Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomteor_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171 Кб
Скачать
☆

38 Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер

Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды. Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

ЖҰӨ-ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды. Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.

ЖІӨ-ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады. Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады. Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.

Таза экономикалық табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді. ЖҰӨ мен экон/қ тұмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары болады.

39. Экономикалық өсудің мәні, түрлері

Экон-қ өсу дег-бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экон-қ өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экон-ң дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың , нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Экон-қ өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экон-қ даму процесінің бір нысаны болып табылады. Экон-қ өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экон-қ өсуге жету мүмкін емес. Сонымен экон-қ өсу бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экон-қ элементтердің даму бағыты. Сонымен қатар экон-қ өсу-бұл номиналды және нақты ЖІӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экон-қ қуатының артуының негізі. Сондықтан экон-қ өсу мемл-ң экон-қ саясатының басты мәселесі болып табылады.экон-қ өсу өндіріс көлемімен сұраныс өсетін экон-ң жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Өсу факторлары-экон-қ өсудің түпкілікті элементтері. Экон-қ өсу факторлары былай бөлінеді: 1.тұрғындар. 2. капитал салу. 3.инновациялар. 4.сыртқы айырбас. Экон-қ өсуге әсер ететін факторлар тікелей(экон-қ өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды) және жанама(физ-қ қабілеттің асу мүмкіншілігіне әсер етеді) болып бөлінеді. Тікелей факторлардың құрамына бес негізгі фактор кіреді:1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру. 2.негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру. 3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру. 4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату. 5.қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру. Ал жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресустарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады. Экон-қ өсуді екі негізгі типке бөледі. 1.экстенсивті. 2. интенсивті. Экстенсивті және интенсивті экон-қ өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. өсу факторларын ғылыми техникалық процесс жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына н/е жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экон-қ өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті н/е интенсивті өсу қарқыны денп бөлінеді. Қазіргі уақытта экон-қ өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байл екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]