындау туралы қаулысын шығаруы.

Сот сараптамасын тағайындаудың қажеттілігі туралы сүрақты шешкенде әділеттіліктің жариялылық, бүхаралылық сипатын ескеру керек. Бүл дегеніміз тек тергеуші, анықтаушы, сот қана емес, барлық процесс қатысушылары. Сот шешімінің, сарапшының қорытындысының дұрыстығымен объективтілігіне көздері жетуі керек.

Айта кететін бір жай сараптаманы тағайындау негізі әр сараптаманың түрін тағайындау негізінен біршама ерекшелігі бар. Мысалы, қосымша сараптаманы тағайындау негізі деп негізгі сараптаманың қортындысының жеткілікті түрде айқын болмауы, сондай-ақ бүрын зерттелген жағдайларға қатысты жаңа мәселелердің пайда болуын айтамыз. Ал қайталама сараптаманы тағайындау негізі деп сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған жағдайларды айтуға болады.

Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу. Іс жүргізушілік әрекет ретінде сараптаманы жүргізу үш кезеңнен түрады. Олар: тағайындау, жүргізу, сараптама қорытындысын қылмыстық іс жүргізуші органның немесе түлғаның бағалауы. Енді бүл кезеңцерге жеке - жеке тоқталып өтейік.

Сот сараптамасын тағайындаумен байланысты сүрақ өте әр -алуан және әр жобалы, өйткені ол нақты жағдайларға байланысты болады (сараптаманың түрі мен күрделігіне зерттелетін объектілердің қасиетіне). Ең алдымен тергеушінің бүл кезендегі қызметінің қағидаларын негізгі тактикалық ережелерін қарастырып, кейін кейбір ситуациялық ережелерді қарастыруымыз керек. Мұндай бағыт криминалистиканың жүйелілік қағидасына сәйкес келеді. А.Я. Гинзбург өз еңбегінде А.И.Винбергтің пікірін қостап былай дейді:" жүйеленген қағида жоқ жерде теорияда жоқ". Осындай жүйеленген қағида ретінде криминалистік трансформация қағидасын айтуға болады. Криминалистика өзінің алдында түрған міндеттерді тек қоғамдық, техникалық, жаратылыс ғылымдарының қазіргі кездегі жетістіктерін кең түрде қолдану арқылы ғана шеше алады .

Практикада тергеуші криминалистік тактика білімдерін жиі қолданғанда, ол өзінің қызметін белгілі бір қағидаларға сүйену арқылы жүзеге асырады. Бұл қағидалар төмендегідей:

  • сараптама тағайындау туралы шешімді қабылдаудың негізділігі, бағыттылығы жөне өз уақыттылығы;

  • тергеуші өрекеттерінің логикалық кезектілігі;

  • сарапшыға үсынылатын бастапқы ақпараттардың толықтығын, объективтілігін және ақиқаттығын қамтамасыз ету;

Сараптаманы тағайындауды криминалистік тактика ережелерін ескере отырып қарастыруымыз керек. Оған тергеушінің әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау және оларды жүзеге асыру әдістері жатады. Әрине, бүл аталған ережелер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына негізделеді.

Сараптаманы тағайындау заңмен белгіленген негіздермен шарттарды сақтай отырып жүргізілетін тергеу әрекеті.

Сараптама тағайындаудың барлық кезеңі екі бөлімнен түрады.Олар:

  • дайындық кезеңі;

  • сараптаманы тапсыру кезеңі.

Өз алдына дайындық кезеңі келесі элементтерден түрады:

  • сараптаманы тағайындау туралы шешімді қабылдау;

  • өз әрекетін жоспарлау;

  • сот сараптамасының түрін белгілеу;

  • сарапшыға қоятын сүрақтарды әзірлеу;

  • сараптаманы жүргізетін органды немесе түлғаны тандау;

  • сараптамалық зерттеу жүргізу үшін сарапшыны бастапқы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Сараптаманы тагайындау туралы шешім қабылдау. Сараптаманы тағайындау қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген негіздерді, шарттарды және тәртіптерді негізге ала отырып жүргізілетін тергеу әрекеті болып табылады. Егер тергеуші қылмыстық іс материалдарын қарай отырып іске маңызы бар фактілерді анықтау үшін арнайы ғылыми білімдерді қолдану қажет деп тапса, онда ол сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдайды

Сараптаманы тағайындау туралы шешімді қабылдау өз уақтылы болу керек, яғни тергеу үшін қажетті не ыңғайлы кезде жүргізілуі. Бүл оның тағайындауды тездетумен ортақ емес, ол тергеушіден қуатты, біліктілік әрекеттерді талап етеді.

