- •Мазмұны
- •1 Сараптамалық ілімдер мен мекемелердің қалыптасу тарихы
- •2 Сот сараптамасының мәні және тағайындалған сараптама материалдарының өтуі
- •2.1 Сот сараптамасының мәні, сараптама объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейлері
- •2.2 Тағайындалған сараптама материалдарының өтуі
- •2.3 Сараптама нәтижелерін бағалау
- •3 Сот сараптамасын жүргізуде компьютер технологияларын қолдану
3 Сот сараптамасын жүргізуде компьютер технологияларын қолдану
Қылмыстылықтың тез өсуі және оның жағымсыз сапалы өзгеруімен сипатталатын қазіргі кездегі жағдайда тергеушінің, анықтаушының, сот жүмысының жеделдігі мен икемділігінің тезірек жоғарлауына қатаң талап қойылады. Сот сараптама қызметінде компьютерлік технологяларды қолдану практикасы көрсеткендей елеулі проблемаларды шешу үшін түтастай бағыттың болмауы ақпараттық, әдістемелік және бағдарламалық қатынастарда бір-бірімен байланысты емес жүйені қалыптастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Ал мүның барлығы сот сараптама қызметінде компьютерлік технологияларды қолданудың икемділігін елеулі түрде төмендетеді.
Сот сараптама қызметтерді автоматизациялау саласында ғылыми және практикалық саланың болуына қарамастан кешенді мәселелер ашық қалды. Ол мәселелер мыналар:
сот сараптама қызметті ақпараттық қамтамасыз ету процесінің теориялық негізін қалыптастыру;
сот сарапшының автоматизацияланған жүмыс орнын қүру;
автоматизацияланған жүйені түтастай бір-бірімен байланысты жүйелерге қосу;
қазіргі кездегі компьютерлік технологияларды қолдану негізінде сараптамалық мекемелер мен автоматизацияланған жүмыс орындар арасында компьютерлік байланыстарын қүру.
Көптеген ғалым-криминалистер Р.С.Белкин., А.Р.Гинзбург, А.Р.Шляхов, Г.Эисман, С.Ф.Бычкова, К.Н. Шакиров және басқада ғалымдар сот сараптамасын автоматизациялаудың теориялық және практикалық проблемаларын шешуге, сондай-ақ құқықтық кибернетиканың дамуына өз үлестерін қосқан. Бұл ғалымдардың түсініктемелері сот сараптамасын автоматизациялауда елеулі болды және нәтижелі қолданыс тапты. Бірақ, сот сараптама қызметін әрі қарай автоматизациялау бірқатар кешенді мәселелерді шешуді қажет етеді. Ал бұл мөселелерді шешу әртүрлі ақпараттық қорды қалыптастыруға байланысты әдістемелік түсініктемелер саласында қарастырылады.
Сонымен қатар, сот сараптамасын математизациялау мен кибернетизациялау күрделі поцесс екендігіне назар аудару керек. Өйткені, ол күрделі процесс ретінде заң және жаратылыс-техника білімдерін жай ғана интеграциялауға әкеліп қана қоймай, сондай-ақ бұл мәселелерді методологиялық деңгейде ойлануды қажет етеді. Ал ол үшін сот сараптамасы теориясы мен практикасына терең анализ, талдау жасау керек.
Қазіргі кезде сот сараптамасы саласында идентификациялық және классификациялық міндеттерді шешкен кезде математикалық және есептеу техника құралдарының әдістерін қолдану тәжірбиесінің мол қоры жиналған. Бұл тәжірбиелер бүгінгі күні кейбір талдаулар жасауға және математика мен кибернетика әдістері мен тәсілдерін перспективті қолдану арқылы шешуге болатын типті міндеттерін бөліп шығаруға мүмкіндік береді.
