Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих алтынай.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

9. Батыс Түрік қағанатының тарихы

(603–704 жж.) БТқ - Түрік қ/ы ыдырап, 2ге бөлінуі нәт/де п б ерте ортағ/қ түркі/р мем/і. Тқ/да саяси-әлеуметтік қайшылық/ң шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөлік/де оқшаулану үрдіс/ң күшеюі, Шығ ж/е Бат қ/ң құрылуына алып келді.Орталығы Жетісу. Астанасы Суяб,жазғы ордасы Мыңбұлақ. БТқ алғ қағаны Тардуш. Аумағы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзен/ң төм ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуал/ға байл шекара өзгеріп тұрғанымен БТқ/ң нег/і аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісу өңірі болған. БТқ/ң халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған. Қағ/ң құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыз/ы,шігілдер, чомулдар (шөмекейлер), тухсилер, т.б. енді. БТқ/ң мемл басшысы –түріктің ашина руынан шыққан ақсүйек болған, қаған жоғ билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемл/ң ішкі ж/е сыртқы саяси іс/ң бәріне басшылық жүргізді, ру басшы/н тағайындады. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. Құрылым/ң ең төм.саты/ң тәуелді тобы “тат” д.а. “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжар/ы қарамағында таттар саны аз болмаған. БТқ/да көшп м.ш.басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзен/і бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айн/н. Орт Азия мен ШығТүркістандағы аймақ/р да БТқ/на қараған. Ұлы Жібек жол/ң БТқ/н басып өтуі мұнда қалалық мәд/ң өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қала/ы сауда, қолөнер орталық/ы ретінде әйгіленді. Жетісуда егінш/к мәд/і, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. БТқ/ң халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті.БТқ/ы Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемл/ң шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығ/ғы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғ ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытқан. Мұндай кең жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген.қағанатқа бағынышты ел/ге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында ол ел/ң саяси жүйесіне өзгеріс енгізбей,алым-салық қана жинаған. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Ішкі қайшылықтар болған.Тайпааралық соғыстар 17 жылға(640-657) созылды,қағанат әлсіреп, кейін БТқ/н Таң империясы659 ж басып алады.Таң имп/сы басқақ/ды — “қуыршақ қаған/ды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). БТқ/ң соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргеш/ң басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Түргеш қағанаты құрылды.

10. Түргеш қағанатының тарихы.

704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың территориясы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпаларда түргештердің құрамына енген. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның қолында болды. Үшелік қаған қағанатты 20 әкімшілік аймақтарға бөліп, әр аймақта 7 мыңнан әскер ұстады. 706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706-711 жж.) отырды. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сұлу-қаған (715-738 ж.ж.) билікке келеді. Оның тұсында Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сұлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақта арабтар 732 жылы түргештерді ығыстырып, Бұхара қаласын басып алады. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде сары және қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді.Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы жағдайды пайдаланған Қытай империясының Шығыс Түркістан-дағы билеушісі 748 жылы Суяб қаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісін жазаға тартады. Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде Зияд-ибн-Салық бастаған араб әскері мен Гао Сяньжи басқарған қытай әскерлері арасында 5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сәтте қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытай әскерлері ауыр жеңіліске ұшырады. Қытай әскері Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін де тастап өз иеліктеріне кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Талас өңірінде тұрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан іштей әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осыдан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды.

11.Қарлұқ қағанатының тарихы. Қарлұқ мемл.(756-940). 5ғасырдағы Қытай дерегінде болат немесе бұлақ деп аталғаны белгілі.7ғасырда бұлық,жікіл,ташлық тайпалары бірігіп қарлұқ бірлестігін құрады.741жылы ұйғырлармен одақтасып Шығыс Түрік қағанатын құлатқанымен ұйғырлардың қысымына шыдай алмай746қарлұқтар Жетісуға жылжыды.756 ЖЫЛЫ тҮркештерден билікті алады.Қарлұқтардың негізгі топтасқан жерлері Алтай тауы­-Балқаш көлі.Астанаксы Тараз,Баласұғын.2ғасыр бойы(170)қарлұқтар арабтар ға қарсы күрес жүргізіп отырды.840 ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлаған кезде,Білге Кул Қадырхан өзін хан деп жариялайды.Араб тарихшысы Әл Марвизи “Қарлұқтар 9тайпадан тұрады”деген.Қарлұқтардың 25қаласы болған.Және елді мекендері Тараз,Құлан,Мерки,Атлах,Талғар т.б.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200жылдай билік құрды.Қағанаттың әлсіреу себептері,мемлекет ішіндегі өзара ішкі тартыстар және билік үшін күрес.. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 6-13 ғғ. көшпелі және отырықшы мәдениет. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.

12.Қимақ мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер Өытай деректерінде кездеседі.Мекендеген жерлері Алтайдың солтүстігінде,Ертіс бойында.Қытай дерегінде яньмо деген атпен белгілі.Астанасы Қимақ,екінші астанасы Карантин(Алакөл маңы).Билеушісі қаған.Қимақтар құрамы тайпадан тұрады.Ең атақтылары:эймур,байандур,татар,ланиказ,ажлар,имек,қыпшҚағаннан екі саты төмен атақ ябғу.Билік мұрагерлікпен берілген.Жеке тайпа көсемдеін шад түтік деп атады.Саяси жағдайы:әскери қызметкерлердің беделі күшті болған.Сыр бойындағы оғыздармен бірге бейбіт,бірде соғыс жағдайында болған.10ғасырдан бастап қарахандықтардың шабуылы басталды.Қимақ қағанатының құлау себептері:ішкі тартыстың күшеюі,қыпшақ хандығының жиі шабуылы,көрші тайпалардың шабуылы.10ғасырдағы қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған.Қимақтардың басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Қимақтардың кейбір топтары қыста Жайық пен Жем арасын қыстап,жазда Ертіс жағасын жайлап жүрді.Оларда жылқы,қой,ешкі өсіру маңызы болған және олардың өнімдерін пайдаланған.Сонымен қатар,олар аң аулау,балықаулаумен де айналысқан.Қимақтардың кейбір топтарында отырықшы және жартылай отырықшы топтарда кездесті.Және олардың тағы бір шаруашылығы,егіншілік.Деректерге қарасақ олар,тары,бидай,арпа,және жүзім мен күріш өсіруде кездеседі.(9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті.Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды.840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]