- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •3.Экономикалық категориялармен заңдар.
- •4.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •5 Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі
- •6.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі
- •7. Қоғамдық шаруашылықтың формалары
- •9. Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •10 Тауар және оның қасиеттері
- •11.Ақшаның мәні және қызметтері
- •12.Ұлттық валютаның шығу тарихы және дамуы.
- •13 Құн теориялары
- •14. Рыноктың (нарықтың) мәні және қызметтері
- •15. Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •16.Рыноктың инфрақұрылымы.
- •17. Рынок (нарықтық) механизмдері, элементтері.
- •18 Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар
- •19.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •20.Бәсеке-рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі.
- •22. Нарықтық тепе-теңдік, теңсіздікке ұшырау себептері.
- •Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •24. Кәсіпкерлік қызмет: мәні, белгілері және атқаратын қызметтері
- •25. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
- •26. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары
- •27. Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі
- •28. Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндіріс шығындары,олардың түрлері және ерекшеліктері.
- •31. Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32. Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік
- •33 Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы
- •34. Капитал нарығы, пайыздық табыс
- •35. Еңбек ақы формалары, мәні
- •36 Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері
- •37. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Жіө есептеу әдістері
- •38 Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер
- •39. Экономикалық өсудің мәні, түрлері
- •40. Экономикалық цикл және экономикалық дағдарыс
- •41 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсудің факторлары мен типтері.
- •43 Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері
- •44.Инфляцияның мәні,түрлері,типтері,пайда болу себептері.
- •45.Жұмыспен қамту жүйесіндегі мемлекеттік саясат
- •47. Меншіктің экономикалық мазмұны, меншіктің объектілері мен субъектілері.
- •48. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •49 Экономикалық цикл, оның фазалары
- •50. Аралас экономика түсінігі, ерекшеліктері
- •51. Қр меншік қатынастарының өзгеруі
- •52. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •53.Мемлекеттің қаржы жүйесі және ақша-несие саясаты.
- •54.Мемлекеттік бюджет – қаржылық жүйенің орталық түйіні ретінде
- •55.Ақша жүйесі мен оның элементтері
- •56.Фискальды саясат, мәні, мазмұны
- •57.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •58.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері
- •59.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
42.Экономикалық өсудің факторлары мен типтері.
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
43 Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері
Жұмыссыздық – еңбек рыногының құрамдас элементі болып табылады. Жұмыссыздықтың типтері: 1. Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болады. Олар: жаңа технологиялар, жаңа тауарлардың пайда болуы. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Экономиканың бір секторынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айрылған жұмыскерлер басқа саладағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады.
3. Маусымдық жұмыссыздық - өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады.
4. Циклдық жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Ол экономикалы коньюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар кезінде көбейіп отырады.
Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты «табиғи» деңгейден жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ-та жиырмасыншы ғасырдың соңында 6-7 пайыз болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен.
Жұмыссыздық рыноктық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