Бірақ, қазіргі кезде сот сараптамасы саласында математикалық моделдеу, кибернетика және жаңа компьютерлік техникалық құралдардың әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселесінің жағдайын бағалай келе олардың практикаға енуі бірнеше себептерге байланысты баяу жүреді. Бұл себептер келесідей:
- қазіргі уақытта объектінің субстанционалды белгілері сандық деңгейде емес, сапалық деңгейде өлшенетін сараптамалық зерттеулердің басым болуы;
- математикалық кибернетиканың өдістері мен тәсілдерін сот сараптамасының жалпы методологиясының қүрамдас бөлігі болған жоқ. Мұның өзі сот сараптамасының қортындысының ақпараттығы мен нақтылығының жоғарлау мәселелерін шешу мүмкіншілігін елеулі түрде бағаламауға әкелді.
Ю.Н. Дятловтың айтуы бойынша, сот сарапшысының зерттеу жүргізуде есептеу техника құралдарын қолданудың ешқандай процессуалдық шектеулері болмайды.Компьютердің корытындысы әрқашан адамның өзінің қортындысы болып табылады және оның арнайы білімі, алдын ала жұмысы, мұның ақиаттығына кепіл болады. Компьютер көмегімен алынған ақпарат сарапшының ішкі сенімінің қалыптасуына негіз болады, бірақ оны ауыстырмайды да, алдын-ала анықтамайды да.
Компьютерлік техникаларды қолдану арқылы алынған сараптамалық зерттеу қорытындысын дәлелдеме ретінде санау туралы мәселеге практикада көзқарастар әр түрлі. Өйткені сарапшы барлық жағдайда ақпаратты машиналық өндеудің мәнімен таныс деп айтуға болмайды. Мысал ретінде К.Н. Шакировтің пікірі бойынша сот сарапшысы заттай дәлелдемелерді зерттеу мақсатында компьютер технологияларын қолданбастан бүрын, сарапшы компьютердің "зерттеушілік" қызметінің механизмін анықтап, зерттеуде қандай тәсілдер қолданылады және оның шешімі қандай белгілерге негізделгенін түсінуі керек. Бүл мән-жайды сарапшы өз қорытындысын тергеуші мен сотқа түсінікті болатындай жасау мүмкін емес. Әрине К.Н.Шакиров өз пікірінде компьютерді сараптамалық зерттеуде қолданудың ерекшелігін атап көрсеткен жеке криминалистердің қорытындыларына сүйенеді. Л.Е. Ароцкердің пікіріне қосыла отырып К.Н. Шакиров компьютер арқылы жүзеге асатын кибернетикалық әдістер негізді жөне түсінікті болу керек деген қорытындыға келеді. Сарапшы тек компьютердің жүмыс режимін біліп қоймай, сондай-ақ оның нәтижесін бағалай білуі керек. Бүл шартты сақтамай сараптаманы жүргізуде компьютерді қолдануға негіз жоқ болады
Л.Е. Ароцкердің көзқарасын жеке криминалистер қабылдаған жоқ. А.И. Винбергтің айтуы бойынша кибернетика әдісі компьютер қызметінің механизмін жөне оның белгілерін толық меңгермей сарапшы дүрыс қорытындыға келеді, өйткені практикалық қызметтің және ғылымның басқа да салаларында бұл әдіс кең түрде қолданылады, оның дұрыстығы күдікке үшырамаған
А.И.Винбергтің көзқарасын В.И.Гончаренко қолдап келесі түжырымға келеді: "Сарапшы барлық жағдайда зерттейтін қүбылыстың механизмін нақты міндеттерді шешумен байланысты компьютерлік операциялардың барлығын біле бермейді. Сондай-ақ, әр мамандықтағы сарапшыдан компьютер жасайтын операциялардың барлығын білуді талап етуге болмайды".
