- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •3.Экономикалық категориялармен заңдар.
- •4.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •5 Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі
- •6.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі
- •7. Қоғамдық шаруашылықтың формалары
- •9. Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •10 Тауар және оның қасиеттері
- •11.Ақшаның мәні және қызметтері
- •12.Ұлттық валютаның шығу тарихы және дамуы.
- •13 Құн теориялары
- •14. Рыноктың (нарықтың) мәні және қызметтері
- •15. Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •16.Рыноктың инфрақұрылымы.
- •17. Рынок (нарықтық) механизмдері, элементтері.
- •18 Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар
- •19.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •20.Бәсеке-рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі.
- •22. Нарықтық тепе-теңдік, теңсіздікке ұшырау себептері.
- •Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •24. Кәсіпкерлік қызмет: мәні, белгілері және атқаратын қызметтері
- •25. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
- •26. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары
- •27. Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі
- •28. Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндіріс шығындары,олардың түрлері және ерекшеліктері.
- •31. Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32. Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік
- •33 Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы
- •34. Капитал нарығы, пайыздық табыс
- •35. Еңбек ақы формалары, мәні
- •36 Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері
- •37. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Жіө есептеу әдістері
- •38 Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер
- •39. Экономикалық өсудің мәні, түрлері
- •40. Экономикалық цикл және экономикалық дағдарыс
- •41 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсудің факторлары мен типтері.
- •43 Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері
- •44.Инфляцияның мәні,түрлері,типтері,пайда болу себептері.
- •45.Жұмыспен қамту жүйесіндегі мемлекеттік саясат
- •47. Меншіктің экономикалық мазмұны, меншіктің объектілері мен субъектілері.
- •48. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •49 Экономикалық цикл, оның фазалары
- •50. Аралас экономика түсінігі, ерекшеліктері
- •51. Қр меншік қатынастарының өзгеруі
- •52. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •53.Мемлекеттің қаржы жүйесі және ақша-несие саясаты.
- •54.Мемлекеттік бюджет – қаржылық жүйенің орталық түйіні ретінде
- •55.Ақша жүйесі мен оның элементтері
- •56.Фискальды саясат, мәні, мазмұны
- •57.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •58.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері
- •59.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
53.Мемлекеттің қаржы жүйесі және ақша-несие саясаты.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:Рестрикциялық ақша-несие саясаты;Экспанцондық ақша-несие саясаты.Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.
АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):
ашық нарықтағы операциялар;
міндетті резервтік талаптар;
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі— ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.
