- •3) Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •9. Батыс Түрік қағанатының тарихы
- •10. Түргеш қағанатының тарихы.
- •13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті (vі-XII ғғ.).
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •21.Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •27.XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •29. Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
- •30. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •32.Хүіі-хүііі ғ. Басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.
- •34.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.
- •37) Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.
- •38. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
- •39.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •40. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.)
- •41.1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
- •42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.)
- •43. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •46.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. Өлкені
- •47. 1867-1868 Жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістері
- •49. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы
- •56 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •88.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы
17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
Талас Алатауының баурайларында Джуммшлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орталығы орналасқан Кеңжидс вкурігі құртады; Отырар коғамы аймағында. Кедер, Весидж бен Шаргар өңірінде — Яссы, Шағылжан, Қарнақ, Карашоқ, Сауран; Сырдарияның төменгі бойында — Сығанақ, Жент, Асанас, теріскей жоталтарда — Баладж бен Берукет қалалары IX ғ. — XII ғ. бас кезінде қалалық орталықтар қатарына қосылады.Жетісудың оңтүстік-батысындағы жаңа қалалар саны да өседі. Талас алкабында — бұл Балу, Шелжі, Текабкет, Кен-жек қалалары. Шу алқабында Баласағун бас қалаға айналады. IX ғ. XIII ғ. бас кезінде Жетісудың солтүстік-батысыңда қала мәденистінің жаңа ауданы құрылды. Орта ғасыр деректері Толхир, Лабан. Екі оғыз, Каялық қалаларын айтады. Осы кезенде отырықшылық және кала тірлігі Орталық Казақстанға да жайылады. Қалалар мен мсксн жайлар Жезді, Кеңгір, Сарысу алқаптары. Ұлытау баурайынан қоныс тебеді. Сол сияқты калалар Шығыс Казақстанда да, Ертіс бойында да пайда болады. Деректер қалалардың қимақтар меншігінде болғанын жазады. Олардың ішіндегі ең ірісі — хан (қаған) сарайы Имақия болған. Астанадан басқа Дамурия, Сарауыс, Банджар, Дахлан, Астур сияқты қалалар аталады. Қосынды-ордалы қалалар Батыс Казақстанда, Жайық алқабынан салынады. Олар оғыз-түріктер меншігі саналған. Қазба жұмыстары, өткен кезеңмсн салыстырғанда, оларды сату ісінде болған өзгерістер жайын көрсетеді. Сырдария бойындағы Құйрықтөбе қала жұртының оңтүстік-шығыс жағындағы XI ғ. мен XII ғ. бас кезінде жататын бірнеше иримның қабағы ашылғанды. Олардың арқасында 8—10 үй бар екен. Қазылған бір ирамның көсілтік мәні бар болып шықты: онда құмырашылар тұрған екен. Жетісудың теріскей-батысындағы. Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған.Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі кала Сығанақ. Казакстаның солтүстік мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Супақ-ата жұрты бар. Одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жеткен. Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Талғар қала жұртын қазғанда, қала оның орам-орам салынғаны анықталды. оның аумағы Құйрық төбедегіден екен. Жетісудың оңтүстік-батысындағы қалаларда тұрғын үйлердің, жаңа түрлері туады. Олардың ортақ сипаты — өстес-кіндіктес жоспар, мұнда тұрғынжай мен қоражайлар ауланың не залдың айналасына топтастырыла салынады. Ондай жоба қатардағы және бай үйлерге тән. Жстісудың солтүстік-шығысының XI—XII ғғ. қалалық тұрғын үйлері бізге Талғар қаласы қазбаларынан белгілі. Мұндағы үйлер бір типтес. Олар 44-6 тұрғынжай мен қора-қопсылардан, ауладан тұрған. Үйдің іргесі қойтастардан қаланған. Құрылыста пахса, қам-кесектер, қыш, ағаш қолданылған. Аулалар бітеу тас дуалдармен қоршалған. Олардың ішіндс қоралары, әрбір аттың бөлек тұрағы бар атқоралар болған. Талғардың кейбір үйлері аулаларында киіз үй тігетін де орын әзірленеді екен. Тұрғынжайлар мен мал қора-қопсысының, киіз үйлердің болуы Теріскей-шығыс Жетісу қалалары тұрғындарының өмірінде көшпелі мал өсіру дәстүрлсрінің сақталып қалғанынан хабар береді. Керамика қолөнерінде де ілгері басқандық байқалады. Ерте ортағасыр кезеңімен салыстырғанда, қолмен жапсырып, сылап-сипап жасайтын ыдыс-аяқтар үлесі күрт төмендейді. Құйма керамика пайда болады. Қазақстан қалаларында шыны бұйымдар жасау ісі IX ғ. жатады, ал алардың жаппай таралуы X—XI ғғ. жүзеге асады. Мұндай бұйымдардың кең жайылған түрі — графиндер, қумыралар, кеселер, зерендер, сапты аяқтар, шөлмектер еді. Шыныдан терезе әйнектері де жасалады. Каладағы аса маңызды кәсіптің бірі — темірші-ұста ісі болады. Темір бұйымдардың көптеп табылуы — осынау кәсіптің дамуынан, оның техникалық мүмкіндіктерінен хабар береді. Мыстан мүліктер жасайтын орындар қалалардың бәрінде де болған, өйткені мысты полиметаллар Қаратаудағы, Кырғыз, Талас, Іле, Жоңғар Алатау беткейлері болған.