Л.Е.Ароцкердің пікірін В.Д.Арсеньевте қолдамады және оның айтуынша компьютердің жүмысының механизмін барлық тетігін сарапшының білмеуін ескере отырып, компьютерді қолдану арқылы жүргізген зерттеудің қорытындысының дүрыстығына күмән келтіруге болмайды, өйткені сарапшының зерттеп отырған қүбылысты және оны анықтау механизмін білмеу сараптаманы басқада қүрал жабдықтарды қолдану арқылы жүргізуде орын алуы мүмкін. Түтастай алғанда сарапшының қызметінде компьютердің ішкі қүрылымының қызмет ету механизмін білмей оны қолдануға болады деген көзқарастарға қосыла отырып К.Н.Шакиров, сонымен қатар Ароцкер Л.Е. ұсынған ұсыныстардың жағымды жақтарына тоқталып өту керек дейді.
Біріншіден Л.Е.Ароцкердің пікірі сарапшы тәжірибесіне автоматизациялау идеясын ойланбай кіргізудің мүмкін болатын салдарын айту ұмтылысына негізделген.
Тәжірбие көрсеткендей сараптамаға автоматизацияланған әдістемелер құру және қолдану сарапшының арнайы білімінің сапалы жақтарын қайта қарау қажеттілігіне әкеледі. Егер сарапшы бұрын тек қандайда бір бағдарламаларды қолданушы ретінде болса, ал қазір персоналды компьютерлерді енгізу, сарапшының дербес сараптамалық міндеттерді шешудің автоматизацияланған әдістерін құрумен байланысты жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік берді. Сараптамалық зерттеулерді автоматизациялау қазіргі кезде әрбір сарапшының ғылым зерттеу жұмысының жобасының құрамдас бөлігі. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін компьютерлік техника саласы сарапшыларды арнайы дайындау туралы сұрақты қойды. Осы себеппен сараптамалық зерттеу тәжірбиесіне компьютерлерді енгізу сарапшының арнайы білімін кибернетикалық әдістемелер саласындағы білімдермен толықтыруға мүмкіндік береді. Осыдан сарапшыны дайындау деңгейіне ерекше талап қойылған, яғни сарапшы тек өзінің мамандығы бойынша біліммен шектелмеуі керек.
Сонымен қатар, мұндай көзқарас тергеуді жүргізгенде сарапшының кибернетикалық жүйеге біртіндеп ауыстыру мүмкіншілігімен байланысты мәселені тудырды.
Мысалы, Р.С.Белкиннің айтуы бойынша "сараптамалық зерттеуде сарапшыға қарағанда компьютердің жылдам және тез орындайтындығын ескере отырып сараптамалық қызметті толық кибернетикалық моделдеуге жөне автоматизациялауға ешқандай кедергі жоқ" дейді. Сараптаманың кейбір түрлерін жүргіуді автоматизациялаудың даму кезеңінде бастапқы ақпараттарды кодталған алынған нәтижелерді бағалауға дейінгі аралық толық автоматизацияланады және оның дүрыстығы күдік тудырмайды деген болжам жасайды
Р.С.Белкиннің пікірін Н.С.Полевой сынға алып, оның ойынша криминалистика міндеттерін шешкенде компьютердің сарапшыға қарағанда тез, объективті, нақты жүзеге асыратын элементтер мен белгілі бір операциялар шынымен бар. Бір сондай-ақ тек сарапшы жүзеге асыратын міндеттер де бар.
Бүл міндеттер алған нәтижені бағалаумен байланысты. Осы операциялар кез келген криминалистік оның ішінде сараптамалық міндеттерді шешудің бөлінбейтін қүрылымдық элементі болып табылады
Тергеу немесе сот практикасында автоматизация қүралдарын қолданудың үсынылған нүсқасы, сараптамалық мекемелерде жиналған ғылыми және техникалық потенциалды жүзеге асуды көздейді. Бірақ та алдыңғы уақытта қүқық қорғау органдарының практикасына компъютерлік техникалардың қазіргі кездегі жетістіктерін қалыптастыру мен енгізуге байланысты ведомствоаралық әдістемелік орталықты қүру мүмкіншілігін жоққа шығармауымыз керек. Бүндай орталықты қүру қылмыстылыққа қарсы күресудің практикасының қажеттіліктеріне жауап беріп, қылмысты алдын алуға, тергеуге және ашуға байланысты міндеттерді шешу үшін жағдай жасайды. Сараптамаға автоматизация қүралдарын енгізу саласында сот сараптамасы институтының дамуына қатысты ғылымдардың сарапшы - заңды түлға сияқты процессуалды фигураны енгізу туралы үсыныстарын айта кеткен жөн.