Тергеу және сот практикасына талдау жасағанда сараптаманы өз уақтылы тағайындамау оны тергеудің соңғы кездерінде

тағайындауы, кей жағдайларда іс жүрпзушілік мерзімдердің бүзылудың себептерінің біріне жатады. Тергеуші сараптаманы тағайындау кезін таңдағанда осы сараптамалық зерттеудің нәтижелерінде алуға болатын дәлелдемелік ақпараттың сипаты мен көлемін нақты түсінудің маңызы зор.

Тергеушінің сараптаманы тагайындауга байланысты өз әрекеттерін жоспарлауы. Кез келген тергеу әрекетін жоспарлау сияқты сараптаманы тағайындауды жоспарлау, оны тағайындау кезіндегі тергеушінің әрекетін және жұмысының логикалық кезектілігін, жеделдігін, сапалылығын, толықтығын қамтамасыз етеді. Жоспарлау деп тергеушінің қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы айқындап алып, осы сүрақтарды нақтылы қандай тергеу өрекеттерінің жедел іздестіру және басқа да үйымдастырушылық жүмыстарды жүргізу арқылы шешуге болатындығын анықтап белгілеуі.

Жоспарға кіретін шаралардың тізімі келесідей:

  • сарапшының қарауына жіберілетін материалдарды анықтау;

  • зерттелетін объектілер мен салыстырмалы үлгілерді алу тәртібі және мерзімі;

  • сарапшының нәтижелі жүмыс істеуіне қажетті жағдай жасау шаралары;

  • ұсынылған материалдардың толықтылығын қосымша сүрақтар қоюмен, осы сұрақтар бойынша сарапшыдан кеңес алу;

  • сараптаманы тағайындау және жүргізуге қылмыстық іс жүргізудің мүдделі қатысушыларының құқықтарын қамтамасыз ету.

Сот сараптамасының түрін анықтау. Тергеуші үшін сот сараптамасының түрлерін топтастыруда дүрыс бағыт алуы практикалық және теориялық түрғыда өте маңызды. Өйткені тағайындалатын сараптаманың түрін дүрыс анықтау, оны тағайындау және жүргізу төртібін қатаң процессуалды бүзылуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ сот сараптамасының түрін дүрыс топтастыра білуі тергеудің маңызды міндеттерін шешуде оның ішінде сарапшыға сүрақ қою, сараптаманы жүргізетін мекемені немесе сарапшыны таңдау, сарапшылардың қүрамын анықтауда маңызы зор.

Сарапшыга қойылатын сұрақтарды әзірлеу. Сарапшыға қойылатын сүрақтарды әзірлеудің мақсаты сараптамалық зерттеу жүргізу арқылы тергеліп отырған қылмыстық істің маңызды мән-жайларын анықтау. Сарапшыға қойылатын сүрақтардың толықтығы, мақсаттылығы, бағыттылығы және дүрыстығы тергеушінің жоғары білімімен кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Бүл сүрақтар келесі талаптарға сөйкес келуі керек:

1. Сарапшыға қойылатын сүрақтар оның арнайы ғылыми білімінің көлемінен шықпауы жөне қүқықтық сипаттағы сүрақтар болмауы керек. Бірақ қүқықтық сипаттағы сүрақтар қою мәселесіне байланысты қазіргі кезде көптеген пікір таластар бар. Егер бұрын сарапшының шешуіне құқықтық сипаттағы сұрақтарды қоюға жол берілмегені туралы айтылса, ал қазіргі кезде бұл құқықтық сұрақтар нақтылануды қажет етеді.

Қазіргі жағдайда құқықтық реформалардың нәтижесінде көптеген заңнамалардың, нормативті қүқықтық актілердің кәлемі, нысаны мен мазмүнының өзгеруіне байланысты қүқықтың әр-түрлі салаларына жататын көптеген сүрақтар пайда болды. Бұл әдетте қаржы құқығы саласындағы, техникалық немесе басқада арнайы ережелер жатады. Оның үстіне істі тергегенде қүқық және экономика, не қүқық және экология сәйкесіндегі шекаралас сүрақтарды шешу қажеттілігі туындағанда сараптама тағайындалуы мүмкін бе деген күдік туындануы қажет.

2. Сұрақтарды әзірлегенде олар анық, нақты және қысқа болуы керек. Бұл талап екі мағналылықтың болмауын және сараптамалық зерттеу арқылы анықталуға жататын мән-жайды анық көрсетуін айқындайды.

