- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •3.Экономикалық категориялармен заңдар.
- •4.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •5 Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі
- •6.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі
- •7. Қоғамдық шаруашылықтың формалары
- •9. Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •10 Тауар және оның қасиеттері
- •11.Ақшаның мәні және қызметтері
- •12.Ұлттық валютаның шығу тарихы және дамуы.
- •13 Құн теориялары
- •14. Рыноктың (нарықтың) мәні және қызметтері
- •15. Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •16.Рыноктың инфрақұрылымы.
- •17. Рынок (нарықтық) механизмдері, элементтері.
- •18 Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар
- •19.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •20.Бәсеке-рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі.
- •22. Нарықтық тепе-теңдік, теңсіздікке ұшырау себептері.
- •Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •24. Кәсіпкерлік қызмет: мәні, белгілері және атқаратын қызметтері
- •25. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
- •26. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары
- •27. Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі
- •28. Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндіріс шығындары,олардың түрлері және ерекшеліктері.
- •31. Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32. Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік
- •33 Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы
- •34. Капитал нарығы, пайыздық табыс
- •35. Еңбек ақы формалары, мәні
- •36 Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері
- •37. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Жіө есептеу әдістері
- •38 Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер
- •39. Экономикалық өсудің мәні, түрлері
- •40. Экономикалық цикл және экономикалық дағдарыс
- •41 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсудің факторлары мен типтері.
- •43 Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері
- •44.Инфляцияның мәні,түрлері,типтері,пайда болу себептері.
- •45.Жұмыспен қамту жүйесіндегі мемлекеттік саясат
- •47. Меншіктің экономикалық мазмұны, меншіктің объектілері мен субъектілері.
- •48. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •49 Экономикалық цикл, оның фазалары
- •50. Аралас экономика түсінігі, ерекшеліктері
- •51. Қр меншік қатынастарының өзгеруі
- •52. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •53.Мемлекеттің қаржы жүйесі және ақша-несие саясаты.
- •54.Мемлекеттік бюджет – қаржылық жүйенің орталық түйіні ретінде
- •55.Ақша жүйесі мен оның элементтері
- •56.Фискальды саясат, мәні, мазмұны
- •57.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •58.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері
- •59.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
6.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі
Өндіріс нәтижесінде қоғамда өнім немесе игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім – бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады. Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді. Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамнаң мақсатты іс - әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр. Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адмның мақсатты іс - әрекеттері. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда және басқаруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек, ал ол кезегінде өндірістің төртінші факторы болады.
Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы— жұмыс күші және өндірістің заттық факторы — еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады. Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады. Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды. Онын тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы анықтайды. Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді. Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін, формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді. Өндірісті ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін, олардың сан жағынан сәйкес болуын, т.б. көздейді.Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болыптабылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.Кәсіпкерлік қабілет — адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді. Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды , олардың жарақаттандырылуы тікелей сапасына , жетілдіру жіне еңбек құралдарының іс ірекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорының өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда бұдан өндірістік қуатты еңбек ңұралдарының өндірістік техникалық параметірлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын еспке алмай ақ анықтауға болады деген қортындыға келісуге болмайды. Сонымен, өндірістік қуат эконоикалық санат ретінде ен көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері - машиналар және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды . Қндірістік қуаттың мәні толық ашылады егерде оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының берсені ретінде қаралатын болса.Барлық жағдайларды бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділік қамтамасыз ететін машиналар , техникалар және жабдықтарды таңдап алу;қажетті құрал жабдықтардың қолайлы құрамын табу.Қазырғы кезде қандай болмасын жұмыстардсы өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды . сондықтан
белгіленген жұмыс бағдарламасы әрі сапалы , әрі өз уақытысында орындалуын қамтамасыз еткен жөн.Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдстыру және ықпалдастыру процестері күрделі және көптеген фактроларға тәуелді. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуатын пайдалануды жақсартуды іздестіру міндетін қояды . Сондықтанда , қолданыстағы кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан екі фактор ықпал ететін бірынғай объект – кәсіпорынның өндірістік қуатын ( бөлімшелер ). Бұлардың арасындағы айырмашылық - факторлардың бір бқлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші өлігі - оны пайдалануды жақсарту резервін анықтайды.