Мұндай ұсынысты ең алғаш А.И.Винберг ұсынып, оны екі елеулі аргументпен негіздеді.
Біріншіден, қазіргі кезде сараптама мекемелері сапалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді.
Екіншіден, сараптаманы жүргізу практикасымен қылмыстық іс жүргізу зандары арасындағы қарама қайшылыққа назар аудару керек. Өйткені занда сараптама мекемелерінің рөлі нақты анықталмаған. Мұның барлығы сарапшы - занды түлға институтын қалыптастыру қажеттілігін қозғауға негіз болды.
Арнайы әдебиеттерде бұл мәселеге қарама - қайшы көзқарастар бар. В.М.Галкиннің айтуы бойынша: сараптама субъектісі жеке тұлға және сараптама жеке жүргізумен байланысты ескертпе, оны жүргізуді заңды тұлғаларға немесе ұжымға жүктеудің дұрыс еместігін айтуға бағытталған, өйткені сарапшы сараптаманы жүргізу және оның нәтижесі үшін өзі жеке жауапкершілікке тартылады
Мұндай көзқарасты ескере отырып А.И.Винбергтің айтуы бойынша сараптама мекемесінде жеке сарапшының дербестігінің түсінігі көрінбейді де, ұжымдық шығармашылықпен ауыстырылады және мемлекеттік мекеменің заңды түлға ретіндегі өзінің кәсіби кадрлары, объектілерді зерттеудің қазіргі кездегі ғылыми әдістемесі, қорытындының сапалығын қадағалау сарапшының жұмысы саласында комиссиялық кешенді ғылыми еңбекті ұйымдастыру үшін жауап берумен ауысады.
Бұл мәселеге байланысты А.И.Винбергтің көзқарасының дұрыстығын жаңа технологиялардың әсерімен сот сараптамасының дамуына жасаған талдау куәләндіреді. Әдетте, бұл сараптамалық зерттеудің автоматизацияланған өдістемелерін енгізу бүгінгі күні бағдарламалық кешенді қолданушы ретінде сарапшыны басқа маманмен ауыстыруға байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайларда заңды тұлға ретінде сараптама мекемесінің өз атынан қорытындыны беру мүмкіншілігі толық өзін ақтайды және заңнамада процессуалдық реттеуді талап етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Құқықтық мемлекетті құру жағдайында ең басты проблемалардың бірі болып алдын ала тергеу өндірісі кезінде заңдылықты нығайту болып табылады. Әрбір тергеу әрекеті, соның ішінде сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген ережелерді қатаң сақтауға негізделуі тиіс. Сондықтан, сот сараптамасының процессуалдық мәселелерін зерттеу барысында заңдылықты сақтауға байланысты келесідей қорытындыға келуге болады.
Сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу негізінің анықтамасына қатысты менің пікірім заңи әдебиеттерде кездесетін сараптаманы тағайындау және жүргізу негізін фактілік және заңдық деп топтастырумен сәйкес келеді және толық келісемін, өйткені кез-келген тергеу әрекетін тағайындау мен жүргізудің фактілік және заңдық негізі бар. Егер де, сот сараптамасын тергеу әрекеттерінің бір түріне жатқызатын болсақ, онда кез-келген тергеу әрекетін тағайындау мен жүргізудің фактілік негізі арнайы ғылыми білімді қолдану арқылы зерттеуді талап ететін қылмыстық іс материалдары болуымен сипатталады және сол арқылы тергеліп жаткан қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтаймыз. Бұл іс бойынша өз алдына дәлелдеме болып табылады. Ал, тергеу әрекетін тағайындау мен жүргізудің заңдық негізі болып тергеушінің немесе соттың шығарған қаулылары болып табылады.