3. Сүрақтарды логикалық кезекпен қою. Ең алдымен басты сүрақтар қойылады да, бұл сұрақтардың нәтижесі келесі сұрақтардың шешілуіне тікелей тәуелді.

  1. Сұрақтардың тізімінің толық болуы сарапшының қорытындысының толықтылығына тікелей байланысты.

  2. Сарапшыға сұрақтар қойғанда қазіргі кездегі сот сараптамасының жетістіктерін ескере отырып қою керек. Оның үстіне 2 шартты сақтау қажет:

- сұрақтарды шешу үшін арнайы білімдерді қолданудың кажеттілігі;

- тек қылмыстық істі жүргізуші түлғаларға жауап бере алатын сұрақтардың көлемін нақты анықтау қажет.

Тергеуші сот сараптамасын тағайындау барысында көздейтін мақсаты және шарттарды, сондай-ақ оларға жетуге мүмкіндік беретін сараптаманың қазіргі кездегі мүмкіншіліктерін нақты көз алдына елестете білуі керек.

Сондықтан сарапшыға сұрақтарды қою қылмыстық істің маңызды мән-жайларын сараптамалық зерттеу арқылы анықтауды және оларды дәлелдеме ретінде пайдалануды көздейді.

Сараптаманы жүргізетін органды немесе тұлганы таңдау. Сот сараптамасын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сот сараптама органдарының жүйесі құрылған.

Сот сараптамасы органдарының толық тізімі ҚР 1997ж. 12 қарашада қабылданған "Сот сараптамасы туралы" Заңының 4 бабында көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

  • ҚР Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы мен оның аумақтық бөлімшелері:

  • ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің Сот медицинасы орталығы мен оның аумақтық болімшелері;

  • ҚР Заңдарымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бөлімшелерінен басқа функциясына ҚР Заңдарына сәйкес сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелері енетін сот сараптамасы мемлекеттік органдардың жүйесі.

Бірақ, соңғы көрсетілген мемлекеттік органдар Заңда нақты анықталмаған. Сондықтан, тергеу жөне сот практикасында, әрі ҚР ҚІЖК 246 бабына сүйенетін болсақ сот сараптамасын жүргізуге ғылыми-зерттеу институттарының әртүрлі ведомствалар мен жоғары оқу орындарының лабараторияларының, бөлімшелерінің мамандарын тартуға болатындығына көз жеткіземіз.

Сот сараптама жүйелерінің қатарына жеке сарапшыларды да жатқызуға болады.

Тәжірбие көрсеткендей көптеген сот сараптамасы мемлекеттік сот сараптамасы органдарында жүргізіледі, өйткені сараптаманы бүл органдарда жүргізу келесі жағдайлармен кепілденеді:

-тиісті қүрал-жабдыктардың болуы, яғни кей жағдайларда оларсыз зерттеуді жоғары денгейде жүргізу мүмкіндігінің болмауы;

  • сараптама кадрлерін дайындаудың үйымдастырылғаны және зерттеулерді сапалы жүргізуге бақылаудың болуы;

  • кешенді және комиссиялық сараптамаларды жүргізудің ыңғайлы мүмкіншілігімен;

  • қолда бар ғылыми әдістемелерді жетілдіруді және олардың жаңа түрлерін қалыптастыруды қамтамасыз етумен;

Тергеуші сарапшыны өзі тағайындайтын болса ең алдымен оны бас тартуға негіз болатын процессуалдық сипаттағы кедергілердің жоқтығына көзін жеткізуі керек. Мемлекеттік сот сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сарапшының тағайындамастан бүрын бір қатар талаптарға жауап бере ме екендігі мәселесін шешеді. Тергеуші сарапшының қүзреттілігін, яғни тиісті ғылым саласындағы білімді меңгеруі; объективтілігі, яғни бүл іске мүддесінің болмауы; дербестігі, яғни басқада процесс қатысушыларынан тәуелсіз болуы, эмоционалды түрақтылығы, қылмыстық оқиғаның не салдардан туындайтын сезімді жоя білуі, жүргізілетін зерттеудің түрімен анықталатын басқада кәсіби қасиеттерінің болуын жөне тиісті лицензиясы болуын, аттестациядан өткендігін тексереді. Өйткені жеке сарапшының қызметі Қазақстан Республикасы Сот сараптамасы туралы Заңына сәйкес сарапшы қызметі лицензияланумен жүзеге асырумен.

