Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ctatistika_shpora_40.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
373 Кб
Скачать
☆

9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.

Статистикалық топтау әдісі деп қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешіліктеріне, түрлеріне үлгілеріне сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Топтастырудың негізгі сұрағы топтардың санын анықтау. Топтардың санын анықтау барысында Стердж формуласын қолданамыз:

n = 1+ 3,332*lgN

n = топтың саны

lgN = генералды жиынтықтың бірлігі.

Егер жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, жай топтау деп, ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса онда оны күрделі топтау деп атайды. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.

Топтау түрлері:

А) Жасалған мақсаттың мазмұнына қарай:

1. Типологиялық топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жинақталған әр түрлә бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауын айтады.

2. Құрылымдық топтау деп біртектес, бітрипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді айтамыз.

3. Аналитикалық топтау дегеніміз себептік блгілері қоғамдық құбылысытң өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсететін топтау. Сонымен қатар, жай және қиылыстырылған, бастапқы және екінші қайтара болуы мүмкін.

Б) Топтау негізі сандық белгілеріне қарай:

1. Жай (Егер жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса);

2. Күрделі (ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса);

2.1. комбинациялық

2.2. көп өлшемді топтау

В) Пайдаланған мәліметтерге қарай:

1. алғашқы топтау (жиналған бастапқы мәліметтер);

2. қайта топтау (алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштер жаңа топтарға өзгертуді айтады, алғашқы топтастырылған топтардың көрсеткіштері толық жауап берілмесе, заңдылығы көрсетілмесе);

2.1. деңгей аралығын қосу арқылы

2.2. топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін, бір жүйеге келтіру керекте, пайыз үлесі бойынша қайта топтау.

10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).

Топтастыру жинақтаудың ғылыми негізін құрайды. Бастапқы материал жинақ процесінде қайсы бір вариацияланатын белгілер бойынша топтарға бөлінеді.Статистикада топтастыру деп зерттелетін жиынтықты елеулі белгілер бойынша бөлікке бөлу аталады.

Жиынтықтың әрбір бірлігі бірқатар вариацияланатын белгілермен сипатталады.Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорын жиынтықтың бірлігі ретінде өнеркәсіптің белгіленген саласына жатады, сондай ақ өндірістің көлеміне немесе жұмыс істейтіндердің санына байланысты мөлшерімен, сондай ақ меншік нысанымен белгіленген аумақта орналасуымен және басқа да белгілермен ерекшеленеді.Өнеркәсіптік өндірістік қызметкерлер жынысымен,білімімен,мамандығымен,жұмыс өтілімен,біліктілігімен,еңбекақы мөлшерімен және басқа да белгілермен сипатталады.

Сапа мағынасын қабылдайтын белгілер(жыныс,білім,мамандық) атрибутивтік, ал саны вариацияланатын белгілер (жұмыс өтілі, еңбекақы) сандық деп аталады. Атрибутивтік белгілердің бір түріне балама белгілер жатады.

Егер атрибутивтік белгінің әр түрлі көп саны (мамандықтар,өнімнің түрлері), онда жиынтықтың бірліктерін топтарға негіздеп бөлу үшін номенклатуралар мен жіктемелер (классификация) қолданылады. Номенклатура деп жиынтықтың жекелеген түрлерінің жүйеге келтірілген толық тізбесі, жіктеме деп жиынтықтың жекелеген толық тізбесі ғана емес сонымен бірге жиынтық бірліктерінің топтары мен шағын топтары кіретін атрибутивтік белгі бойынша тұрақты іргелі топтастыру аталады. Жіктеу статистикалық стандарт ретінде қарастырылады.

Топтастыру негізделген белгілер топтастыру белгілері деп аталады. Олар экономикалық және әлеуметтік ұғымдар мен терминдерге сәйкестігі бойынша таңдап алынады және бұл орайда төмендегі ережелер басшылыққа алынады:

  1. Белгілерді жүргізілетін статистикалық жұмыстың мақсатына сәйкес таңдау қажет.

  2. Топтастыру белгілері жергілікті жер мен уақыттың нақты жағдайы ескеріліп таңдалады.