Курстык жұмысында қылмыстық іс жүргізудегі сот сораптамасын тағайындау арқылы арнайы білімдердің қылмыстарды тергеуде қолданылуы жан-жақты қарастырылды. Сот сараптамасының ғылыми түсініктемесіне байланысты, оның арнайы білімдерді қолданудың бір нысаны екендігіне байланысты қалыптасқан іс жүргізу және криминалистика саласындағы Е.Ғ.Жәкішев, А.Ф. Аубакиров, С.Ф.Бычкова, В.Н.Мохов, М.С.Строгович, Ю.К.Орлов, С.П.Вареникова сияқты ғалымдардың айтқан пікірлері мен қөзқарастарын қолдай отырып, сот сараптамасын тергеу немесе сот тергеуін жүргізуде нақты бір мән-жайларды шешу немесе нақты бір фактінің ақиқатқа жататындығын тексеру мақсатында арнайы бір саладағы ғылыми нысандағы білімдерді қолдану қажет болғанда заңда көрсетілген тұлғалармен тағайындалатын баршаға белгілі емес арнайы ғылыми білімдерге ие субъектілер жүргізетін тергеу әрекеті деп көрсетіп кетер едім.
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізумен байланысты қазіргі күндегі іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын заңдық тәжірибеде қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы іс жүргізушілік нормаларының бұзылып отыруына байланысты. Бұл көбінесе сезікті мен айыпталушының сот сараптамасын тағайындау мен жүргізуге байланысты іс жүргізушілік әрекеттермен өз уақытында хабардар болмауынан немесе іс жүргізушілік құжаттармен таныспауынан, тергеуші немесе соттың сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу мерзімін дұрыс сақтамау салдарынан істегі дәлелдемелік маңызы бар айғақтық заттардың жойылуынан және нәтижесінде тергеліп жатқан қылмыстық істің ашылмауынан көрінеді және апелляциялық, қадағалау тәртібімен күшін жойып жатқан сот үкімдерінен де көрініс табады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің кейбір нормаларын, айта кетсек 69-шы бабына, 75-ші бабының 6- тармағына сәйкес жәбірленуші мен айыпталушының сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысымен танысу құқығын арнайы көздеу керек және міндетті сипатқа жатқызу керек. Сонымен қатар, әлі сезікті ретінде танылмаған тұлғаға қатысты сот сараптамасын тағайындау мәселесін, яғни қылмыстық іске қатысушы қандай тұлғаға қатысты тағайындалатынын анықтайтын норма енгізу керек. Тағы да бір мәселе, бұл сот сараптамасын сот сараптамасы органынан тыс жүргізгенде қандай субьектінің тағайындауымен, яғни тергеушінің қаулысымен бе, әлде жеке тәртіпте келісуші екі тараптың келісімімен тағайындалатынын анықтайтын норма енгізу керек. Бұл айтылғандардан қылмыстық іс жүргізу заңнамасы ережелеріндегі қарама-қайшылықтардың аяқталмағаны туралы қорытынды жасауға болады.
Өзге дәлелдемелермен сараптама арнайы білімдерді қолдану арқылы іс бойынша шындыққа жету үшін, ал тергеу немесе іс жүргізушілік әрекеті ретінде сот сараптамасы іс үшін маңызы бар мән-жайларды алу үшін үлкен маңызға ие. Сот сараптамасының процессуалдық мәселелері қылмыстарды ашудың қазіргі мүмкіндіктері мен жетістіктерін терең түсіну үшін маңызды орын алу қажет. Ғылымның дамуына байланысты жаңадан қылмыстардың пайда болуына байланысты қылмыстық іс жүргізуде арнайы білімдерді қолданудың себептері мен тәсілдері де дами береді. Сондықтан, менің ойымша келешекте аталған жаңалықтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі мен «Сот сараптамасы туралы» заңында өз көрінісін тауып, сот сараптамасының іс жүргізушілік жағдайы заңдық сипатта шешілетініне күмән жоқ.
