- •3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
- •5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
- •6. Статистикалық бақылаутуралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
- •8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
- •9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
- •10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
- •12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
- •13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
- •14. Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
- •15. Дәрежелік орташа шамалар
- •16. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар
- •17. Хронологиялық және геометриялық орташа шамалар.
- •18. Құрылымдық орташа шамалар: мода, медиана, квартиль, дециль.
- •19.Динамика қатарлары туралы түсінік және олардың түрлері.
- •20. Динамика қатарларын дұрыс құрастырудың ережесі.
- •21.Динамикалық қатарлардың статистикалық көрсеткіштері
- •22. Динамикалық қатарды өңдеудің негізгі тәсілдері
- •24 Дисперсия: ұғым, түрлері, есептеу формулалары
- •30.Орташа және шекті ішінара қателерінің есептелу формулалары
13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
Жалпы топтық фактылер жиынтығын баяндайтын көрсеткіштерді статистика жалпылама көрсеткіштер дейді.оларды абсолютті, қатысты және орташа шама деп те атайды. Абсолюттік көрсеткіштер бастапқы ста-тистикалық материалды жинақтау нәтижесінде тікелей алынады. Осының негізінде абсолюттік көрсеткіштерді толықтыратын қатысты және орташа шамалар есептеле-ді. Ұғымы: Абсолюттік шамалар экономикада жұмыс істейтіндердің санын, өндірілген қосылған құнның ша-масын, сыртқы сауда айналымының көлемін және т.б сипаттайды. Статистикада талдап қорытылған көрсет-кіштер ретінде олар әр кезде жиынтық шама болып табылады. Жиынтық шаманы келесі бірнеше белгі бойынша жіктеуге болады: Түрлері: 1. Абсолюттік шаманың құрамындағы жиынтықтың сипаттамасының белгісі бойынша – жиынтық санының көрсеткіштері және белгі көлемінің көрсеткіштері. Мұның өзінде сол бір көрсеткіш бір жағдайда жиынтық санының көрсеткіші, ал екінші жағдайда – белгі көлемінің көрсеткіші, мысалы, кәсіпорындағы жұмысшылар санының көрсеткіші болуы мүмкін;2. даму процесі сипаттамасының белгісі бойынша – құбылыстың белгіленген сәттегі жай-күйін – мезеттік көрсеткіштер немесе процестердің белгіленген кезеңдегі нәтижелерін сипаттайтын – аралық көрсеткіштер.
3. Құбылыстың ауқымын білдіретін өлшем бірлігі бойынша – натуралды және құндылық көрсеткіштер;
Натуралды көрсеткіштер жай және құрамдас болуы мүмкін.
14. Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
Қатысты шама бұл- салыстырылатын екі статистикалық шаманың арақатынасының сандық шамасын беретін жинақтап қорытылған көрсеткіш. Қатысты шаманың бөлгіші негіз немесе салыстыру базасы деп аталады.
Қатыстық шамa= салыстырылатын шама / салыстырудың негізгі базасы
Қатысты шаманың өлшем бірліктері аттас шамаларды бір бірімен салыстырғанда, салыстыру негізі бірге тең болғанда оны коэффециент деп атайды. 100ге тең болғанда процент, 1000ға тең болғанда промиль, 10000ға тең болғанда продецимиль деп аталады.
Қатысты шаманың түрлері:
1) Динамикалық қ.ш. құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді. Бұл ретте өткен уақыт кезеңдерінің базистік деп аталатын мөлшері 100 немесе бір деп қабылданады. Олар өсу қарқыны деп, ал бірлікке немесе 100-ге шегеріліп – өсім қарқыны деп аталады.
Динамикалық шама= есепті кезеңдегі нақты мәліметтер / базалық кезеңдегі нақты мәліметтер
2) жоспарлық тапсырманың көрсеткіші көрсеткішті жоспарланған мәні мен оның өткен уақыттағы нақты мәнінің қатынасын білдіреді.
Жоспарлық тапсырманы беру= есепті кезеңдегі жоспар / базалық кезеңдегі жоспар
3) жоспарды орындаудың қатысты көрсеткіші көрсеткіштің нақты орындалған мәні мен жоспарланған мәнінің қатынасы арқылы есептеледі.
Жоспардың орындалуы = есепті кезеңдегі нақты мәліметтер/ есепті кезеңдегіжоспарлы мәліметтер
4) құрылымдық қатысты шама жалпы жиынтықтың жек бөліктерінің үлесін білдіреді.
Құрылымдық үлес салмағы = тұтастық бөлігі * 100 / тұтас
5) Координациялық қатысты шама деп бүтіннің құрамдас бөлшектерінің өзара өатынасы.
Координациялық қатысты шама= Жиынтықтың бір бөлігі / жиынтықтың басқа бөлігі
6) интенсивті қатысты шама аттас емес шамалардың қатынасы болып келеді.
7)салыстыру қатысты шама әр түрлі объектілерді немесе әр түрлі аймақтарға жататын аттас шамалардың қатысын білдіреді.
Салыстыру қатысты шама = бір мемлекеттің , облыстың , ауданның нақты мәліметі / басқа мемлекеттің ауданның нақты мәліметтері