Сараптамалық зерттеу ушін сарапшыны бастапқы ақпаратпен қамтамасыз ету. Тергеушінің бастапқы ақпаратты дайындауы маңызды, жауапкершілікті кезең, өйткені сараптамалық зерттеудің сапалығымен, сараптамалық қорытындының дұрыстығымен тікелей байланысты.

Сот сараптамасын жүргізгендегі бастапқы ақпарат деп сарапшының зерттеудің міндеттерінде бағыт беретін оның әдістемелерін анықтайтын, қажетті қүралдар мен әдістерді таңдауды жүзеге асыруға көмектесетін мөліметтер.

Тергеуші бастапқы ақпаратты дайындауда оның екі түрлі қайнар көзде болатындығын ескеруі қажет. Олар процессуалдық және процессуалдық емес бастапқы ақпараттар.

Бастапқы ақпараттың процессуалды қайнар көздері:

  • сараптама тағайындау туралы тергеушінің қаулысы;

  • тергеу әрекеттерінің хаттамасы;

  • заттай дәлелдер;

  • заңмен көзделген тәртіппен алған және салыстырмалы зерттеу үшін алынған үлгілер;

  • алдыңғы сараптаманың қортындылары; -кино-, фото-, фоно-, бейне (видео) қүжаттар;

  • жазбаша қүжаттар;

Бастапқы ақпараттың процессуалдық емес қайнар көздері:

  • эталондар, стандарттар, типтік үлгілер;

  • ресми анықтамалық басылымдар;

  • коллекция заттары;

  • оқу-тіркемелік массивтер;

  • ғылыми, оқу-әдістемелік және басқа да арнайы әдебиеттері. Әдебиеттерде бастапқы ақпараттарға бірқатар талаптар қойылған. Бұл талаптар сараптаманың нақты түрімен анықталады. Сондай-ақ бастапқы ақпараттарға қойылатын жалпы талаптар бар. Олар:

- бастапқы ақпараттардың қатыстылығы - нақты қылмыстық іспен байланысты болуы, яғни бастапқы ақпараттардың жеткіліктілігі.

Бұл бастапқы ақпараттардың қайнар көзі, оны алу әдістері мен тәсілдері Заңға сәйкес болуы;

- бастапқы ақпараттардың ақиқаттығы қылмыстық істің фактілі мән-жайларына сәйкес келуі, оның пайда болуының, алу жолының ақиқаттығы;

- бастапқы ақпараттардың репрезентативтілігі оның барлық компоненттерінің жиынтығы сараптамалық зерттеудің толықтылық және жеткіліктілік деңгейін қамтамасыз етеді.

Сараптама жүргізуді тапсыру кезеңі екі элементтен түрады:

1. Процессуалдық сипатта немесе сараптама тағайындау туралы қаулыны шығару;

2.Тактикалық сипатта немесе сарапшыға не сот сараптамасы мекемесінің басқарушысына бастапқы ақпаратты жіберу.

Бірінші элементі сот сараптаманы тағайындау туралы қаулыны шығарумен аяқталады. Тергеуші Қазақстан Республикасының КІЖК баптарының талаптарын сақтай отырып қаулы шығарады.

Екінші элемент тергеуші бастапқы ақпаратты жіберген кезде барлық материалдардың жеткіліктілігі мен ақиқаттығына кепілдік беруге міндетті. Оның үстіне келесі мәселелерге жол бермеуі керек:

- іс материалдарындағы объектілерге қатысты екі мағыналы оқу; -заттай дәлелдерді, жазбаша және басқада қүжаттарды жинағанда, алғанда, бекіткенде процессуалды қателіктерді жібермеу;

  • дәлелдемелерді қолдану, сақтауға байланысты криминалистік түсініктемелерді сақтамау;

  • объектілерді қасақана немесе абайсыз ауыстыруға.

Әрине, сараптама жүргізу үшін материалдарды жіберу бір қатар мөн-жайларға байланысты. Тәжірбиеде материалдарды тергеуші өзі жеке апарады немесе пошта арқылы жіберуі мүмкін.

Сарапшыға міндет жүктелгеннен кейін ол белгілі бір қүқықтарға ие болып оны тағайындаған түлғадан тәуелсіз болады.

Сот сараптамасын жүргізу барысында тергеуші мен сарапшы арасында қарым-қатынас болуы мүмкін жөне оның негізінде тергеуші мен сарапшының алдында түрған міндеттерді шешу мүмкіншілігін кеңейтеді. Тергеуші өз уақтылы қосымша материалдарды үсыну қажеттілігін, жаңа дәлелдемелерді жинау қажеттілігін анықтайды және сарапшының қортындысын бағалауға керекті ақпараттар алады.