  3. Күрделі құбылыстар үшін топтастыру бір емес бірнеше топтастыру белгілері бойынша жамалады.

11. Статистикалық кестелер: түрлері, құрастыру ережелері.Статистикада мәліметті жеңіл, түсінікті көрсету үшін кесте және кескіндеме қолданылады. Статистикалық кесте деп – жинақталған және топтастырылған статистикалық мәліметтердің нәти-жесін реттелген түрде көрсетуді айтады.Кесте гори-зонтальды жолдарға және вертикалды бағаналарға бөлінеді. Статистикалық кестенің мазмұны оның эле-менттерін білдіреді. Статистикалық кестенің екі эле-менті болады: бастауышы және баяндауышы. Бастауыш дегеніміз - зерттелетін объекті (статисти-калық жиынтықтың бірліктері немесе олардың топ-тары), жолдарда орналасады.Баяндауыш дегеніміз – бастауышты сипаттайтын статистикалық көрсеткіш-тер, бағаналарда орналасады. Бастауыштың құра-мына байланысты кестелер жай, топтық және құрама болып бөлінеді.Бастауышта төмендегі белгі-лер жазылатын кесте жай кесте деп аталады: а) жиынтық бірліктерінің реттелген тізімі (тізімдік кесте);б) аумақтың, облыстың, ауданның және т.б. әкімшілік-аумақтық бірліктері (аумақтық кесте); в) әр түрлі мезгілдер (жыл, тоқсан) ,хронологиялық кезеңдер(хронологиялық кесте)Топтық кесте деп-

- кестенің бастауышында зерттелетін жиынтық бір белгі бойынша топтастырылатын кестені айтады. Кестенің бастауышында зерттелетін жиынтық екі немесе одан да көп белгі бойынша топтастырылса, оны құрама кесте деп атайды.Статистикалық кестені

құрастырудың өзіне тән мынадай талаптары бар: 1)Әрбір кестенің жалпы бас тақырыбы болуы керек. 2)Онда қысқа және нұсқа түрде зерттелетін объект; кестеде берілген көрсеткіштердің қай уақытта және қай жерден алынғаны; өлшем бірліктері (бір өлшемнің ғана аты берілген болса, онда бас тақырыптан кейін үтір арқылы, ал өлшем бірліктері әр түрлі болса кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсетеді) көрсетіледі.3) Кестенің бағана-лары мен жолдарының аттары болуы керек. Бағананы нөмірлеу: бастауыштың бағанасы (сол жақта) бас әріппен белгіленеді; баяндауыштың бағаналары (жолдары) араб сандарымен (1,2,және т.б.) нөмірленеді.4) Кестеде есептелінген мәліметтер бар болса, онда түсіндірме, ал ерекшелігі бар көрсеткіштер үшін қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.5) Әрбір жолдар мен бағаналар-дың қиылысында бір сан немесе оны алмастыратын белгі тұруы керек. 6) Кестенің жолдарында сандық немесе басқа да мәліметтер көрсетілмеген жағдайда, мынадай шартты белгілер қойылады: - “0,0 “ – көрсеткіштің мәні кестедегі деңгейден төмен дегенді білдіреді; - “. . . “ – мәлімет жоқ дегенді білдіреді; - “Х “ – мағынасы жоқ. 7)Кестеде тек жалпы қабылданған қысқарған сөздерді қолдануға болады. Кестенің қорытынды жолдары мен бағаналары болуы керек. Мағынасы болмаған жағдайда олардың қорытындысы есептелмейді. Кестедегі мәліметтерді оқуға және талдауға ыңғайлы болу үшін, бағаналар мен жолдардың санын 10-нан асырмау ұсынылады. Егер жұмыс барысында бір ғана кесте қолданылса, онда ол кесте нөмірленбейді. Ал экономикалық- статистикалық талдаудың нәтижесі бірнеше кесте арқылы берілсе, онда бас тақырыптан жоғары оң жақта рет нөмірі (№ белгісі қойылмай, сан түрінде) және «Кесте» сөзі жазылады. Кесте келесі бетке көшірілген жағдайда «Жалғасы бар» сөзінен кейін бағананың нөмірі қайталанады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]