Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих алтынай.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

88.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы

 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  «Қазақстан – 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағыттары белгіленген болатын. Жолдауда айтылғандай, біздің ендігі міндетіміз – қол жеткенді сақтай отырып, ХХІ ғасырда ұлттық экономикамыздың өсуін, орнықты дамуды жалғастыру.Елбасы Жолдауда жаңа ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне айрықша тоқталды. Олар Қазақстан үшін де, әрбір өңір үшін  де жаңа табыстарға жету жолында  мұқият ескерілуі керек.Биылғы Жолдау мемлекет дамуының 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеуімен ерекшеленеді деп есептеймін.«Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде беделді қоғам құру» деп атап көрсетті.«Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің  қатарында болуға тиіс» деп меже қойды  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.Осы тұрғыда  аудан бойынша нақты істерге тоқталар болсақ, өңірдің өсіп, дамуы үшін елді мекендерді газдендіру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобалар жоспарлы іске асырылуда. Осы орайда алға қойылып отырған міндет — бюджет қаражатын өз мүмкіндігіміз шегінде ғана  шығындау және тапшылықты барынша қысқарту, бюджет қаражатының ысырап болмауын басты назарда  ұстау. Жергілікті бюджеттің кіріс болжамын орындау, қосымша салық базасын  кеңейту жөнінде биылғы жылғы жұмыстарға талдау жасап, нақты ойластырылған шараларды белгілеу керек.Ауыл шаруашылық саласында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру – маңызды іс. Үстіміздегі жылы бірнеше шаруа қожалықтары басқа облыстардан асыл тұқымды бұқалар сатып әкелді. Шағын мал бордақылау алаңдары жобасын іске асыруға ниет білдірушілер бар. Сонымен бірге ауданда ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндіру, өңдеу жұмыстары кенже қалып отыр. Аққыстау селосындағы сүт өңдеу цехы, жылыжай цехы, көкөніс қоймасы жобаларының толық аяқталмауына байланысты кәсіпкерлерден аталған жобаларды жүзеге асыру сұралады. Ауданда егін өсіру жердің құнарсыздығына байланысты жолға қойылмай келеді. Алға қарай бұл мәселені де мамандармен бірлесіп, қолға алуымыз қажет деп есептеймін. Күні бүгін көкөніс түрлері толықтай басқа жерлерден тасымалданып әкелінеді. Бұның өзі оның бағасының жоғары болуына әсерін тигізуде.Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша алға қарай кәсіпорындар ашудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау еңбек нарығына бейімделген жүйе бойынша жүргізілуі керек. Елдің барлық аумағында сапалы да қолжетімді медициналық қызмет көрсету, білім беру саласына басымдылық бере отырып, жетілдіру міндеттері қойылды. Дәрігер кадрларды дайындау, басқа жерлерден кадр тарту, оларды тұрақтандыру үшін әлеуметтік пакеттерді іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізу міндеті тұр.

89.«Қазақстан-2050» стратегиясы. ХХІ ғасырдың жаһандықмәселелері.. Елдестіретін елшілер алдындағы келелі сөзді Мемлекет басшысы былтырғы жылдың маңызды жетіс­тіктерінен бастаған болатын. Шындығында, былтырғы жыл Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты, оның ішінде сыртқы саясат тарихындағы аса жемісті қадамдарымен ерекшеленді. Былтыр еліміздің өңірдегі һәм әлемдегі ұстанымы беки түсті. Жаһандық бәсекеге қабілетті елдер арасында 51-орынға көтерілдік. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан шетелдік инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ең үздік елдердің қатарына кірді. Өткен жылдың өзінде-ақ елімізге 20 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылып, БҰҰ кон­ференциясының индексі бойынша сауданы дамы­туда Қазақстан 23-орынға шықса, бизнесті жүргізу рей­тингінде 29-орындамыз. Аса қысқа мерзімде мұн­шалықты көрсеткішке жету – Қазақстаннан басқа ел­де болмаған жайт. Дәлелі айқын – әлемнің ең қар­қынды экономикасы бойынша алғашқы үштікте Қытай мен Катар және Қазақстан тұр. «Еліміздің халықаралық ұйымдардағы позициясы да айтарлықтай артты. 2012 жылы Қазақстан БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігіне сайланды. Бұл – еліміздегі адам құқы мен бостандығын сақтаудағы ілгерілеушіліктің де айқын дәлелі», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қазақстан ядролық қауіпсіздікке арналған Сеул саммитінде таратпау жөніндегі жаһандық қозғалы­сының лидері ретінде мойындалды. АҚШ пен Ресей секілді екі ядролық держава басшыларымен бірге Қазақстан Президентінің үшжақты келіссөзге қатысуы­ның өзі еліміздің антиядролық қозғалыстағы осынау орнын нақты көрсетсе керек. Бұл ретте Президент Нұр­сұлтан Әбішұлы ядролық энергетиканы бақылауда ұс­тауға қатысты қазақстандық бастаманың одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Жылды қорытындылай келе, Елбасы аса маңызды жетістік саналатын ЭКСПО-2017 мәселесіне де миссия басшыларының назарын аударды. Президент Қазақстан халқы атынан Астанаға қолдау білдірген ел басшыларына алғыс жолдап, шетелдердің іскерлік топтарын осынау ауқымды шараға ынтымақ­тасуға шақырды Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның сыртқы саясаты өңірлік, жаһандық қауіпсіздікті жан-жақты нығай­туға бағытталған болып қала беретінін жеткізді. Бұл ретте Қазақстан өзінің көр­шілерімен – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия және ТМД елдерімен әріптестікті одан әрі дамытуды ұстанады. «Орталық Азиядағы көршіле­ріміз әрқашан біздің сыртқы интегра­циялық және экономикалық саясатымыздың тірегі болып қала береді. Біз АҚШ пен ЕО, Азия мемлекеттерімен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыта түсеміз. Африка және Латын Америка­сының басты мемле­кеттерімен кең ауқымды өзара тиімді қарым-қатынастар орнатудың жақсы перспективалары ашыла түседі», – деді  Елбасы. Бұдан бөлек, Президент Қазақстан үшін түркі тілдес мемлекет­термен, ислам мемлекеттерімен ынтымақ­тастықты дамыту маңызды бағыт екендігін айтты. Осы бағытта түркі тілдес мемлекет­термен қа­рым-қатынас қазірдің өзінде қалыптасқан халықаралық бірлестік­тер аясында жалғасатын болады. Бұлар Түркі мем­лекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Астанада құрыл­ған Түркі академиясы болып табыла­ды. «Біз Алматы қаласында көптарапты дип­ломатияның Өңірлік орталығын қалып­тастыруға кірістік. Онда ұйымдар мен бағдарламалардың, қорлар мен БҰҰ ма­мандандырылған мекемелерінің өңірлік және субөңірлік мәртебесіндегі 16 өкілдігі қызмет етеді. Қазіргі таңда Халық­аралық даму агенттігін құру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл агенттік біздің көршілеріміз бен басқа да мемлекет­терге техникалық көмектер көрсетпек. Сондықтан да біз осындай орталықты Астанада немесе Алматы қаласында ұйымдастыруға әзір­міз», – деді Н. Назар­баев. Түйіндей айтсақ, Қазақстан Еуразия жүрегінің тыныштықта, қалыпты соғуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады.

