- •3) Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •9. Батыс Түрік қағанатының тарихы
- •10. Түргеш қағанатының тарихы.
- •13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті (vі-XII ғғ.).
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •21.Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •27.XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •29. Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
- •30. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •32.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •34.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37) Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •46.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені
- •47. 1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістері
- •49. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы
- •56 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •88.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды.1836 жылғы маусымның соңы мен шілде айының басында И. Тайманұлы бастаған шағын топ ханға халық талабын жеткізу үшін Тасобадан Жасқұсқа аттанады. Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген Жәңгір хан Астрахань әскери губернаторынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақсатында Исатайлардың талаптарын білу үшін оларға өзінің сенімді адамын жібереді. Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін қайтады.1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды.. Осылайша, И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделгөн азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. 1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкиннің ауылдарын шауып, хан ордасы - Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды. Хан ордасын қорғауға Астраханьнан подполковник Алиев, ал Орынбордан подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлер аттанады. Ал, 2000-нан астам қолмен хан ордасын қоршаған Исатай батыр біраз уақыт хан елшілерімен, кейін Гекенің елшілерімен нәтижесіз келіссөз жүргізеді. 1837 жылғы қараша айының соңында кең байтақ Қазақстанның шағын бөлшегі - Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысының жаңғырығы Ресей астанасы - Санкт-Петербургке де жетеді. Император И.Тайманұлы бастаған "бүлікшілерді" қатаң жазалауды талап етеді.Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да батырлардың "хан ордасын шабайық" деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі, орданы шапқан күннің өзінде де патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, өйткені, Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады. Егер 18-ғасырдың 80-90-жылдарында Сырым Датұлы басқарған көтеріліс кезінде Нұралы хандықтан қуылса да, Есім хан өлтірілсе де көтерілісшілердің өздерінің түпкі мақсатына жете алмағандығын ескерсек, Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік екендігін ерекше айтуымыз керек.Көтерілісшілер хан ордасын қоршаған кезде патша үкіметінің әскер жіберіп, Жәңгірді құтқаруға ұмтылуының өзі - Исатай батырдың шешімінің дұрыстығын байқатады. Ал, Исатайдың подполковник Гекемен келіссөз жүргізу себебі - күші басым Ресей әскерімен соғыспай, уақыт өткізіп, қыс түсе Жайық өзенінің шығыс бетіне, Кіші жүзге өтіп кетуді ойлағаны болу керек.Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан өкіметі мен сұлтандар, патша үкіметінің жақсы қаруланған, арнайы дайындықтан өткен әскерлері қарсы тұрды. Көтерілісшілер Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде К.Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыспен байланыс жасап үлгермеді. Көтерілісшілердің қарау-жарағы да мейлінше нашар болды. Нақты бағдарламаның болжамауы ұйымшылдықтың жетіспеуі де жеңіліс себептерінің бірі болды.И.Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді.