Генотоскопиялық зертеуді қорытындылай келе, генотипоскопиялық зерттеу жүргізудің қазіргі тандағы мүмкіндіктерінің келешегі орасан зор екендігін айтуға болады. Көп жағдайда иісті және салыстыруға жарамсыз болып қалған саусақ ізеріне және адам денесінен бөлінген басқа да тер майларына геномдық зерттеу жүргізуге болатынына практика енді көңіл аударып отыр.
Жеке түлғаны ңдентификациялаудың "генотипоскопиялық" әдісі тек қылмыстық істерді тергеу мен ашуда ғана емес, сонымен қатар бұл әдістің азаматтық істер бойынша да мүмкіндігі жоғары болып танылады. Мысалы, әкелікті анықтау істерінде молекулярлы-генетикалық сараптаманы тағайындау және оның қорытындысы арқылы іс бойынша маңызды болып саналатын сұрақтарға ықтималдылығы жоғары шешімдер алынады. Сондықтан да, қазіргі таңда "генотипоскопиялық" әдістің қолданылу ауқымын кеңейту құқық бүзушылықтардың алдын алуда және қылмыстарды ашуда маңызды орын алатындығы анық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық реферундумда қабылданған (07.10.1998ж. № 284-1 ҚР Заңымен енгізілген өзгерістері және толықтыруыларымен бірге) //Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996, №4.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1997 жылғы 13 желтоқсан //Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997, №23, 335 б.
Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңы. 1997 жылғы 12 қараша.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің 25 шілде 2006 жылғы №377 «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдарының автоматтандырылған бірыңғай дактилоскопиялық жүйесінің деректер базасын қалыптастыру" жөніндегі нұсқауларды бекіту туралы» Бұйрығы.
Қазақстан Республикасының 22 желтоқсан 2003 жылғы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» Заңы.
«Танылмаған мәйіттердің түлғасын анықтауда медициналық-криминалистік қамтамасыз етуді ұйымдастыру және генотипоскопия лабораториясын құру жөніндегі» ҚР ІІМ-нің 1994ж 1 сәуірдегі №393 бұйрығы.
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР:
Бычкова С.Ф. Судебная экспертиза: научные, организационно-правовые и методические основы. Учебное попсобие. - Алматы: "Жеті жарғы", 2002.
Эйсман А.А. Заключение эксперта. Структура и научное обоснование. –Москва, 1967.
Шиканов В.И. Использование специальных познаний при расследовании убийств. -Иркутск, 1976.
Надгорный Г.М. Соотношение специальных и и юрвдических знаний. -Киев, 1984.
Громович Г.И. Научно-технические средства: современное состояние, эффективность использования в раскрытии и расследовании преступлений. -Минск, 1989.
Шиканов В.И. Проблемы использования специальных познаний и научно-технических новшеств в уголовном процессе. -Иркутск, 1980.
Новый энциклопедический словарь. -Москва, 2000.
А.В Дулов. Вопросы теории судебной экспертизы в советском уголовном процессе. –Москва, 1959.
М.С. Строгович. Курс советского уголовного процесса. –Москва, 1976.
Орлов Ю.К. Заключение экспертов и его оценка по уголовным делам. -Москва, 1995.
С.Ф. Бычкова. Организация назначения и проведения судебной экспертизы. –Алматы, 1999.
Е.Г. Жәкішев. Сот сараптама мәселелері. //Фемида. Алматы, 1997. №11, 23 бет.
Жәкішев Е.Ғ. Криминалистік тактика. - Алматы, 1997.
Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. Т. 1. Москва, 1968.
С.Ф.Бычкова, Организация назначения и проведения судебной экспертизы. –Алматы, 2000.
Криминалистика. Под ред. С.Р. Белкина. – М.: 2001.
А.И. Винберг, НТ. Малаховская. Судебная экспертиза. Волгоград, 1979.
Т.В.Сахнова. Экспертиза в уголовном и гражданском процессе. –М., 2000.
С.Ф.Бычкова. Организация назначения и проведения судебной экспертизы. – Алматы, 1999.