90.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауының баға жетпес құндылығы - қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты - «Қазақстан - 2050» стратегиясын алдын-ала сарабдал сүзгіден өткізе, толымды талдаудың айқын үлгісі ретінде ұсынуы. Демек, «Қазақстан - 2050» стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт өлшемі. «Қазақстан - 2050» бағдарламасының түпкі межесі - еліміздің XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан ойып орын алуы. Әрине, бұл межеге жету жолында алға қойылған мақсат, міндеттер парадигмасына жаңа сапалық тұрғыдан қарау қажеттілігі туындайды. Бұл туралы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев мәлім етті.Оның айтуынша, Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Елбасы 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміздің қажеттілігін нұсқай келе, бұл ұлт болып шешуге тиіс көкейкесті мәселе екендігін және балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиістілігімізді орынды атайды. Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген әрбір ел патриотының еңсесін көтерер, көңілін марқайтар қағидалы тұжырым-түйіндерін сенімді де нық айты Елбасы Жолдауындағы қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру турасындағы айтылған ой-тұжырымдар да әбден қолдауға лайық. Ал Елбасының ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек, қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады деуін бір кісідей қолдауға тиіспіз. Тап осы бағыттағы тіл саясатына қатысты жоспарлы іс-шаралар М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да жүйелі жүзеге асырылуда. Биылғы 2012-2013 оқу жылынан бастап университетімізде халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылып, кешенді кең көлемді іс-шаралар ғылыми-әдістемелік тұрғыда қолға алынуда. «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы тіл саясатына қатысты тұжырымды-түйінді қағидаларды елеп-екшей келе, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы көптілді білім берудің нормативті-құқықтық базасын дайындау, көптілді білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуде арнайы мамандықтарға орай ағылшын тіліндегі оқулық, оқу құралдарын, үш тілді терминологиялық сөздіктерді әзірлеу, көптілді топтарда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге қатысты оқу-әдістемелік кешендерді даярлау бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Сондай-ақ орталықтың кәсіби филолог-тілші мамандардан құрылған ғылыми-әдістемелік кеңесі жоғары оқу орны оқытушылары мен студенттері үшін ағылшын тілі курстарын жүргізу, көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орнында көптілді топтар ашу, осы салаға қатысты мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуге бағыт беру, көптілді білім беруді енгізу мониторингісін саралай жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруда. Көптілді білім беруді теориялық-әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында көптілді білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындап, көптілділіктің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізуді жоспарлауда. Нәтижеде көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім мекемелерімен, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуға, университет студенттерімен, орта мектеп оқушыларымен көптілді оқу-тәрбиелік шаралар ұйымдастыруға басымдық берілуде. Университет тарихында тұңғыш рет ашылған халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының «Полиглот» атты басылымы университет ректоры, академик Асхат Иманғалиевтің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өрілген алғысөзімен алғаш рет жарық көрді. Енді бұл басылым ай сайын жарық көріп, студенттерге көптілді білім алудың құндылықтарын насихаттай бермек. Демек, көптілді білім беруді дамыту - көп қырлы мәселе. Бұл саланы қилы қырынан қарастыру - университет профессор-оқытушылар құрамының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Басты мақсат - көптілді және көп мәдениетті маман қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]